Трамп Мәскеуге ренішін білдірді

АҚШ президентінің сөзінше, соғыстан аптасына 5 мың сарбаз қаза тауып жатыр. 

Трамп Мәскеуге ренішін білдірді Фото: Gazeta.uz

Дональд Трамп Владимир Путиннің Украинаға шабуылын тоқтататынына сенімді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол Ақ үйде Норвегия Премьер-министрі Йонас Гармен кездесу кезінде Ресейге қатысты журналист сұрағына жауап берген. 

"Путин Украинаға қарсы шабуылдарын тоқтататынына деп сенесіз бе?" деген сұраққа Трамп "Иә, сенемін" деп жауап қатқан. 

Трамп аталған кездесу барысында БАҚ өкілдеріне қысқаша мәлімдеме жасады. Ол Ресей мен Украина арасындағы процестің келісіммен аяқталуына қатысты ой-пікірін айтты. 

– Менің бұл мәселеге қатысты нақты мерзімім бар, біз оның тез жүзеге асқанын қалаймыз, – деді ол.

АҚШ президенті содан соң Truth Social әлеуметтік медиаплатформасында Киевке жасалған шабуыл туралы хабарлама жариялады. Ол Ресейдің Киевке жасаған шабуылына көңілі толмайтынын айтып, "Владимир, тоқтат! Аптасына 5 мың сарбаз қаза тауып жатыр" деп жазды. Осылайша, АҚШ президенті бейбіт келісімге қол қоюға шақырды.

Бұған дейін Трамптың Путинмен кездесуді жоспарлап отырғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу