Егер медициналық көмек тіпті бір тәулікке кешіксе, бұл ауру толық және қайтымсыз соқырлыққа әкеледі. AYALA қоры мен KAZ Minerals тобының «Шығыстүстімет» компаниясының серіктестігінің арқасында бұл медициналық орталық офтальмоскоп алды.
Офтальмоскоп облыстық перинаталдық орталықтың катамнез кабинетіне берілді. Ол көру патологиясы бар нәрестелерді үйлеріне шыққаннан кейін динамикалық бақылауды қамтамасыз етуге көмектесті. 500-ден астам сәби қажетті тексеруден өтті.
Бұдан басқа, «Шығыстүстімет» компаниясы шала туған балаларда ретинопатияның агрессивті түрін емдеуге қажетті «Луцентис» препаратының 15 ампуласын сатып алуды қаржыландырды. Барлық ампулалар осы орталықтың жаңа туған пациенттерінің көру қабілетін сақтау үшін пайдаланылды.
«Шығыстүстімет» ЖШС-нің персонал жөніндегі директоры Вячеслав Юрьевич Якупов: «Біз Абай облысындағы жаңа туған нәрестелердің денсаулығын сақтауға қолдау көрсетіп, олардың көру қабілеті бойынша мүгедек болуына жол бермеуге дайынбыз. Балалар денсаулық сақтау саласындағы қайырымдылық жобалар – бұл еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған компанияның әлеуметтік бастамаларының маңызды бөлігі».
AYALA қорының президенті Айдан Сүлейменова: «Біздің қор 18 жылдан бері әрбір жаңа туған балаға салауатты және толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беру үшін мемлекеттік медициналық мекемелерге жабдықтармен көмектесуде. KAZ Minerals тобының «Шығыстүстімет» компаниясына жүздеген баланың тағдырын жақсы жаққа өзгертетін жобаға көмектескені үшін алғысымды білдіремін» деп атап өтті.
Бұған дейін Семей қаласының Облыстық перинаталдық орталығы AYALA қорынан 70 миллион теңгеден астам сомаға ретиналды камера, офтальмологиялық лазер және автоматты гипотермияға арналған аппараттық кешен алған болатын. Бұл көмек Абай облысындағы жүздеген нәрестенің функционалдық денсаулығын сақтауға көмектесті.
2022 жылдан бастап «Әлемді көремін» қайырымдылық жобасы аясында AYALA қоры еліміздің 23 медициналық мекемесін 12 ретиналды камерамен, 6 лазерлік қондырғымен, 17 офтальмоскоппен және 163 ампула «Луцентис» препаратымен жарақтандырды. Бұл жаңа туған нәрестелерді ерте офтальмологиялық скринингпен қамтуды арттыруға және Қазақстанда шала туған балалар арасындағы көру бойынша мүгедектікті іс жүзінде нөлге дейін төмендетуге көмектесті.