Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

9413
Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы

Бауыржан Байбек 1974 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 

Білімі:

1998 ж. – Любек қаласындағы жоғары музыка мектебін бітірген.

2002 ж. – Орталық Азия университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолы:

1999-2002 жж. –  Майндағы Франкфурт қаласы ҚР Бас консулдығының референті, атташесі - ГФР-дағы ҚР Елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы.

2002-2006 жж. –  ҚР Президенті Әкімшілігінде әртүрлі қызметтер атқарған, жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті хаттамасының бас инспекторы.

2006-2009 жж. – Қазақстан Республикасы президентінің хаттама жетекшісі. 

2009-2013 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.

2013-2015 жж. – «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

2015 жылдың 9 тамызынан бастап – 2019 жылдың 28 маусымына дейін – Алматы қаласының әкімі, 2019 жылдың 17 маусымында осы лауазымға қайта сайланған.  

2019 жылдың 29 маусымынан бастап – Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Басқа қызметтері:

2008 жылдан бастап –  ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының президенті.

Мемлекеттік наградалары:орденьдері: «Құрмет» (2008), «Парасат», медальдары: «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011),«Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; ҚР Президентінің алғыс грамоталарымен (2001, 2010) марапатталған.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу