Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
01.5.2021 |
425-430 |
ГК «ФИНАМ»
01.5.2021 |
427-432 |
Forex Club
01.5.2021 |
428,5-430 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
01.5.2021 |
5,70-5,80 |
ГК «ФИНАМ»
01.5.2021 |
5,67-5,75 |
Forex Club
01.5.2021 |
5,7-6,1 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
01.5.2021 |
515-520 |
ГК «ФИНАМ»
01.5.2021 |
517-523 |
Forex Club
01.5.2021 |
518,5-521 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
01.5.2021 |
64-67 |
ГК «ФИНАМ»
01.5.2021 |
66,00-66,30 |
Forex Club
01.5.2021 |
66,5-67,5 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады
(3 мамыр – 7 мамыр).
26 сәуір – 30 сәуірге арналған валюта болжамы
Мамыр айының басында теңге бағамына әдеттегідей сыртқы экономикалық факторлар әсер етеді. Өткен аптада қазақстандық валютаға ОПЕК+ альянсының шешімі, бірқатар елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығы, доллардың әлемдік валюталарға қатысты бағамының нығаюы ықпалын тигізді. Доллардың нығаюына Федералдық қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемеге қатысты қабылдаған шешімі мен АҚШ экономикасы туралы жарияланған деректер түрткі болды.
Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарын айтқан сарапшылар Ұлттық банкінің пайыздық мөлшерлемені 9,0% деңгейінде қалдыруы мен реттеушінің инфляцияға қатысты болжамын сөз етті.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
Мамырдың басында теңге негізгі катализаторларға тәуелді болады. Қазақстандық валюта үшін мұнай нарығындағы тұрақтылық пен инвесторлардың тәуекелге деген әуестігі маңызды. Шикізат нарығындағы жағдай көңіл көншітіп отыр. Brent сұрыпты мұнайдың бір баррелі 66-69 долларға саудаланып жатыр.
Мұнайдың қымбат болуы теңге үшін тиімді. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 425-430 теңге, бір еуро 515-520 теңге, бір рубль 5,70-5,80 теңге, бір юань 64-67 теңге болады.
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайып, апта соңында әлсіреді. Қазақстандық валютаның оңалуына мұнай бағасының көтерілуі түрткі болды. ОПЕК + өндірісті көбейту туралы шешімін өзгертпеді. Альянсты мұндай шешім қабылдауға Жапония, Бразилия, Үндістан елдеріндегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы мәжбүр етті. ҚР Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемені 9% деңгейінде қалдырды.
Реттеушінің сауалнамасы бойынша, респонденттердің 44%-ы алдағы 12 айда инфляция өседі деген пікірде.
Мөлшерлеменің жоғары деңгейде сақталуы теңгеге оң әсерін тигізеді. Апта соңында ұлттық валютаның әлсіреуіне мұнайдың арзандауы мен доллардың нығаюы ықпал етті. Ал келесі аптада бір доллар 427-432 теңге, бір еуро 517-523 теңге, бір рубль 5,67-5,75 теңге, бір юань 66,00-66,30 теңге болуы ықтимал.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреп, мұнай құны арзандады.
Бұның алдында шикізат қымбаттап, артынан теңге бағамы да оңалған еді. Өйткені ОПЕК+ бір күнде өндірілетін мұнай көлемін мамыр және шілде айлары аралығында өзгертпеу туралы шешім қабылдаған еді. Дегенмен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай мұнай нарығы мен теңге бағамына әсер етуде. Сондықтан алдағы аптада ұлттық валюта тағы да әлсіреуі мүмкін.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 428,5-430 теңге, бір еуро 518,5-521 теңге, бір юань 66,5-67,5 теңге, бір рубль 5,7-6,1 теңге болады.