Авиаотын нарығы тұрақтана ма?

Авиаотын нарығындағы құбылмалылықты биржа саудасы тұрақтандыра ала ма? 

Авиаотын нарығы тұрақтана ма?

22 қыркүйекте еліміздің тарихында алғаш рет реактивті қозғалтқыштар отыны биржаға шыға басталды. Осыған орай авиакеросин саудасының нәтижелерін талдап көрейік.

1. Бағаларды қай жерден қараймыз? 

Біз күн сайын бұқаралық ақпарат құралдары тарататын қор индекстері мен мұнай бағаларын қарауға дағдыланғанбыз. Сондықтан мұнай фьючерстері қаншаға сатылады, биткоин бағасы қалай өзгереді және S & P500 индексі қанша пайызға өсті/төмендеді дегенді бәрі білетін шығар. Дегенмен, қазақстандық биржа индикаторларын бақылап отыру әдеті бізде әлі қалыптаспағанын айта кетпей болмайды.
Мысалы, мен аптасына бір рет ets.kz сайтын шолып шығуға тырысамын және әр түрлі тауарлар бойынша сауда нәтижелерін зерттеймін. Мұны SMS-хабарлама немесе онлайн режимде тіркеусіз көруге де болатынын еске салайын.
Жанар-жағармай бойынша негізгі көрсеткіштер ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің телеграм-арнасында жарияланады. 

2. Есепке жүгінсек

Энергетика министрлігінің шешіміне сәйкес, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің биржалық комитеті аккредиттеген реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды қыркүйекте тауар биржасы арқылы жалпы көлемінің 5%-ынан бастап, қазанда оны 10%-ға дейін ішкі нарыққа жеткізуді жоспарлап отыр. 

Тәжірибесі мен ресми мәртебесі (заңнамада айқындалған) бар сатушылар мен сатып алушыларға авиаоттын биржасына қатысуға рұқсат берілді.
Сондай-ақ тұтынушыларға тікелей жеткізу практикасын жетілдіру мақсатында әуежайлар мен авиациялық компаниялардың отын сатып алу мүмкіндігі ұсынылатын болады. Бұл, менің ойымша, нарықты ырықтандыру мен ашық бағаларды қалыптастырудағы елеулі прогресс болып табылады. 

Мәмілелердің жалпы көлемі 131 млн теңге айналымы кезінде 585 тоннаны құрады, орташа өлшенген баға 223 911 теңгені құрады. Сатып алуға деген өтінімдер саны сатуға арналған өтінімдерден 75% асып түсті, бұл мұнай өнімдерінің осы секторының жоғары өтімділігін көрсетеді. Бұл ретте ең төмен орташа өлшенген баға (тоннасына 223 300 теңге) Атырау мұнай өңдеу зауытында қалыптасты. "ПетроКазахстан Ойл Продактс" пен Петропавл мұнай-химия зауытында бір тоннасына 224 400 теңгені құрады. 

Орташа алғанда, ұшақтар сағатына шамамен 3-5 тонна авиаотын жұмсайды, яғни 585 тонна шамамен 70 сағаттық рейске жетеді. 

Есептейік: ұшақта 50 мың теңгеден билет сатып алған 200 адам бар делік, бұл авиакомпанияға кемінде 10 млн. теңге әкеледі. Іс жүзінде бұл сома жоғары болуы да мүмкін, өйткені багаж, жүк тасымалы және т. б. бар. Ұшақ 2 сағат ішінде, шамамен, 8 тонна авиаотын жұмсайды, яғни түсімдегі отын үлесі шамамен 20% болады. Әртүрлі күнделікті тауарлар мен қызметтердің қанша тұратынын және "салмағын" түсіну үшін осындай шағын есептеулер жүргізіп тұру керек. 

3. Бәрі қалай басталып еді?

Біздің зауыттарымыз ішкі нарықтың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмағандықтан, біздің мұнай өңдеу зауыттарымыз жаңғыртылғанға дейін ел Ресейден шамамен 60-70% авиаотынды импорттаған. Жылына 600-700 мың тонна тұтыну кезінде шамамен 400-500 мың тонна Ресей Федерациясынан әкелінді. Қазір біз нарықты толық қамтамасыз ететіндей болдық, бұл, әрине, баға жағынан импортқа тәуелділік пен валюталық ауытқу мәселелерін алып тастайды (өндірістік қуаттардың ең жоғары деңгейі қазір шамамен 900 мың тоннаны құрайды). 

Әрине, 2020 жыл бұл нарық үшін қолайсыз болды (өндіріс 400 мың тоннадан асты), бірақ 2021 жылы жағдай түзетілді. Қазақстандық авиаотын нарығы 2023 жылы 2019 жылғы дағдарысқа дейінгі деңгейге шығуы ықтимал. 

Алдыңғы жылдары авиаотын нарығы турбуленттілікке кезең-кезеңімен лақтырып отырды: мысалы, 2020 жылғы қазан-қарашада Нұр-сұлтан қаласының әуежайы авиаотынның тапшылығы туралы мәлімдеді, дегенмен уәкілетті мемлекеттік органдар мен "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы тұрақты жағдай туралы ресми түрде хабарлады. Менің білуімше, тапшылық болған жоқ, бірақ мұндай жағдайлар қазақстандық нарықта жиі қайталанып отырды. 

4. Өстік, бірақ ұшып кетпедік

22 қыркүйекте сауда-саттық басталған базалық баға тоннасына 220 мың теңгені құрады, яғни сауда-саттық нәтижелері бойынша орташа өлшенген баға 1,8% өсті. 
Егер бұрын нарыққа қатысушылар мезгіл-мезгіл қиындықтар туындағанын мәлімдеп жататын болса, қазір биржалық комитет жіберген кез келген компания сауда-саттыққа қатыса алатындай ашық нарық қалыптасты. 

Биржа индикаторларын қалыптастырудың ашықтығынан авиаотын саудасы секторы дұрыс дамып, нарықтағы баға белгілеу алгоритмі түсінікті бола түсті.

P. S. Сауданың соңы нарықтық факторларға (сұраныс пен ұсынысқа) байланысты бағаның өсуі немесе төмендеуімен аяқталуы мүмкін екені бәріне мәлім. Бірақ биржа арқылы авиаотын бағасы төмендесе, авиабилеттердің бағасы қоса төмендей ме, мәселе сонда?..

 

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу