Трамп Зеленскийге риза, Путинге разы емес

Ол соңғы уақытта Мәскеуді Украинаға соққы жасамауға шақырып келеді.   

Трамп Зеленскийге риза, Путинге разы емес Фото: glavred.info

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да бейбіт келіссөздерге ыңғай жасалмаса, Вашингтон ортадағы делдалдықты доғаратынын ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рубионың сөзіне Ресей билігі де жауап беріп үлгерді. 

Ал Трамптың сөзінше, Ватиканда Владимир Зеленскиймен өткізген әңгіме өз деңгейінде өткен. Ол "украин президенті Қырымнан бас тартуға дайын ба?" деген сұраққа "иә" деп бас изеген.

Нью-Джерси штатында БАҚ өкілдеріне берген жауабында Трамп Ресейдің Украинаға жасаған шабуылдарына көңілі толмайтынын айтқан.

– Мен Путиннің оқ атуды доғарып, келісімге қол қоюын қалаймын. Біз келісімге келетін жағдайдамыз деп ойлаймын. Ол келісімге қол қойып, соғысты тоқтатып, қалыпты өмірге оралуы керек, – деді ол.

Өткен аптада АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісінде Ресей президентін сынап, соңғы күндері бейбіт қалаларға зымыран соққыларын жасауын құп көрмейтінін жеткізген.

– Бұл оның соғысты тоқтатқысы келмейтінін, керісінше, мені алдап жүргенін білдіруі мүмкін. Сондықтан, онымен енді басқаша: қаржылық немесе екінші деңгейлі санкциялар арқылы әрекет ету керек, – деп ашуланды Трамп.

Оның бұл пікірі Ватиканнан оралғаннан кейін айтылған. Еске салайық, ол сенбі күні Рим папасының жерлеуіне дейін Зеленскиймен қысқа кездесу өткізген еді.

– Менің ойымша, кездесу жақсы өтті. Келесі бірнеше күнде не болатынын көре жатармыз. Мүмкін, көп нәрсе анық болар. Мен Ресейдің зымыран соққыларына қатты наразы болдым, – деген ол ұшақ баспалдағында келе жатып тілшілерге.

АҚШ президенті Зеленскийдің бейбіт келісімге келуге ынталы екенін алға тартты.

"Ол маған сабырлырақ көрінді. Ол жағдайды түсініп отыр және келісім жасағысы келеді деп ойлаймын. Зеленский маған "тағы да қару керек" деді, бірақ ол бұл туралы соңғы үш жылдан бері айтып келеді. Не боларын көре жатармыз", – деп қосты Трамп.

Осыған дейін Трамптың Путинмен кездесуді жоспарлағанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу