Марат Талғатұлы Омаров
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы
11099 28.11.22, 11:16
Марат Талғатұлы Омаров 1988 жылы 20 қыркүйекте дүниеге келген.
2010 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша британиялық Йорк университетін, 2011 жылы Лондон экономика және саясаттану мектебінің (LSE) магистратурасын бітірген. "Әлеуметтік ғылымдар магистрі" мамандығын алған.
Еңбек өтілі:
2012-2014 жж - Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрінің (кейіннен – экономика және бюджеттік жоспарлау, ұлттық экономика) кеңесшісі.
2014-2016 жж - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары.
2016-2017 жж - «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры.
2017-2019 жж - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы, трансформациядан кейін – «QazTech Ventures» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) басқарма төрағасы.
2019-2020 жж - «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры – басқарма мүшесі (05.);
2020 жылдан - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары.
2022 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, 2022 жылдың 28 қарашасында қайта тағайындалды.