Қошанов Ерлан Жақанұлы
Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы
51357 23.09.26, 15:00
Ерлан Қошанов 1962 жылы 14 тамызда Жезқазған облысында дүниеге келген.
Білімі:
1984 ж. – Қарағанды политехникалық институтын тәмамдаған.
1999 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясы.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын «Жезқазғантүстіметалл» ҒӨБ байыту фабрикасының слесарі, шебері болып бастаған.
1988-1990 жж. – ҚЛКЖО Жезқазған облыстық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі.
1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық сыртқы-экономикалық байланыс комитетінің жетекші, бас маманы, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары, төрағасы.
1995 ж. – Жезқазған облыстық сыртқы-экономикалық байланыс комитетінің төрағасы.
1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты.
1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкімет өкілі.
2001-2003 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкімет өкілі.
2003-2006 жж. – ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі.
2006-2007 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі азаматтық авиация комитетінің төрағасы.
2007-2012 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - Үкіметтің Парламент Мәжілісіндегі өкілі.
2012 жылдың 2 ақпанынан – 2017 жылдың 14 наурызына дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысы.
2017 жылдың 14 наурызынан – 2019 жылдың 18 қыркүйегіне дейін – Қарағанды облысының әкімі, 2019 жылдың 17 маусымында осы лауазымға қайта тағайындалды.
2019 жылдың 18 қыркүйегінен бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.
2022 жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы.
«AMANAT» партиясының Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі Фракция жетекшісі.
2022 жылдың 26 сәуірінде «АМАНАТ» партиясының төрағасы болып сайланды.
2023 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің спикері болып қайта сайланды. 2026 жылдың шілде айына дейін VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болды.
2026 жылғы 23 қыркүйектен бастап бұрынғы Мәжіліс спикері жаңадан құрылған Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасы қызметіне Е. Қошановтың кандидатурасын ұсынған болатын.
Мемлекеттік наградалары: «Парасат», «Құрмет» ордендері, мерейтойлық медальдар.