Валюта болжамы: 10 мамыр – 14 мамыр

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
426,300

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
09.5.2021
425-428
ГК «ФИНАМ»
09.5.2021
424-428
Forex Club
09.5.2021
427-429
SoftLink
09.5.2021
422-431
Swissquote Bank
09.5.2021
422-427
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,748

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
09.5.2021
5,65-5,75
ГК «ФИНАМ»
09.5.2021
5,70-5,85
Forex Club
09.5.2021
5,7-6
SoftLink
09.5.2021
5,58-5,85
Swissquote Bank
09.5.2021
5,6-5,8
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
515,800

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
09.5.2021
515-520
ГК «ФИНАМ»
09.5.2021
510-520
Forex Club
09.5.2021
514-516
SoftLink
09.5.2021
511-523
Swissquote Bank
09.5.2021
512-517
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
66,050

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
09.5.2021
65-66,50
ГК «ФИНАМ»
09.5.2021
65,85-66,15
Forex Club
09.5.2021
66-66,3
SoftLink
09.5.2021
65,8-66,8
Swissquote Bank
09.5.2021
65,9-66,2

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (10 мамыр – 14 мамыр).

10 мамыр – 14 мамыр

 

3 мамыр – 7 мамырға арналған валюта болжамы

 

 

 

Мамыр айының басында теңге бағамына әдеттегідей мұнай бағасы мен доллар индексі әсер етеді. Қазір шикізат нарығы АҚШ пен Еуропалағы сұраныс көлемі, Үндістандағы эпидемиологиялық жағдай, Қытай экономикасына қатысты деректер, Еуроодақтағы туризмнің жандануы мен тағы басқа триггерлерге тәуелді. Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарын айтқан сарапшылар қазақстандық экономикаға қатысты болжамның, яғни көрсеткіштің өскенін айтуда.

Олардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

10 мамыр – 14 мамыр

Мамырдың екінші аптасында теңге бағамы доллардың әлсіреуі мен мұнайдың қымбат болуы арқасында нығаюы мүмкін. Бұл факторлар ұлттық валюта үшін қолайлы жағдай туғызып отыр. Brent баррелі 66-69 долларға саудаланып жатыр. Нарықтағы жағдай тұрақты көрінеді. АҚШ доллар болса, биліктің ынаталандыру шарасы мен қауіпсіз активтерге деген сұраныстың қысқаруы кесірінен әлсіз позицияда тұр. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 425-428 теңге, бір еуро 515-520 теңге, бір рубль 5,65-5,75 теңге, бір юань 65-66,50 теңге болады.

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

10 мамыр – 14 мамыр Өткен аптада теңгенің юань мен долларға қатысты бағамы нығайып, еуро мен рубльға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған мұнайдың қымбаттауы мен доллардың әлсіреуі себеп болды. Қара алтын бағасы апта басында 70 долларға таяп қалды. Өйткені АҚШ пен Еуропада сұраныс артып, вакцинация қарқыны күшейтілді. Бірақ Үндістанда локдаун енгізілуі мүмкін деген ақпараттан кейін мұнай бағасы төмендеді. Қазақстанның ЖІӨ 3,1%-ға өседі деген болжам жарияланды. Бұған дейін 2,8% болады деп топшыланған еді. Келесі аптада бір доллар 424-428 теңге, бір еуро 510-520 теңге, бір рубль 5,70-5,85 теңге, бір юань 65,85-66,15 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

10 мамыр – 14 мамыр

Өткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы әлсіреп, рубльға қатыстысы нығайды. Үндістандағы эпидемиологиялық ахуал кесірінен мұнай бағасы төмендеді. Бұл фактор доллар бағамына керіс әсерін тигізді. Дегенмен нарыққа Қытай экономикасына қатысты мәлімет оң ықпалын тигізіп отыр. 2021 жылдың қаңтар және сәуір айлары аралығында бұл ел импорт көлемін 7,2%-ға арттырды. Мейрамдардан кейін теңге біртіндеп әлсіреуі мүмкін. Мұндай динамиканың мұнай нарығындағы ахуалмен парапар келетіні сөзсіз. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар  427-429 теңге, бір еуро  514-516 теңге, бір юань  66-66,3 теңге, бір рубль 5,7-6 теңге болады.

 

 

 

 

 Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

10 мамыр – 14 мамыр

Өткен аптада теңгенің доллар мен юаньға қатысты бағамы нығайып,еуро мен рубльға қатысты бағамы әлсіреді. Қазақтандық валютаның оңалуына шикізаттың қымбаттауы мен америкалық валютаның әлсіреуі түрткі болды. АҚШ-тың бірқатар штатында карантиннің жеңілдетілуі, Еуроодақ пен Британияда туризмнің жандануы мұнай бағасының өсуіне әсер етті. Елімізде сәуірде инфляция тұрақталып, 7% болды. Ұлттық банк бұл көрсеткіш жылдың соңына дейін 4-6%-ға дейін төмендейді деп отыр. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 422-431 теңге, бір еуро 511-523 теңге, бір рубль 5,58-5,85 теңге, бір юань 65,8-66,8 теңге болады.

 

 

 

 

Ерлан Қойшыбаев, Swissquote Bank серіктесі:

10 мамыр – 14 мамыр

АҚШ-та автокөлік науқанының басталуы мен Еуропада туризмнің жандануы Brent сұрыпты мұнайдың 65-70 долларға дейін қымбаттауына түрткі болды. Украинаның шығысындағы ахуалдың реттелуі, сонымен қатар АҚШ пен Ресей президенттері кездесуі мүмкін деген ақпарат рубльдың нығаюына әсер етті. Қытай экспорты сәуір айында күрт артып, импорт көлемі соңғы он жылдағы ең жоғары деңгейге жетті. Артынан юань да нығайды. Келесі аптада бір доллар 422-427 теңге, бір еуро 512-517 теңге, бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір юань 65,9-66,2 теңге деңгейінде болады деп ойлаймын.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу