Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы

Ақтөбе облысының әкімі  

23494
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы

Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда дүниеге келген. 

Білімі:

1988 ж. – Е. А. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген , құқықтанушы.

1994 ж. – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтын тәмамдаған.

Заң ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы. 

Еңбек жолы:

1988-1991 жж. – Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің мемлекет пен құқықтың теориясы және тарихы кафедрасының оқытушысы.

1991-1994 жж. – ҚР ҒА Мемлекет және құқық институтының аспиранты, ғылыми қызметкері.  

1994-1996 жж. – Қазақ гуманитарлық-заң университетінің мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық  факультетінің аға оқытушысы,  деканының орынбасары.

1997-1999 жж. – Қазақ гуманитарлық-заң университетінің мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық факультетінің деканы.

1999-2001 гг. – «Қазақ мемлекеттік заң академиясы» РКҚК Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры

2001-2006 жж. – Қарағанды облсы әкімінің орынбасары.

2006-2008 жж. – ҚР Әділет министрлігінің дін жөніндегі комитетінің төрағасы.  

2008-2017 жж. – Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.  

2017 жылдың наурызынан – 2019 жылдың 13 маусымына дейін – Маңғысиау облысы әкімі. 

2019 жылдың 16 қыркүйегінен – 2020 жылдың 11 ақпанына дейін -  Қазқастан Республикасы кәсіподақ федерациясының төрағасы.  

2020 жылдың 11 ақпанынан – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары

2022 жылғы 31 тамыздан Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. 2022 жылдың 1 желтоқсанында Президент Жарлығымен осы лауазымға қайта сайланды.

Мемлекеттік наградалары: «Достык» II дәрежелі ордені, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медалі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу