Валюта болжамы: 30 тамыз – 3 қыркүйек

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
426,050

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
28.8.2021
424,50-427,00
ГК «ФИНАМ»
28.8.2021
424-430
Forex Club
28.8.2021
423-425
SoftLink
27.8.2021
423-430
Swissquote Bank
28.8.2021
424-430
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,722

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
28.8.2021
5,73-5,77
ГК «ФИНАМ»
28.8.2021
5,60-5,85
Forex Club
28.8.2021
5,5-5,7
SoftLink
27.8.2021
5,71-5,86
Swissquote Bank
28.8.2021
5,65-5,85
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
501,300

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
28.8.2021
498-505
ГК «ФИНАМ»
28.8.2021
498-505
Forex Club
28.8.2021
499-501
SoftLink
27.8.2021
496-507
Swissquote Bank
28.8.2021
499-505
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
65,695

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
28.8.2021
65-67
ГК «ФИНАМ»
28.8.2021
65,50-66,25
Forex Club
28.8.2021
65,4-65,7
SoftLink
27.8.2021
65,6-66,3
Swissquote Bank
28.8.2021
64,2-66

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (30 тамыз – 3 қыркүйек).

30 тамыз – 3 қыркүйек

 

23 шілде – 27 шілдеге арналған валюта болжамы

 

 

Экономикалық нарықтағы жаздың басты оқиғасы АҚШ-тағы ФРЖ-нің  Джексон-Хоулдағы симпозиумы болды. Инвесторлар ФРЖ басшысы Джером Пауэлл АҚШ-тағы монетарлық ынталандыруларды қысқарту бастамасына қатысты түсініктеме береді деп күтті. Сондай-ақ Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар симпозиум қарсаңында доллардың өзгерісін атап өтті. Мұнай бағасының динамикасы сияқты дәстүрлі факторға келетін болсақ, оларға доллар бағамынан басқа, АҚШ-тағы қорлардың азаюы және Мексика шығанағындағы тропикалық дауылдың салдарынан өндірістің тоқтауы әсер етті.Сарапшылар Қытайдағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын, Ауғанстандағы жағдайды және Қазақстан үкіметінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджет параметрлерінің бекітілуін атап өтті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

30 тамыз – 3 қыркүйек

Капитал нарықтарындағы тәуекелге деген көзқарас сақталуда: індет әлі басылмады, қауіпсіз активтерге деген сұраныс жеткілікті, оптимизм де бар, айтарлықтай көп емес. Шикізат факторы болса, оң динамика танытып отыр. Brent баррелінің бағасы нарықтың құлдырауынан кейінгі техникалық қалпына келтіру нәтижесінде шамамен 71 долларға жетті. Жаңа аптада осы факторлардың барлығы өз күшінде қалады.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 424,50-427,00 теңге, бір еуро 498-505 теңге, бір рубль 5,73-5,77 теңге, бір юань 65-67 теңге болады.

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

30 тамыз – 3 қыркүйек Өткен аптаның нәтижелері бойынша теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Осы аптада инвесторлардың дельта штамының таралуына қатысты алаңдаушылығының біртіндеп бәсеңдегеніне қарамастан доллардың күшеюі жалғасты. Бұл мұнай бағасының өсуіне оң әсер етті. Қытайдың денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің инфекциялар саны нөлге дейін азайды деген мәлімдемесі шикізаттың оңалуына түрткі болды. Доллар өсуін баяулатса да, жалпы алғанда тоғыз айлық максимумда тұр. Ауғанстандағы шиеленісті жағдай инвесторлар арасындағы тәуекелге деген тәбетіне әсер ететінін атап өткен жөн. Қазақстан, Орталық Азия аймағының басқа елдері сияқты тәліптер басып алған елдегі жағдайдың одан әрі дамуының салдарын қандай да бір дәрежеде сезінеді.

Макроэкономикалық статистикаға келетін болсақ, ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев үкімет отырысында елдің 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды. Болжамға сүйенсек, Қазақстанда ЖІӨ өсімі 2022 жылы 3,9%-ға жетеді, ал 2026 жылға қарай 5,2%-ға дейін өсуі мүмкін.

Келесі аптада бір доллар 424-430 теңге, бір еуро 498-505 теңге, бір рубль 5,60-5,85 теңге, бір юань 65,50-66,25 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

30 тамыз – 3 қыркүйек

Жұма күні Қазақстан қор биржасындағы теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Ұлттық валютаның әлсіреуіне мұнай бағасының көтерілуі айтарлықтай әсер етпеді.АҚШ-та жарияланған мұнай қорлары туралы мәлімет қара алтынның құнына оң ықпалын тигізді. Бір апта ішінде мұнай өндірісінің көлемі өзгерген жоқ. Сонымен қатар инвесторлар Baker Hughes мұнай сервистік компаниясынан АҚШ-тағы мұнай бұрғылау қондырғыларының саны бойынша деректердің жариялануын күтуде.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар  423-425 теңге, бір еуро  499-501 теңге, бір юань  65,4-65,7 теңге, бір рубль 5,5-5,7 теңге болады.

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

30 тамыз – 3 қыркүйек

Өткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы өзгермеді, басқа валюталарға қатысты бағамы сәл әлсіреді. Бұған Джексон-Хоулдағы жыл сайынғы ФРЖ симпозиумының алдында АҚШ доллары индексінің төмендеуі сияқты фактор әсер етті. Долларға кері ықпалын тигізген фактор – демократиялық партия өкілдерінің коронавирустық індеттің салдарын жою үшін экономиканы ынталандыру көлемін 3,5 трлн долларға дейін арттыру жоспары. Қазақстан Үкіметі елдің экономикалық дамуын көздейтін 2022-2024 жылдарға арналған бюджет параметрлерін бекітті. ЖІӨ-ге қатысты бюджет тапшылығы 2022 жылғы 3,3%-дан 2024 жылы 2,5%-ға дейін қысқаруы тиіс. Сонымен қатар үкімет 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын қарастырды. Базалық сценарий кезінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуі 4,8%-ды, оптимистік сценарий бойынша 5%-ды және пессимистік сценарий бойынша 4,6%-ды құрауы мүмкін.

Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 423-430 теңге, бір еуро 496-507 теңге, бір рубль 5,71-5,86 теңге, бір юань 65,6-66,3 теңге болады.

 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу