Валюта болжамы: 27 қыркүйек – 1 қазан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
424,900

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
26.9.2021
423,00-425,00
ГК «ФИНАМ»
26.9.2021
424-428
Forex Club
26.9.2021
422-424
SoftLink
26.9.2021
423-429
Swissquote Bank
26.9.2021
423-428
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,801

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
26.9.2021
5,80-5,87
ГК «ФИНАМ»
26.9.2021
5,75-5,90
Forex Club
26.9.2021
5,4-5,8
SoftLink
26.9.2021
5,79-5,9
Swissquote Bank
26.9.2021
5,85-5,95
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
509,100

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
26.9.2021
495-502
ГК «ФИНАМ»
26.9.2021
496-501
Forex Club
26.9.2021
497-499
SoftLink
26.9.2021
595-505
Swissquote Bank
26.9.2021
498-503
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
65,660

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
26.9.2021
65-66
ГК «ФИНАМ»
26.9.2021
65,50-66,30
Forex Club
26.9.2021
65,2-65,6
SoftLink
26.9.2021
65,6-66,1
Swissquote Bank
26.9.2021
65,4-65,9

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (27 қыркүйек – 1 қазан).

 

27 қыркүйек – 1 қазан

 

20-24 қыркүйекке арналған валюта болжамы

 

 

Өткен аптада мұнай бағасы шикізат қорлының қысқаруына байланысты соңғы үш жылдағы максимумға жақындады.Inbusiness.kz сайтында өз болжамынан жариялаған сарапшылар АҚШ-тағы ФРЖ-ның өткен отырысын атап өтті. Америкалық реттеуші қараша айында активтерді сатып алу көлемін қысқартуға дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ олар теңге бағамының қалыптасуына әсер етуі мүмкін сыртқы факторларды, яғни Бейжіңнің қаржы жүйесіне өтімділікті енгізу фактісін және China Evergrande Group компаниясына қатысты мәселелерге тоқталды. 

Ішкі триггерлерге келетін болсақ, сарапшылар Қазақстан үкіметінің ең төменгі жалақыны арттыру жөніндегі жоспарын, бұл инфляция көрсеткіштеріне, қазақстандық астық экспортының төмендеу болжамын, Ұлттық Банктің қаңтар-шілдеде бюджет тапшылығының ұлғаюы туралы хабарламасын сөз етті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
27 қыркүйек – 1 қазан Тәуекел активтеріне деген сұранысты жоғары болуы теңгеге айтарлықтай оң әсерін тигізіп отыр.

Бұл фактор келесі аптада да сақталуы керек.  Жаһандық сауда-саттыққа қатысушылар қауіпсіз активтерге қызығушылық танытып отырған жоқ. Доллар, иен және алтын биржаның назарынан тыс қалып отыр. Энергия тасымалдаушыларына деген сұраныс бар, сондықтан мұнай сатылып жатыр. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 423,00-425,00 теңге, бір еуро 495-502 теңге, бір рубль 5,80-5,87 теңге, бір юань 65-66 теңге болады.

 

 

 

 

Анна Зайцева, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
27 қыркүйек – 1 қазан Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы аздап әлсіреді.Қазақ валютасының бағамына әсер еткен негізгі факторлардың ішінде ФРЖ отырысын атап өту қажет. Оның қорытындысы бойынша реттеуші жақын арада жұмсарту бағдарламасын қысқартуға кірісуге дайын екенін мәлімдеді.

Америкалық реттеушінің басшысы Джером Пауэлл баспасөз мәслихаты барысында бұған қатысты шешім 2-3 қарашада  қабылдануы мүмкін. Мұнай нарығына келетін болсақ, Brent сұрыпты мұнайдың бағасы өткен жұмада 77,5 доллардан асып, екі жылдық максимумға жақындады. Мұнай бағаларына вакцинациялау бағдарламаларын кеңейту, жетекші елдердегі шектеулерді алып тастау шаралары оң ықпалын тигізуде.

ОПЕК+ елдеріндегі тау-кен өндірісінің жоспарланған кестеден қалыс қалуы, сондай-ақ Мексика шығанағындағы мұнай өндірісінің төмендеуі салдарынан ұсыныс тапшылығы орнап, мұнай бағасы тағы да өсуі мүмкін. Келесі аптада бір доллар 424-428 теңге, бір еуро 496-501 теңге, бір рубль 5,75-5,90 теңге, бір юань 65,50-66,30 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
27 қыркүйек – 1 қазан Қазақстан қор биржасындағы теңге негізгі валюталарға қатысты бағамы жұма күні мұнай бағасының өсуінен кейін нығайды және тамыздан бергі ең жоғары көрсеткішке жақындады. Мұнай бағасы бірнеше күн қатарынан көтеріліп келеді, ал Brent сұрыпты мұнай баррелі қазірдің өзінде 77 доллардан асады. Бұл соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Шикізаттың қымбаттауына Жапонияда мұнай қорының азаюы себеп болып отыр. Әлемдік нарықтағы қара алтынға деген сұраныс авиация саласындағы сұраныстың болуы арқасында қалыпты деңгейде. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар  422-424 теңге, бір еуро  497-499 теңге, бір юань  65,2-65,6 теңге, бір рубль 5,4-5,8 теңге болады.

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
27 қыркүйек – 1 қазан Өткен аптада теңгенің бағамы америкалық доллар мен еуроға қатысты өзгерген жоқ, юаньға қатысты бағамы нығайды және рубльға қатысты бағамы аздап әлсіреді. Мұнай бағасының өсуі қазақстандық валютаға қолдау көрсетіп отыр.

Brent бағасы үшінші апта қатарынан көтеріліп, үш жылдық максимумға жетті. Бұл АҚШ-тағы мұнай қорының төмендеуі аясында тоғыз апта қатарынан байқалуда. Теңгенің нығаюын ішкі факторлар тежеген болуы мүмкін. Қазақстан үкіметі ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мұның салдарынан ЖІӨ 1,5%-ға өсетінін, бірақ бастапқы кезеңде инфляция қосымша 0,7%-ға артуы мүмкін екенін атап өтті. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 423-429 теңге, бір еуро 495-505 теңге, бір рубль 5,79-5,9 теңге, бір юань 65,6-66,1 теңге болады.

 

 

 

 

Ерлан Айтек, Swissquote Bank серіктесі:
27 қыркүйек – 1 қазан Доллар бағамы рубльге 28 тиынға, ал еуро жұма күнгі ресми бағаммен салыстырғанда 48 тиынға өсті. Мәскеу биржасындағы сауда-саттық көлемі жұма күні 823,2426 миллиард рубль немесе 11 320,0168 миллион долларды құрады. Рубль бүгінде дамушы елдердің валюталарынан кейін құлдырауда.

ФРЖ активтерді сатып алуды қараша айында қысқарта бастауы мүмкін, ал пайыздық мөлшерлемелер келесі жылдың соңына қарай өсуі мүмкін дейді. ING-дің айтуынша, нарық әлі де ФРЖ-нің пайыздық мөлшерлемелер бойынша болжамдарына сене алмайды, сондықтан АҚШ деректері бойын қосымша айғақтар керек.Жұма күні доллар апталық минимумнан жоғары болды. China Evergrande Group төңірегінде долларға тиімді болып отыр.Бейжің бейсенбіде қаржы жүйесіне қаражат құйғаннан кейін, Evergrande ішкі облигация бойынша сыйақы төлейтінін жариялаған кезде доллар зардап шекті.

Алайда оффшорлық облигациялардың кейбір иелері бейсенбіде купондық төлемдерді ала алмағандарын айтты. Келесі аптада бір доллар 423-428 теңге, бір еуро 498-503 теңге, бір рубль 5,85-5,95 теңге, бір юань 65,4-65,9 теңге шамасында болуы ықтимал.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу