Валюта болжамы: 23-27 тамыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
426,500

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.8.2021
425-428
ГК «ФИНАМ»
22.8.2021
424-430
Forex Club
22.8.2021
425-427
SoftLink
22.8.2021
423-430
Swissquote Bank
22.8.2021
424-429
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,727

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.8.2021
5,75-5,80
ГК «ФИНАМ»
22.8.2021
5,60-5,85
Forex Club
22.8.2021
5,5-5,8
SoftLink
22.8.2021
5,69-5,83
Swissquote Bank
22.8.2021
5,65-5,8
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
510,000

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.8.2021
495-505
ГК «ФИНАМ»
22.8.2021
497-503
Forex Club
22.8.2021
498-500
SoftLink
22.8.2021
595-504
Swissquote Bank
22.8.2021
498-505
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
65,560

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.8.2021
64-67
ГК «ФИНАМ»
22.8.2021
65,30-65,90
Forex Club
22.8.2021
65,4-65,7
SoftLink
22.8.2021
65,4-65,8
Swissquote Bank
22.8.2021
64,9-66,2

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (23-27 тамыз).

23-27 тамыз

 

16 шілде – 20 шілдеге арналған валюта болжамы

 

 

 

Алдағы аптада теңге бағамының қалыптасуына әдеттегіде сыртқы факторлар әсер етеді. Сарапшылар дельта штамының таралуы аясында мұнай бағасының төмендеуіне назар аударды. Шикізат нарығына Қытай мен АҚШ арасындағы әуе тасымалы қақтығысы, Қытай экономикасы туралы мәлімет және АҚШ ФҚЖ шілдедегі отырысының хаттамасы жарияланғаннан кейін америкалық доллар индексінің өсуі әсер етті. Сонымен қатар сарапшылар шілде айында АҚШ-тағы инфляцияның жеделдеуін және алдағы Джексон Хоул симпозиумын атап өтті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

23-27 тамыз

Соңғы уақытта көптеген қосымша құбылмалылық пен тұрақсыздық болды, қазір жағдай реттеліп келеді. Инвесторлар үшін энергия бағасы және тәуекелге деген көзқарас әлі де маңызды болып қала береді. Brent баррелі 65-68 доллар аралығында саудаланып жатыр. Сауда-саттыққа қатысушылар Азия елдері әлеуметтік шектеулер енгізеді деп күдіктеніп отыр. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 425-428 теңге, бір еуро 495-505 теңге, бір рубль 5,75-5,80 теңге, бір юань 64-67 теңге болады.

 

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

23-27 тамыз Жұмыс аптасының нәтижелері бойынша теңге долларға қатысты айтарлықтай әлсіреді. Бірақ басқа валюталарға қатысты бағамы аздап нығайды.Сонымен көптеген инвесторлар Азия-Тынық мұхиты аймағында коронавирустың дельта штамының таралуы, Австралия мен Жаңа Зеландиядағы локдауналардың ұзартылуы, сондай-ақ АҚШ-тағы індеттің өршуі аясында қауіпті активтерден қорғаныс активтеріне көшуде. Қытайда шілде айында бөлшек сауда және өнеркәсіптік өндіріс туралы деректерді атап өткен жөн, бұл экономиканың қалпына келуінің баяулауын білдіреді.

Мұнай бағасына келетін болсақ, үнді штамының таралуы қара алтын бағасының 6%-ға құлдырауына әкеліп соқты. Қытай мен АҚШ арасындағы әуе тасымалы қақтығысы да теріс әсер етті, нәтижесінде екі ел арасындағы кейбір рейстердің жүктемесі 40%-ға азаяды.

Жақында Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі ҚР рейтингін тұрақты болжаммен «ВВВ» деңгейінде растады. Агенттік өз есебінде елдің тұрақты фискалдық ұстанымын, тұрақты сыртқы сауда теңгерімін және мемлекеттік қарыздың төмен деңгейін атап өтіп, ЖІӨ 2021 жылы 3,5%-ға өседі деп болжады.

Келесі аптада бір доллар 424-430 теңге, бір еуро 497-503 теңге, бір рубль 5,60-5,85 теңге, бір юань 65,30-66,90 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

23-27 тамыз

Қазақстан қор биржасындағы теңге бағамы жұма күні долларға қатысты біршама төмендеді, бірақ Ресей рубліне қатысты бағамы нығая түсті. Осы аптаның соңына қарай мұнай бағасының төмендеуі аясында теңге құбылды. Бүкіл апта бойы мұнайға деген сұраныстың қалпына келуіне қатысты алаңдаушылық басым болды. Сондай-ақ, АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің шілде айындағы отырысының хаттамасы жарияланғаннан кейін, Қытай экономикасы мен доллар бағамының нығаюы туралы негативті мәлімет жарияланды. Жұма күні мұнай нарығындағы жағдай қалпына келе бастады.Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар  425-427 теңге, бір еуро  498-500 теңге, бір юань  65,4-65,7 теңге, бір рубль 5,5-5,8 теңге болады.

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

23-27 тамыз

Өткен аптада теңге бағамы АҚШ долларына қатысты біршама әлсіреп, қалған барлық валюталарға қатысты бағамы нығайды. Дельта штамының таралуына және Тынық мұхиты аймағында: Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Малайзия, Филиппин, Таиланд, Австралия және Жаңа Зеландияда карантин енгізілуіне байланысты Brent бір апта ішінде 7%-ға арзандады. Алайда бұл теңгеге айтарлықтай кері әсер еткен жоқ. Шілдеде АҚШ-тағы инфляцияның 5,4%-ға дейін өсуі аясында инвесторлар 28 тамызда өтетін Джексон Хоулдағы ФРЖ-ның жыл сайынғы симпозиумында ақша саясатын қатаңдатуы мүмкін. Fitch Ratings халықаралық агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 423-430 теңге, бір еуро 495-504 теңге, бір рубль 5,69-5,83 теңге, бір юань 65,4-65,8 теңге болады.

 

 

 

Ерлан Айтек, Swissquote Bank серіктесі:

23-27 тамыз Рубль наурыз айының ортасынан бергі құлдыраудың ең ұзақ кезеңіне тап болды, өйткені дельта штамына қатысты алаңдаушылық тәуекелге деген тәбетті төмендетті. Ресейлік облигациялардың кірістілігі үшінші апта қатарынан өседі. Жұма күні АҚШ доллары негізгі аналогтарымен салыстырғанда 9,5 айда жаңа деңгейге жетті. Дельта коронавирусының нұсқасы әлемдік экономиканың қалпына келуін кешіктіруі мүмкін деген қорқыныш тудырып отыр.Ал орталық банктер ынталандыру шараларын тоқтата бастады. Валюта нарықтарындағы өзгерістер бейсенбіге қарағанда әлдеқайда аз болғанмен, қор нарықтары тұрақтанған сайын Австралия мен Жаңа Зеландия доллары қайтадан құлдырады.

Валюталық болжам: USD/KZT 424-429; EUR/KZT 498-505; RUR/KZT 5,65-5,8; CHY/KZT 64,9-66,2.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу