Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
19.9.2021 |
424,50-426,00 |
ГК «ФИНАМ»
19.9.2021 |
424-427 |
Forex Club
19.9.2021 |
425-427 |
DAMU Capital Management
19.9.2021 |
420-425 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
19.9.2021 |
5,84-5,87 |
ГК «ФИНАМ»
19.9.2021 |
5,75-5,95 |
Forex Club
19.9.2021 |
5,9-6,3 |
DAMU Capital Management
19.9.2021 |
5,80-5,85 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
19.9.2021 |
500-505 |
ГК «ФИНАМ»
19.9.2021 |
498-505 |
Forex Club
19.9.2021 |
501-503 |
DAMU Capital Management
19.9.2021 |
504-510 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
19.9.2021 |
66,0-66,5 |
ГК «ФИНАМ»
19.9.2021 |
65,75-66,35 |
Forex Club
19.9.2021 |
66-66,5 |
DAMU Capital Management
19.9.2021 |
66,0-66,5 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (20-24 қыркүйек).
13-17 қыркүйекке арналған валюта болжамы
Сыртқы макроэкономикалық факторлар қазақстандық теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамын айқындайтын басты өлшем болып қала береді. Сонымен Inbusiness.kz басылымында өз болжамын жариялаған сарапшылар дәстүрлі түрде мұнай нарығындағы жағдайға назар аударды. Атап айтқанда, сарапшылар АҚШ-тағы екі дауылдың салдарынан инфрақұрылымның зақымдануы, сондай-ақ ОПЕК+ альянсының өндірісті шектеуге қатысты шешімін сөз етті.
Сондай-ақ олар ҚР Ұлттық Банкінің мөлшерлемені көтеру туралы шешімін, Қазақстандағы жоғары инфляцияны, ЖІӨ өсімін және іскерлік белсенділік индексінің төмендеуіне тоқталды.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
Жұма күні теңге бағамы АҚШ долларымен бірге KASE биржасында сәл түзетілді. Бір жағынан, теңгеге мұнайдың қымбат болуы оң ықпал етуде. Мұнай секторы жұма күні қалыпты түзету аймағында болды. Brent баррелі 75,53 доллар тұрады және аптаның соңында 75-76 доллар аралығында саудалануы мүмкін. Америка валютасы нарықты бір серпілтті. АҚШ-та бөлшек сауда бойынша статистикалық деректер шыққаннан кейін, доллар айтарлықтай күшейе түсті.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 424,50-426,00 теңге, бір еуро 500-505 теңге, бір рубль 5,84-5,87 теңге, бір юань 66-66,5 теңге болады.
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
Бес күндік жұмыс нәтижелері бойынша теңгенің рубльдан басқа валюталарға қатысты бағамы нығайды. Қазақстан валютасына жоғары инфляция қысым көрсетіп отыр, ал ҚРҰБ-ның негізгі пайыздық мөлшерлемені өткен дүйсенбіде көтеруі елдегі бағаның өсуіне айтарлықтай әсер етуі екіталай, көрсеткіш кейбір өңірлерде 11,4%-ға жетті. Ұлттық Банк 2021 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 7,5-8,5% дәлізінде, ал Қазақстанның ЖІӨ өсімін 3,5-3,8% деңгейінде болады деп отыр. Осылайша, Досаевтың инфляцияны 8%-дан төмен деңгейге дейін қайтаруға болатындығы туралы алдыңғы мәлімдемелері жоққа шығатын тәрізді.Қазақстандағы макроэкономикалық деректерге келетін болсақ, 14 қыркүйектегі үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстанның ЖІӨ 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында 3%-ға өскенін мәлімдеді. Келесі аптада бір доллар 424-427 теңге, бір еуро 498-505 теңге, бір рубль 5,75-5,95 теңге, бір юань 65,75-66,35 теңге шамасында болуы ықтимал.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Қазақстан қор биржасында теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Мұндай динамика аптаның соңында мұнайдың әлемдік бағасы төрт күнде 3-4% өскеннен кейін төмендеген кезде байқалды. Нарық қазір жеткізілім тапшылығын сезінуде, ішінара ОПЕК + альянсының өндірісті шектеуге қатысты шешіміне байланысты. Сондай-ақ Ида дауылынан кейін Мексика шығанағындағы жеткізілімдердің үзілуіне қатысты алаңдаушылық бар. Нарықтағы қазіргі жағдай біраз уақытқа созылуы мүмкін. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 425-427 теңге, бір еуро 501-503 теңге, бір юань 66-66,5 теңге, бір рубль 5,9-6,3 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Мұнай бағасы 75 долларға дейін өсті. Кейбір инвестициялық банктер мұнай бағасы 100 долларға дейін өсуі мүмкін деп топшылап отыр. АҚШ-та тамыз айында инфляция баяулады, бұл дамыған елдердегі инфляция шыңында немесе осы шыңнан өтті деген оптимизмнің орнауына себеп болды. Ірі экономикалардағы инфляцияның төмендеуі Қазақстандағы инфляциялық қысымды да төмендетеді. Қазақстанның Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9,5%-ға дейін көтерді. Біз реттеушінің инфляцияны тұрақтандыруға және теңгелік активтердің тартымдылығын сақтауға бағытталған шешімін құптаймыз. Келесі шешім қазан айының соңына қабылданады, егер инфляция қыркүйекте тұрақталатын болса, реттеуші мөлшерлемені жыл соңына дейін өзгеріссіз сақтай алады. Келесі аптада бір доллар 420-4275теңге, бір еуро 504-510 теңге, бір рубль 5,80-5,85 теңге, бір юань 66,0-66,5 теңге шамасында болуы ықтимал.