Валюта болжамы: 11-15 қазан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
424,600

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
10.10.2021
424-426
ГК «ФИНАМ»
10.10.2021
424-428
Forex Club
10.10.2021
422-424
SoftLink
10.10.2021
423-429
DAMU Capital Management
10.10.2021
422-424
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,856

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
10.10.2021
5,84-5,90
ГК «ФИНАМ»
10.10.2021
5,85-6
Forex Club
10.10.2021
5,6-5,9
SoftLink
10.10.2021
5,8-5,97
DAMU Capital Management
10.10.2021
5,8-5,9
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
492,500

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
10.10.2021
490-500
ГК «ФИНАМ»
10.10.2021
488-495
Forex Club
10.10.2021
491-493
SoftLink
10.10.2021
486-502
DAMU Capital Management
10.10.2021
488-492
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
65,790

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
10.10.2021
65-66
ГК «ФИНАМ»
10.10.2021
65,75-66,25
Forex Club
10.10.2021
65,6-65,9
SoftLink
10.10.2021
65,7-66,2
DAMU Capital Management
10.10.2021
65,5-66

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (11-15 қазан).

11-15 қазан

 

4-8 қазанға арналған валюта болжамы 

 

 

Тағы да мұнай бағасы теңгенің басқа валюталарға қатысты бағамының қалыптасуына әсер етеді. Inbusiness.kz респонденттердің пікірінше, мұнай бағасының өсуіне ОПЕК-тің қазіргі өндіріс көлемін сақтауы, АҚШ энергетика министрлігінің стратегиялық қорларды босатуға дайын еместігі туралы мәлімдемесі, сондай-ақ көмір мен газ бағасының шарықтау түрткі болып отыр. Сондай-ақ сарапшылар АҚШ демократтары мен республикашыларының мемлекеттік қарыз бойынша уақытша келісімі мен АҚШ ФРЖ хаттамаларын атап өтті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

11-15 қазан

Қазақстандық теңге бағамы үшін мұнайдың бағасы қазір негізгі катализатор болып табылады. Бұл ретте жаһандық инвесторлардың тәуекелге деген көзқарасы өзгергендей. Сонымен Brent баррелі қымбаттап жатыр. Баррелі 80 доллардан асты, 85 долларға дейін қымбаттауы мүмкін. Шикізат теңгесі үшін мұнай неғұрлым қымбат болса, соғұрлым жақсы.

Теңге бағамының шектен тыс нығаюын Ұлттық Банктің интервенциялары тоқтатуы мүмкін, бірақ әзірге мұндай әрекеттер байқалмады.

Менің болжамым бойынша,келесі аптада бір доллар 424-426 теңге, бір еуро 490-500 теңге, бір рубль 5,84-5,90 теңге, бір юань 65-66 теңге болады.

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

11-15 қазан Өткен аптаның нәтижесі бойынша теңге доллар мен еуроға қатысты өзгерген жоқ, юаньға қатысты бағамы аздап әлсіреді және рубльге қатысты айтарлықтай әлсіреді. Бұл көбінесе теңгенің көптеген валюталарға қатысты бағамының айтарлықтай құлдырауына жол бермей отырған мұнай және газ нарығындағы раллиге байланысты. Рубль тек энергия дағдарысынан ғана емес, сонымен бірге АҚШ-тағы демократтар мен республикашылар мемлекеттік қарыздың шегі туралы уақытша келісімге келгеннен кейін оң көрсеткішке ие болды. Әлемдік нарықтардағы басты қозғалтқыштар көмір мен газдың бағасы болды. Олардың қымбаттауы Еуропа мен АҚШ үкіметтерін алаңдатып отыр.

Келесі аптада бір доллар 424-428 теңге, бір еуро 488-495 теңге, бір рубль 5,85-6 теңге, бір юань 65,75-66,25 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

11-15 қазан

Қазақстан қор биржасындағы теңге бағамы жұма күні долларға шаққанда 1,04 теңгеге, мұнай бағасының қолдауымен 424,81 теңгеге дейін нығайды. Бірақ басқа валюталарға қатысты бағамы сәл әлсіреді. Теңгенің нығаюына әсер еткен негізгі фактор– мұнайдың қымбаттауы. АҚШ энергетика министрлігінің өздерінің стратегиялық мұнай қорларын босатуға әлі дайын еместігін мәлімдегеннен кейін, шикізат құны қымбаттады. Осылайша жақын арада мұнай нарығында сұраныс ұсыныстан асып түсуі мүмкін. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар  422-424 теңге, бір еуро  491-493 теңге, бір юань  65,6-65,9 теңге, бір рубль 5,6-5,9 теңге болады.

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

11-15 қазан

Өткен аптада теңгенің АҚШ доллары мен еуроға қатысты бағамы нығайды, рубльға қатысты бағамы аздап әлсіреді. Оның юаньға қатысты өзгеруі айтарлық қарқынды болмады. Brent қымбаттап жатыр, бір баррелінің құны 80 доллардан асып түсті. ОПЕК + шешіміне сәйкес, Қазақстан мұнай өндіруді ай сайын күніне 16 мың баррельге ұлғайтатын болады. Басқа шикізат тауарларының баға белгіленімдері де жоғары деңгейде. Осыған орай, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 30%-дан астамға ұлғайып, $11,1 млрд-қа жетті.

Менің болжамым бойынша, бір доллар 423-429 теңге, бір еуро 486-502 теңге, бір рубль 5,8-5,97 теңге, бір юань 65,7-66,2 теңге болады.

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

11-15 қазан

Қыс суық болады деген болжамдар мен Еуропадағы отын тапшылығы жағдайында мұнай бағасы $80 белгісінен асып түсті. ОПЕК-тің ағымдағы өндіріс көлемін сақтау туралы шешімі де бағаның өсуіне ықпал етті. Сонымен бірге қ пандемия қарқыны бәсеңдеуде. АҚШ-та келесі аптада ФРЖ хаттамалары жарияланады. Қытайлық Evergrande төңірегіндегі жағдай күн тәртібінде көбірек айтылып жүрген жоқ.Алайда геосаяси аренада Қытай мен Тайвань арасындағы шиеленіс өрши түсті. Келесі аптада бір доллар 422-424 теңге, бір еуро 488-492 теңге, бір рубль 5,8-5,9 теңге, бір юань 65,5-66 теңге болады деп ойлаймын.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу