Құрманғали Берік Уәлиұлы
ҚР президентінің баспасөз хатшысы
13195 29.03.22, 12:08
Берік Құрманғали 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі:
Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті.
Еңбек жолы:
1997-2000 жж. – «Таң» телекомпаниясында «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының тілшісі. Кейін «НТК» телеарнасында «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының редакторы.
2000-2007 жж. – жауапты редактор, бас редактор, «31 арнада» «Информбюро» ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі.
2009-2012 жж. – «Нұр Медиа» сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталықтың басшысы .
2012-2015 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы.
2015-2016 жж. – «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі.
2018-2019 жж. – Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасы басшысы.
2019 жылдың 22 наурызынан – ҚР президентінің баспасөз хатшысы
Басқа:
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
Сондай-ақ «Еркін сөз» бағдарламасының авторы, «Хабар» телеарнасындағы «Бетпе-бет», «Дода» қоғамдық-саяси ток-шоу жүргізушісі, «Аманат» зияткерлік клубының жетекшісі.