Валюта болжамы: 6-10 қыркүйек

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
425,875

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
05.9.2021
424-427
ГК «ФИНАМ»
05.9.2021
423-428
Forex Club
05.9.2021
425-428
DAMU Capital Management
05.9.2021
425-427
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,901

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
05.9.2021
5,78-5,88
ГК «ФИНАМ»
05.9.2021
5,75-5,90
Forex Club
05.9.2021
6-6,3
DAMU Capital Management
05.9.2021
5,75-5,85
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
503,750

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
05.9.2021
498-505
ГК «ФИНАМ»
05.9.2021
503-508
Forex Club
05.9.2021
502-504
DAMU Capital Management
05.9.2021
500-510
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
66,094

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
05.9.2021
65,8-66,5
ГК «ФИНАМ»
05.9.2021
65,75-66,90
Forex Club
05.9.2021
65,9-66,3
DAMU Capital Management
05.9.2021
65,75-65,85

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (6-10 қыркүйек).

6-10 қыркүйек

 

30 тамыз  – 3 қыркүйекке арналған валюта болжамы  

 

 

 

Күздің алғашқы айында да қазақстандық валютаға әдеттегі факторлар әсер етті. Inbusiness.kz сайтында өз болжамымен бөліскен сарапшылар мұнай жеткізіліміндегі іркілістер мен инфрақұрылымның бұзылуына әкеп соқтырған мұнай бағаларын сөз етті. Сонымен қатар, сарапшылар ОПЕК+ бұрын бекіткен келісімді және АҚШ-тағы мұнай бұрғылау қондырғыларының саны туралы мәліметті туралы да өз ойларымен бөлісті.

Ішкі факторларға келер болсақ, сарапшылар ҚР президентінің инфляцияны төмендету туралы тапсырмасына, сондай-ақ мәжіліс депутаттарының ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы, сондай-ақ бюджет туралы заң жобаларына қаулылар қабылдауына тоқталды.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

6-10 қыркүйек

Қазақстандық теңге үшін мұнайдың қымбат болуы мен жаһандық инвесторлардың тәуекелге деген оң көзқарасы маңызды болып қалып отыр.  Осы факторлар жергілікті валютаны жеткілікті тепе-теңдік жағдайында ұстауда. Қыркүйектің жаңа аптасында осы факторлардың әсері сақталады. Brent маркалы мұнайдің 72 доллардан жоғары болуы теңгеге демеу болып отыр.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 424-427 теңге, бір еуро 498-505 теңге, бір рубль 5,78-5,88 теңге, бір юань 65,8-66,5 теңге болады.

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

6-10 қыркүйек Теңгенің еуро мен рубльге қатысты бағамы айтарлықтай әлсіреді, юаньға қатысты бағамы нығайды. Мұндай динамикаға мұнай бағасының өсуі мен  АҚШ пен ЕО-да активтерді сатып алу бағдарламасының қысқаруы туралы мәліметтер түрткі болды. Осы аптада мұнай бағасы Ида дауылы ойран салғаннан кейін өсті. Бұл инфрақұрылымның жаппай бұзылуына және Мексика шығанағынан мұнай жеткізілімінің бұзылуына әкелді. Қазіргі уақытта Иллинойс штатындағы төрт ірі мұнай өңдеу зауыты әлі де жабық, көптеген мұнай платформалары тікұшақ алаңдары мен құбырларды жөндеуді қажет етеді. Мұнай индустриясы үшін ОПЕК+ альянсының бұрын қол жеткізілген келісімді ұстану туралы шешім маңызды оқиға болды.ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны 2021 жылдың соңына дейін 4-6% дәлізге дейін төмендетуді тапсырды. Сондай-ақ президент дағдарыс жағдайында экономика мен бизнесті қолдауды қаржыландыруға 1 трлн теңге бөлінгенін хабарлады.

Келесі аптада бір доллар 423-428 теңге, бір еуро 503-508 теңге, бір рубль 5,75-5,90 теңге, бір юань 65,75-66,90 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

6-10 қыркүйек

Қазақстан қор биржасындағы теңге бағамы жұма күні инерция бойынша қымбаттады.  Барлық валюталарға қатысты бағамы нығайды.  Мұнай бағасының көтерілуіне АҚШ-тың Луизиана штатындағы тоғыз мұнай өңдеу зауытының жұмысына әсер еткен Ида дауылы ықпал етті. Алайда дауыл кейінірек бәсеңдеп, АҚШ-тың Мексика шығанағындағы мұнай өндірушілер өз қызметін қайта бастады.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар  425-428 теңге, бір еуро  502-504 теңге, бір юань  65,9-66,3 теңге, бір рубль 6-6,3 теңге болады.

 

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

6-10 қыркүйек

Коронавирустық пандемия нарықтағы басты тақырып болып қала береді. Үшінші толқын біртіндеп бәсеңдеді, бірақ кей толқулар инвесторларды алаңдатып отыр. Мексика шығанағындағы өндірісті және бірнеше штаттағы мұнай өңдеу зауыттарының жұмысын тоқтатқан «Ида» дауылының салдарынан АҚШ-тағы отын қорының азайып, мұнай бағасы 70-75 долларға саудаланып жатыр.  Геосаяси сахнада Ауғанстандағы жағдай басты назарда қалып отыр. АҚШ-та тамыз айында жаңа жұмыс орындары мен жұмыспен қамту туралы мәлімет көңіл көншітіп отырған жоқ. Бір жағынан, бұл америкалық экономиканың қалпына келуінің баяулауын көрсетеді, ал екінші жағынан,  Федералды қор жүйесі ставкалардың жоспарланған өсуін кейінге қалдыруы мүмкін.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 425-427 теңге, бір еуро 500-510 теңге, бір рубль 5,75-5,85 теңге, бір юань 65,75-65,85 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу