Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
12.9.2021 |
424-427 |
ГК «ФИНАМ»
12.9.2021 |
424-428 |
Forex Club
12.9.2021 |
424-426 |
DAMU Capital Management
12.9.2021 |
425-428 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
12.9.2021 |
5,80-5,85 |
ГК «ФИНАМ»
12.9.2021 |
5,75-5,95 |
Forex Club
12.9.2021 |
5,4-5,7 |
DAMU Capital Management
12.9.2021 |
5,9-6 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
12.9.2021 |
500-507 |
ГК «ФИНАМ»
12.9.2021 |
502-507 |
Forex Club
12.9.2021 |
502-504 |
DAMU Capital Management
12.9.2021 |
505-510 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
12.9.2021 |
65-67 |
ГК «ФИНАМ»
12.9.2021 |
66,00-66,35 |
Forex Club
12.9.2021 |
65,8-66,1 |
DAMU Capital Management
12.9.2021 |
66,3-66,5 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (13-17 қыркүйек).
6 – 10 қыркүйекке арналған валюта болжамы
Мұнай бағасы мен экономиканың қалпына келуі қазақстандық валюта бағамының айқындайтын негізгі факторлар болып қала береді. Inbusiness.kz сайтында өз болжамын жариялаған сарапшылар Ида дауылын, сұранысты, ОПЕК+ елдерінің өндірісті шектеуін атап өтті.Экономикаға келетін болсақ, сарапшылар бірінші кезекте жоғары инфляцияға, сондай-ақ ҚР Президентінің бағаның өсуін тұрақтандыру үшін шұғыл шаралар қабылдау туралы нұсқауларына назар аударды. Сондай-ақ сарапшылар мен инвесторлар ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім қабылдауын күтуде.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
Шикізаттық тұрақтылық және жаһандық инвесторлардың тәуекелге деген қызығушылығының сақталуы теңге бағамын таяудағы уақытта орнықтылық пен бейтараптықпен қамтамасыз етеді. Brent баррелінің бағасы 71,50-73,00 доллар аралығында.Тәуекелге қызығушылық бар, бірақ айтарлықтың көп емес. Капитал нарықтары тым жоғары көтерілді. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 424-427 теңге, бір еуро 500-507 теңге, бір рубль 5,80-5,85 теңге, бір юань 65-67 теңге болады.
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
Өткен аптаның нәтижелері бойынша теңгенің барлық валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Ида дауылынан кейін тұрақтала алмаған инфляция мен мұнай бағасының тұрақсыздығы салдарынан қазақстандық валюта қысымға ұшырады. Сондай-ақ Штаттардағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын атап өту керек, бұл инвесторлардың түрлі реакциясын тудырды. Айта кету керек, кейбір америкалық әуе компаниялары дельта штамының таралуына байланысты билеттер сатылымының баяулағанын мәлімдеді.
Сарапшылар мен инвесторлар 13 қыркүйекте ҚР ҰБ негізгі мөлшерлемеге қатысты шешімін күтуде. Азық-түлік бағасының өсуі осы жазда жеделдеп, тамыз айында кейбір аймақтарда 11,4%-ға жетті, бұл 2020 жылы азық-түлік бағасының 4,4%-ға өсуінен айтарлықтай жоғары болды. Келесі аптада бір доллар 424-428 теңге, бір еуро 502-507 теңге, бір рубль 5,75-5,95 теңге, бір юань 66,00-66,35 теңге шамасында болуы ықтимал.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Қазақстан қор биржасында жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Ұлттық валютаның негативті динамикасына мұнай бағасының өсуі кедергі болған жоқ. Сонымен бірге Қытайдың азық-түлік және материалдық резервтерін мемлекеттік басқарудың әрекеттері шикізат нарығына әлі де қысым көрсетуде. Ол алғаш рет мемлекеттік резервтерден мұнайды аукционға шығарады. Мұндай шешімді Қытай билігі шикізат бағасының өсуіне байланысты өндірістік кәсіпорындарға қысымды төмендету үшін қабылдады. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 424-426 теңге, бір еуро 502-504 теңге, бір юань 65,8-66,1 теңге, бір рубль 5,4-5,7 теңге болады.
Мұрат Қастаев, "DAMU Capital Management" ЖШС бас директоры:
Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны төмендеуде, дельта штамының қауіптілігі басылды. Әлем халқы неғұрлым көп вакцинацияланса, пандемияның жаңа толқыны соғұрлым әлсіз болады.
Мұнай бағасы жоғары сұраныс пен ОПЕК+ елдерінің өндірісті шектеуі арқасында тұрақты болып қала береді. Нарықтар АҚШ пен ҚХР басшылары арасындағы алғашқы телефон арқылы сөйлесуіне оң бағасын берді. Бұл державалар арасындағы шиеленісті азайтуға және сындарлы сауда келіссөздерін қайта бастауға бағытталған қадам болуы мүмкін.
Тамыз айында Қытайдағы экспорт пен импорт көрсеткіштері оң нәтижеге ие болды. Ресейдің орталық банкі негізгі мөлшерлемені 6,75% -ға дейін көтерді.Қазақстан Ұлттық Банкі дүйсенбіде базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім қабылдайды. Біздің ойымызша, реттеуші мөлшерлемені 0,25% -ға, 9,50% белгісіне дейін көтеруі мүмкін.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 425-428 теңге, бір еуро 505-510 теңге, бір юань 66,3-66,5 теңге, бір рубль 5,9-6 теңге болады.