Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (10 желтоқсан-14 желтоқсан)
Аbctv.kz әзірлеген апта сайынғы сауалнамада сарапшылар макроэкономикалық және геосаяси факторларды кеңінен талқылады. Әсіресе, Буэнос-Айресте өткен «Үлкен жиырмалық» самииті үш апта бойы басты назарда болды, сондай-ақ сарапшылар ОПЕК-тің кездесуіне де тоқталды.
Осы арада бірінші шара жайын сөз еткен сарапшылар негізінен, саммит барысында қол жеткізілген АҚШ пен Қытай арасындағы сауда уағдаластығына мән берді, алайда мұның сенімділігіне инвесторлар әлі де күдіктеніп отыр («Альпари», «ФИНАМ» КТ, Wall Street Invest Partners, ARUM Capital).
Энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайға келер болсақ, ол жайлы аbctv.kz сауалнамасына қатысқан барлық сарапшы атап кетті. ОПЕК-тің мұнай өндіру деңгейін одан әрі қысқарту туралы уағдаластығына қатысты пікірді «ФИНАМ», Wall Street Invest Partners, ARUM Capital ижәне IFC Markets сарапшылары ерекше атап өтті.
Сарапшылардың тоқталған басқа да факторларының ішінен америкалық қазынашылық облигациялардың кірістілігінің («ФИНАМ») және АҚШ-тың қор нарығының төмендеуін ( «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ, «Телетрейд Топ») атап кетуге болады. Сондай-ақ «ФИНАМ», Wall Street Invest Partners және ARUM Capital компанияларының сарапшылары Huawei Technologies компаниясы бас қаржы диркторы Ванчжоу Мэнның қамауға алынғанына тоқталды. Ал жергілікті факторлар ішінен Ұлттық банктің базалық пайыздық мөлшерлеремені 9,25% («Альпари», IFC Markets) деңгейінде сақтап қалғаны сөз болды.
Сарапшылардың толық пікірін аbctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық департаменті директорының орынбасары:
Мұнай бағасы тұрақтанды, «Үлкен жиырмалық» саммитінен кейін, АҚШ пен Қытай арасындағы уақытша «татуласудың» арқасында дамушы нарықтарда біршама оптимизм пайда болды.
Қазақстанда 4 желтоқсан күні өткен отырыста Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз 9,25% деңгейінде қалдырды. Реттеушінің баспасөз баянында Ұлттық банк 2019 жылға арналған инфляция бойынша болжам 4-6% болады дегенді растап отырғаны айтылған, сонымен қатар 2020 жылдың алғашқы тоқсанында инфляция төмендеуі мүмкін. Бұл шешімді валюта нарығы жағымды қабылдады.
Теңгенің долларға қатысты бағамы бұрынғыша бір доллар үшін 370-375 теңге, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы да бір рубль 5,56-5,60 теңге болады деп отырмыз. Ал еуро/теңге жұбы бойынша болжап отырған сауда шамасы бір еуропалық валюта үшін 420-425 теңге болады.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:
Өткен сауда сессиясының қорытындысы бойынша америкалық биржа индикаторлары әртүрлі бағыттағы динамиканы көрсетті.
Ал S&P 500 индексінің фьючерсі 0,15%-ға төмендеп, 2695,95 көрсеткішімен жапты. Өндірістік Dow Jones индексі 0,32% жоғалтты, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,42%-ға өсті.
Аптаның басында индекстердің күрт төмендеуіне Huawei компаниясының бас қаржылық директорының қамауға алынуы себеп болды, бұл жағдайы инвесторлар Буэнос-Айресте G20 саммиті алаңында Вашингтон мен Бейжің арасындағы қол жеткізілген сауда уағдаластығына кедергі болу үшін жасалды деп қабылдады. Сонымен қатар ойыншылар америкалық экономиканың құлдырауының жақын екені жайлы белгі беріп отырған АҚШ-тың борышкерлік нарығындағы жағдайға алаңдаулы.
Бейсенбі күні 10 жылдық қазынашылық облигациялар табыстылығы төрт базистік көрсеткішке түсіп, 2,87 %-ға дейін төмендеді. Ал бес жылдық облигациялардың кірістілігі де төрт базистік көрсеткішке дейін 2,74%-ға дейін төмендеді.
Өткен сауда қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай бағасы 2,08%-ға төмендеп, 60,31 доллар болды.
2016 жылы алдыңғы қатарлы мұнай экспорттаушы-елдердің мұнай өндіруді қысқарту туралы алғашқы келісімінен кейін, «қара алтынның» әлемдік нарығы бірте-бірте теңгерім жағдайына оралды. Алайда өзінің жағына Ресейді тартып алған картельдің табыстан басы айналып, 2018 жылдың маусымында келісімге қатысушылар мұнай өндіруді арттыру туралы шешім қабылдады. Ал бұл америкалық қатпарлы саланың белсенді өсу жағдайында бірте-бірте әлемдік нарықта мұнайдың артылып қалуы жайлы әңгіменің туындауына әкелді.
Қазір ОПЕК елдеріне бір бәтуаға келу қиын болып отыр. Өйткені ешкім өндіру көлемін жоғалтқысы келмейді. Келісімге қатысушылар қысқартуға қатысты квотаны талқылап жатқанда, алыпсатарлар мұнайшылардың келісімге келе алмауын пайдаланып, бейсенбі күні Brent маркалы мұнайдың бір баррелін тағы 58 доллар шамасына әкелді.
Тап осы кезеңде мұнай өндіруді қысқарту туралы бәтуа-болжам тәулігіне 1 млн баррельден 1,3 млн баррельді құрайды және оны іске асыру барысында Brent маркалы эталондық мұнайдың тіпті төменгі шегінің өзі орташа мерзімді келешекте 71 долларға дейін көтерілуі мүмкін.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,3-5,6 теңге, долларға қатысты бағамы 366-370 теңге және еуроға қатысты бағамы 416-420 теңге болады деп болжап отырмыз
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
АҚШ-тың қор нарығының төмендеуі рубльге тиімді болған сияқты. Яғни нарықтардың қарқынды төмендеуі ФРЖ-ның өзінің ақша-несие саясатына деген қарым-қатынасын өзгертті. Монетарлық саясат жұмсаруы мүмкін. Ал бұл доллардың әлемдік валюталарға қатысты бағамының әлсіреуіне әкеледі, осының салдарынан рубль бағамы күшеюі мүмкін. Алайда бұл болжам бір аптаға емес, бірнеше айға созылуы мүмкін. Ал қазір алдағы аптада рубль мен теңгенің нығая қоюы екіталай нәрсе. Теңге рубль қозғалысын қайталайтын болғандықтан, теңге бағамына қатысты жасалған болжам рубльге де қатысты деген сөз.
Мұнайдың бір баррелі 60 доллар деңгейінде болуы мүмкін. Трамп өз дегенінен жетіп тынды, қара алтын бағасы күрт түсіп кетті. Бірақ, менің ойымша, тап қазіргі деңгейде мұнайдың барлығы сатылып кеткен сияқты. Алдағы аптада мұнайдың бір баррелі 60 доллардан төмен бағада саудаланады деп ойлаймын. Одан әрі қарай Трамптың пікірі мен статистикаға қарайтын боламыз.
Биткойн одан сайын түсуде. Бұдан бұрын да криптовалютаға инвестиция салудан аулақ болу керектігін айтқан болатынмын, қазір соны тағы қайталап айтқым келеді. Егер сіз кәсіпқой трейдер болмасаңыз, биткойн бағасының күрт құбылмалығынан пайда табам деп ойламай-ақ қойыңыз.
Алдағы аптада бір АҚШ доллары 66-68 рубль, бір рубль 5,4-5,6 теңге, бір доллар 370-374 теңге, бір еуро 419-425 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 61-64 доллар, биткойн 2500-3000 доллар болады деген болжам жасап отырмын.
Олег Богданов, «Телетрейд Топ» бас сарапшысы:
Экономикасы дамушы елдердің валюта нарығындағы жағдай әзірге тұрақты. Батыс нарығындағы тәуекелдердің өсуіне, қор индекстерінің төмендеуіне қарамастан, emerging markets сегментіндегі валюталарға айтарлықтай қысым байқалмайды. Аустралиялық доллар тұрақты, сондай-ақ ресейлік рубль де тұрақты болып отыр, қазақстандық теңге де тұрақтылықты сақтауда.
Теңге үшін қазір негізгі қауіп – бұл батыстың акциялар нарығының әлсіздігі. Алдағы аптада жағдай бірқалыпты болады деп болжауға болады.
USD/KZT жұбы 365-375 теңге шамасында, ал еуро 415-425 теңге болуы мүмкін. Рубль 5,45 теңгеге дейін нығаяды деп отырмыз.
Данияр Жұмекенов , Wall Street Invest Partners сарапшысы:
Өткен апта әлемдік нарықтың барлық спекторындағы құбылмалықпен есте қалды. Шикізат нарықтары мен валюта нарықтары Аргентинада өткен G20 саммитінің оқиғаларын әртүрлі бағытта қабылдады. ОПЕК-тің кең ауқымда өткен отырысының жаңалықтары мұнай бағасын белгілеуге қосымша қысым болды. Тап осындай жағдайда нарық қатысушылары алтын нарығын тиімді нарық ретінде қарастырды. Алтын нарығы бір троя унициясы үшін 1240 доллар деңгейінен жоғары болды.
Қазақстандық теңгенің америкалық, еуропалық және ресейлік валюталарға қатысты позициясы тұрақты болды. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметі бойынша, елдің ұлттық қоры биылғы жылдың 11 айында бірінші рет мұнай секторы компаниялары есебінен 2,9 трлн теңгеге толыққан. Бұл былтырғы жылғымен салыстырғанда 62,9%-ға көп. Жақында Қазақстан ұлттық қор қаражатынан 2,45 трлн теңгеге 2019 жылға арналған республикалық бюджеттің кепілдендірілген трансферті бекітілген.
Еуропалық комиссия Еуропалық Одақ мемлекеттерін еуроға деген сенім мен тартымдылықты арттыруға, оны экономиканың стратегиялық секторларына қолдануға көмектесуге шақырды. Осыған байланысты Еурокомиссия еуроны халықаралық энергетикалық келісімдер мен келіссөздерде ауқымды пайдалануға көмектесу бойынша ұсынысты қабылдады. Бұл бір жағынан 11 желтоқсанда британ парламентінде Brexit шарттары бойынша келісімге дауыс берумен байланысты.
Алдағы уақытта америкалық-қытайлық қарым-қатынастың шиеленісуінің жаңа орамдарын күтуге болады. Иранға қарсы санкция жағдайында Ванчжоу Мэн қамауға алынды. Ол қытайлық ірі телекоммуникациялық компания - Huawei Technologies-тың топ-менеджері. Ванчжоу Мэн АҚШ-қа қайтарылатын болса, онда әлемдік нарықтар тағы төмендеуі мүмкін. АҚШ пен Қытай арасындауғы сауда соғысы ушыға беретін болса, барлық әлемдік экономиканың дамуы үшін қауіп артады.
10 желтоқсан 14 желтоқсан аралығында теңге тұрақты болады деп күтілуде. Теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 369-374 теңге болады деп болжанып отыр. Теңгенің еуропалық валютаға қатысты бағамы бір еуро үшін 418-423 теңге шамасында болады. Ал ресейлік рубльге қатысты бағам 5,58-5,63 теңге болады деп күтіледі.
Владислав Воробьёв, ARUM Capital компаниясының аға сарапшысы:
Дамушы елдер валютасы апта соңына қарай тағы төмендеді, оған тәуекелдердің көбеюі негіз болды. Мысалы, активтерден қашуға АҚШ пен Қытай арасындағы жақында қол жеткізілген сауда келісіміне деген сенімсіздік, сонымен қатар америкалық реттеушілердің талабы бойынша Huawei-дың бас қаржы директорының қамауға алынуы себеп болды. Осы тұрақсыз жағдайдың нәтижесінде доллар EM-сегментке қарсы нығайды, ал мұнай нарығының келешегінің бұлыңғыр болуы шикізат валюталары үшін қосымша қысым.
ОПЕК-ке мүше елдердің келіссөздерінің қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемін қысқарту инвесторлардың көңілінен шықпайды. Өйткені бұл шара бағаны тұрақтандыруға жетпеуі мүмкін.
Осылайша алдағы аптада теңге бағамы бір доллар үшін 369-374 теңге, бір еуро 420-425 теңге, ал бір рубль 5,52-5,57 теңге болуы мүмкін.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада қазақстандық теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамы нығайды. Бұған сыртқы және ішкі секторлар әсер етті. ОПЕК және тәуелсіз өндірушілер мұнай өндіруді 2019 жылдың басынан күніне 1,2 млн баррельге шектеуге келісті. Осының арқасында Brent маркалы мұнай бағасы жұма күні 6%-ға көтерілді. ОПЕК-тің өндіру көлемін 2019 жылдың сәуірінен бұрын қайта қарамайды деп болжанып отыр.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстандағы 2019 жылға арналған мұнай өндіру болжамын айтарлықтай 93 млн тоннадан 91 млн тоннаға немесе 2,1%-ға төмендетті. Кірістер жоспары бойынша қарайтын болсақ, мұндай қысқару жоғары әлемдік бағалар есебінен орнын толтыруы мүмкін. Ұлттық банк ағымдағы шот тапшылығын 2018 жылы осыған дейін болжанған 2,3%-ға қарағанда 1,2%-ға төмендетті.
Теңгенің рубльге қатысты бағамының нығаюына Ұлттық банктің базистік пайыздық мөлшерлемені сақтап қалуы себеп болуы мүмкін. Бұл ретте Қазақстан Ұлттық банкі мөлшерлемені елдегі инфляция 4%-ға жеткенде ғана төмендетуі мүмкін деген болатын. Ал 2018 жылдың 11 айында инфляция 4,6% болды, яғни бұл алдағы уақытта мөлшерлеме жоғары болып қалады деген сөз. Жылдық көрсеткіште Қазақстандағы инфляция деңгейі 5,3%, Ресейде - 3,8%.
Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,46-5,6 теңге, бір доллар үшін 366-375 теңге, бір еуро 416-425 теңге болады деп болжап отырмыз.