Шәпкенов Серік Жамбылұлы
Атырау облысының әкімі
16821 01.12.22, 10:50
Серік Жамбылұлы 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қаратөбе кентінде дүниеге келді.
Білімі:
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген, экономист-математик.
Еңбек өтілі:
2000 ж. - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы. 2001 ж. - Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы. 2002 жылдың маусымынан - Батыс Қазақстан облысы Қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан - бас маманы.
2006 жылдың қаңтарынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторлы дамыту бөлімінің бастығы.
2006 жылдың наурызынан - БҚО Ауыл шаруашылық департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы.
2007 жылдың қаңтарынан - БҚО Ауыл шаруашылық департаменті директорының орынбасары.
2007 жылдың қазанынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары.
2009 жылдың қыркүйегінен - Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.
2014 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2016 жылдан - Атырау қаласының әкімі.
2018 жылдан - Атырау облысы әкімінің орынбасары.
2020 жылдан – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.
2021-2022 жылдары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Атырау облысының әкімі болып тағайындалды, 2022 жылдың 1 желтоқсанында осы лауазымға қайта тағайындалды.