Валюта болжамы: 4 қазан - 8 қазан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
426,625

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
03.10.2021
424-427
ГК «ФИНАМ»
03.10.2021
425,5-428,0
Forex Club
03.10.2021
426-428
Swissquote Bank
03.10.2021
425-430
SoftLink
03.10.2021
423-429
DAMU Capital Management
03.10.2021
426-428
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,874

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
03.10.2021
5,82-5,87
ГК «ФИНАМ»
03.10.2021
5,75-5,90
Forex Club
03.10.2021
5,9-6,2
Swissquote Bank
03.10.2021
5,8-5,9
SoftLink
03.10.2021
5,8-5,9
DAMU Capital Management
03.10.2021
5,8-5,85
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
495,500

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
03.10.2021
490-500
ГК «ФИНАМ»
03.10.2021
492-497
Forex Club
03.10.2021
495-497
Swissquote Bank
03.10.2021
496-501
SoftLink
03.10.2021
490-503
DAMU Capital Management
03.10.2021
490-495
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
65,925

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
03.10.2021
65-67
ГК «ФИНАМ»
03.10.2021
66,0-66,4
Forex Club
03.10.2021
65,9-66,3
Swissquote Bank
03.10.2021
65-66
SoftLink
03.10.2021
65,7-66,3
DAMU Capital Management
03.10.2021
65,5-66

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (4 қазан-8 қазан ).

 

4 қазан - 8 қазан

27 қыркүйек – 1 қазанға арналған валюта болжамы 

 

 

Жаһандық экономикалық деректер әдеттегідей Inbusiness.kz респонденттердің назарында. Олардың пікірінше, алдағы аптада теңге бағамының қалыптасуына мұнай бағасының өзгеруі және әлемдік экономиканың қалпына келуі сияқты факторлар ықпал етеді. Сарапшылар  алдағы уақытта өтетін ОПЕК+ альянсының отырысы мен Федералды резервтік жүйесінің экономиканы ынталандыру бағдарламасына қатысты шешіміне тоқталды. Сондай-ақ олар China Evergrande девелоперлік компаниясына қатысты жағдайдан кейін Қытай экономикасының қалпына келуіне байланысты алаңдаушылықтарды атап өтті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
4 қазан - 8 қазан Тәуекелге деген сұраныс жақын арада төмендеуі мүмкін және бәрін сатып алуға деген ықыласты сыртқы фонның әсерінен жалтару стратегиясы алмастырады. Теңге үшін бұл маңызды фактор.
Шикізат конъюнктурасы теңге үшін әлі де қолайлы. Бірақ болашақты болжау үшін алдағы дүйсенбіде өтетін ОПЕК+ отырысының шешімі мен қарашада жаһандық өндіріс параметрлері қандай болатынын білу керек. Қымбат мұнай – теңге тұрақтылығының кепілі, сондықтан бұл факторлар бейтарап болған сайын, соғұрлым қолайлы болады.Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 424-427 теңге, бір еуро 490-500 теңге, бір рубль 5,82-5,87 теңге, бір юань 65-67 теңге болады.

 

 

 

 

Анна Зайцева, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
4 қазан - 8 қазан Өткен аптаның қорытындысы бойынша теңгенің еуро мен рубльға қатысты бағамы нығайып,  доллар мен юаньға қатысты бағамы әлсіреді.Көп жағдайда теңге бағамының серпіні америкалық валютаның нығаюымен айқындалды. DXY доллар индексі 2020 жылдың шілдесінен бергі ең жоғары деңгейге жетіп, 94-тен жоғары болды. Нарық АҚШ-тың қазынашылық облигацияларының кірістілігінің одан әрі өсуін күтіп отыр, бұл да доллардың нығаюына ықпал етеді.

Мұнай факторына келер болсақ, өткен аптада қара алтынның бағасы үш жылдық максимумды жаңартты. Бұған мұнай нарығындағы тапшылық ұзақ уақытқа созылады деген болжам себеп болып отыр. Алдағы айларда қара алтынға деген сұраныс әлі де артуы мүмкін. Бұл үрдіс Пәкістанда, Бангладеште, сондай-ақ Таяу Шығыстың бірқатар елінде байқалып отыр. БАҚ-тың хабарлауынша, ОПЕК+ энергетикалық компаниялардың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін өндірісті тезірек өсіру жағын қарастыруда. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда инфляция  8,9%-ға дейін жеделдеді, бұл 2016 жылғы қазаннан бергі ең жоғары көрсеткіш.Келесі аптада бір доллар 425,5-428,0 теңге, бір еуро 492-497 теңге, бір рубль 5,75-5,90 теңге, бір юань 66,0-66,4 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
4 қазан - 8 қазан Қазақстан қор биржасындағы теңгенің долларға қатысты бағамы біршама әлсіреп, Ресей рубліне қатысты бағамы 5,8448 теңгеге дейін нығайды. 4 қазанға жоспарланған ОПЕК + альянсы отырысының алдында мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп сәл негативті динамика байқалды.

Нарық қатысушылары ОПЕК+ альянсының отырысының қорытындысын күтіп отыр.Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар  426-428 теңге, бір еуро  495-497 теңге, бір юань  65,9-66,3 теңге, бір рубль 5,9-6,2 теңге болады.

 

 

 

 

Ерлан Айтек, Swissquote Bank серіктесі:
4 қазан - 8 қазан Ресей Федерациясының Орталық Банкінің дерегі бойынша, жұма күнгі ресми бағаммен салыстырғанда доллардың рубльға қатысты бағамы 26 тиынға, ал еуроның рубльға қатысты 15 тиынға өсті. Мәскеу биржасындағы сауда-саттық көлемі жұма күні 753,6779 миллиард рубль немесе 10 372,0664 миллион доллар болды. 

Сәрсенбіде инвесторлардың Федералды резервтік жүйесі жаһандық өсім баяулаған кезде экономиканы қолдауды азайта бастайды деген алаңдаушылығынан кейін, АҚШ доллары соңғы бір жылдағы ең жоғары деңгейге жетті. Еуро 1,1655 долларға дейін төмендеді, бұл 2020 жылдың қарашасынан бергі ең төменгі деңгей, ал доллар индексі 93,891-ге дейін өсті. АҚШ-тың қазынашылық кірістілігі соңғы күндері артты, өйткені жыл соңына дейін QE төмендеуі байқалады.

Сәрсенбіде 10 жылдық негізгі кірістілік көрсеткіші төмендеді. Бірақ 1,5132%  деңгейінде. Бір аптада шамамен 20 базистік тармаққа өсті. 
Валюталық болжам: USD/KZT 425-430, EUR/KZT 496-501, RUR/KZT 5,8-5,9, CHY/KZT 65-66.

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
4 қазан - 8 қазан Өткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы өзгерген жоқ, еуроға қатысты бағамы нығайып және рубль мен юаньға қатысты бағамы аздап әлсіреді. Мұнайдың бағасының жоғары болуы Қазақстан экономикасына қолдау көрсетіп отыр.

2021 жылғы қаңтар-шілдеде мемлекеттік бюджеттің кірісі 4,6%-ға өсті. Теңге үшін қыркүйек айында инфляцияның 8,9%-ға дейін артуы басты негативті фактор болып отыр. Менің болжамым бойынша, бір доллар 423-429 теңге, бір еуро 490-503 теңге, бір рубль 5,8-5,9 теңге, бір юань 65,7-66,3 теңге болады.

 

 

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
4 қазан - 8 қазан Мұнай бағалары бір аптада 80 доллардан жоғары көтерілмек болды. Нарық АҚШ-тағы инфляцияның жоғары болуына байланысты ФРЖ қараша айында экономиканы ынталандыру бағдарламасын қысқартады деп күдіктеніп отыр.  Шамасы, АҚШ бірінші болып ақша-несие саясатын қатаңдата бастайды. Оның артынан басқа елдер де мұндай қадамға баруы мүмкін.

Дегенмен Еуропалық орталық банк әлі күнге дейін экономиканы қолдайтын бағдарламаларды қысқартудан бас тартуда, нәтижесінде еуроның негізгі әлемдік валюталарға қатысты бағамы әлсіреді.Қазақстанда жылдық инфляция 8,9%-ға дейін жеделдеді және Ұлттық Банк жыл соңына дейін базалық мөлшерлеменің кем дегенде тағы бір мәрте көтеруі мүмкін. 

Келесі аптада бір доллар 426-428 теңге, бір еуро 490-495 теңге, бір рубль 5,8-5,85 теңге, бір юань 65,5-66 теңге шамасында болуы ықтимал.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу