Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (10 қыркүйек-14 қыркүйек).
10 қыркүйек-14 қыркүйекке арналған валюта болжамы
Дамушы нарықтар валюталары бірінің артынан бірі құлдырап жатыр, олардың ішінде теңге де бар. Сарапшыларда теңгенің нығаюына деген оптимистік пікір жоқ, ал жекелеген сарапшылар теңгенің құлдырауы бір доллар үшін 400 теңгеге дейін барады деп отыр.
Бұған келтіріліп отырған аргументтер сыртқы факторлар әсерімен тығыз байланысты. Сауда соғысының болашақтағы тәуекелі көңілді қобалжытып, инвесторлар нарықтан кетуде, сондай-ақ АҚШ-тың қытайлық тауарларға сауда салығын енгізуі ұзаққа баруы мүмкін. («ФИНАМ» КТ). Басқа негізгі себеп АҚШ ФРЖ-сының қатаң монетарлық саясаты болып қала бермек («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ).
АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциялары да мәселені одан сайын ушықтырып тұр («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ). Көршілерге тығыз өзара тәуелділік салдарынан санкцияның әсері бізге тимей қоймайтыны анық. Сонымен қатар Ұлттық банк басшысы мен қаржы министрінің инфляциядағы мақсатты дәліздің көтерулі мүмкін екендігі жайлы айтқаны да елеусіз қалмады («Альпари»). Ал бұл мөлшерлеме мен экономикалық өсуге қысымның артатынын көрсетеді.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар
Наталья Мильчакова, «Альпари» компаниясының сараптамалық департаменті директорының орынбасары:
Дамушы елдердің валюта нарығы үшін өткен апта жайсыз болды. Бір апта ішінде тек грузиялық лари ғана шамалы өскен, ал қалған валюталардың долларға қатысты бағамы арзандап кетті.
Қазақстанда Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев таяу күндері мәлімдеме жасап, ол теңге бағамы үшін жағымсыз болды. Ұлттық банк басшысы 2019-2020 жылдары Ұлттық банк инфляцияның мақсатты дәлізі біршама көтеріледі деп болжап отырғанын айтты. Еске салар болсақ, 2018 жылға және алдағы екі жылға Қазақстандағы инфляцияның мақсатты дәлізі жылына 5-7% шамасында болады деп бекітілген болатын. Алдағы үш жылға арналған мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысы болжамына негіз болған инфляцияның мақсатты дәлізінің көтерілуі Ұлттық банктің құзіретіне қатысты екені жайлы пікірталас тудыруға себеп болған ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің сөзі одан сайын отқа май құйды. Ел экономикасына жауапты билік құрылымы басшыларының арасындағы пікір алшақтығы онсыз да әзер тұрған теңгеге жағымсыз әсер етті.
Теңгенің долларға қатысты бағамы бойынша жаңа болжам жасап, бір доллар 369-373 теңге болады деп отырмыз. Ал ресейлік рубльге қатысты бағам бір рубль үшін 5,41-5,43 теңге болуы мүмкін.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобы сарапшысы:
Өткен сауда қорытындысы бойынша америкалық биржа көрсеткіштері негізінен төмен болды. Инвесторлар жаңартылған НАФТА келісімі төңірегіндегі тұрақсыздық пен қытайлық тауарларға арналған сауда салығын енгізудің келешегіне алаңдаулы. Өткен аптада қатты өскен технологиялық сектор акциялары үшінші күн қатарынан төмендеуде.
S&P500 нарығының индексі 0,37%-ға төмендеп, 2878,05 шамасында жабылды. Өндірістік Dow Jones индексі 0,08%-ға өсті, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,91%-ға төмендеген. 10 жылдық қазынашылық облигациялар табыстылығы үш базистік көрсеткішке, 2,88%-ға дейін түскен. MSCI Emerging Markets индексі 0,2%-ға төмендеген.
Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 0,60% төмендеп, 76,64 доллар шамасында болды.
Тап осы кезеңде ойыншылар әлемдік саудаға қатысты жағымсыз жағдай мен дамушы нарықтардағы қиын жағдайға алаңдап отырғанын көруге болады.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,2-5,6 теңге, долларға қатысты бағамы 362-364 теңге және еуроға қатысты бағамы 431-434 теңге болады деп болжап отырмыз.
Олег Богданов, «Телетрейд топ» компаниясының бас сарапшысы:
Әлбетте, жаһандық нарықтардағы, әсіресе, emerging markets сегментіндегі жағдай деградацияға ұшырап, үрдіс қарқын алып келеді. Әзірге дағдарыс элементтері Түркияда, Аргентина мен ОАР-да байқалып отыр, алайда жағымсыз беталыс бірте-бірте барлық нарықты жаулап, дамушы нарықтың батыс бөлігіне жетті. Ол жақта қор нарығының төмендеуі мен тәуекелінен кету басталды. Сондықтан алдағы аптада теңгенің төмендеуі одан сайын жалғасады. Доллармен арадағы бағам 380 теңге шамасында, ал EUR/KZT 450 теңге, рубльмен арадағы ауқым 5,2-5,5 теңге болады.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Өкінішке қарай, теңгенің төмендеуіне санкциядан басқа себеп жоқ. Мұнай сәуірден бері 70-80 доллар шамасында тұрақты саудалануда, одан әрі де осы бағада болады.
Егер қысқаша айтар болсақ, онда теңгенің төмендеуіне екі негізгі себеп бар. Бұл, бірінші – АҚШ ФРЖ-сының қатаң монетарлық саясаты, яғни ФРЖ негізгі мөлшерлемені одан әрі қарай көтеріп, долларды қымбат, мықты ете түседі. Ал даушы елдердің валютасын арзан және әлсіз етеді. Екінші себеп – Ресейге қарсы жаңа санкциялар. Бұл елдің экономикасы мен валютасына үлкен нұсқан келтіруі мүмкін. Осыдан шығатын қорытынды: теңге одан әрі түседі. Қандай деңгейге дейін түсетінін айта алмаймын.
Келесі аптада доллар 370-400 теңге, рубль 5,3-5,4 теңге, Brent маркалы мұнай бағасы 72-77 доллар, бір биткоин 5000-7350 АҚШ доллары болады деп болжап отырмын.