Ысқақов Қуанышбек Досмайлұлы

Қызылорда облысының әкімі 

8281
Ысқақов Қуанышбек Досмайлұлы

Қуанышбек Ысқақов 1968 жылы 15 наурызда дүниеге келген. 

Білімі:

Қызылорда агроөнеркәсіптік кешен инженерлері институтын «инженер-құрылысшы»,

1998 жылы Қызылорда политехникалық институтын «бухгалтер-экономист»,

2007 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «заңгер»мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолы:

Еңбек жолы Қызылорда қаласындағы салық органдарында бастаған.  

2000-шы жылдары Қызылорда және Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген. Кейін осы облыстардың Салық комитетін басқарған.    

2011-2012 жж. - Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2012-2015 жж. – Маңғыстау  облысы бойынша Салық департаментінің бастығы. 

2015-2019 ж. – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, экономика, қаржы, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік өорғау мәселелерімен айналысқан

2019 жылдың 28 маусымынан бастап – Қызылорда облысының әкімі.   

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу