Валюта болжамы: 16-20 тамыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
425,417

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
15.8.2021
424-428
ГК «ФИНАМ»
15.8.2021
423-427
Forex Club
15.8.2021
425-427
SoftLink
15.8.2021
422-428
Swissquote Bank
15.8.2021
422-428
DAMU Capital Management
15.8.2021
424-427
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,832

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
15.8.2021
5,75-5,85
ГК «ФИНАМ»
15.8.2021
5,75-5,90
Forex Club
15.8.2021
5,8-6
SoftLink
15.8.2021
5,73-5,85
Swissquote Bank
15.8.2021
5,8-5,9
DAMU Capital Management
15.8.2021
5,8-5,85
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
508,667

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
15.8.2021
497-506
ГК «ФИНАМ»
15.8.2021
495-505
Forex Club
15.8.2021
499-501
SoftLink
15.8.2021
596-507
Swissquote Bank
15.8.2021
498-505
DAMU Capital Management
15.8.2021
495-500
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
65,750

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
15.8.2021
65,5-66,2
ГК «ФИНАМ»
15.8.2021
65,30-65,80
Forex Club
15.8.2021
65,7-66
SoftLink
15.8.2021
65,4-65,9
Swissquote Bank
15.8.2021
65,6-65,9
DAMU Capital Management
15.8.2021
65,7-66

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (16-20 тамыз).

16-20 тамыз

 

9 шілде – 13 шілдеге арналған валюта болжамы

 

 

Inbusiness.kz басылымында өз болжамымен бөліскен сарапшылардың назары әлемдегі эпидемиологиялық жағдайда. Олар дельта мен йота штамдарының таралуы шикізатқа деген сұраныстың төмендеуіне әсер етіп отырғанын айтуда. Ішкі триггерлерге келетін болсақ, сарапшылар Қазақстандағы инфляцияның, сонымен қатар 2021 жылы ЖІӨ-нің өсетінін сөз етті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

16-20 тамыз

Апта ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 0,3%-ға , еуроға қатыстысы 0,29%-ға нығайды. Бір апта ішінде АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамының әлсіреуі доллардың әлемнің көптеген валюталарына қатысты бағамының әлсіреуіне байланысты болды. Шілдеде АҚШ-тағы инфляция 4,5%-ға дейін баяулады. Осы дерек жарияланғаннан кейін, доллардың нығаюы тоқтады. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 424-428 теңге, бір еуро 497-506 теңге, бір рубль 5,75-5,85 теңге, бір юань 65,5-66,2 теңге болады.

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

16-20 тамыз Дельта штамының таралуы және АҚШ-та жаңа йота штамның табылуына қарамастан, Қазақстан валютасы нығаюда. Инвесторлар АҚШ, Жапония, Қытай және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы эпидемиологиялық жағдайға алаңдаулы. Жалпы, қазіргі уақытта мұнай нарығы өте құбылмалы.

Елімізде өндірістік белсенділіктің қалпына келуі байқалады. II тоқсанда кәсіпорындар қуатының орташа жүктемесі I тоқсанмен салыстырғанда 53,5%-ға дейін өсті.

Келесі аптада бір доллар 423-427 теңге, бір еуро 495-505 теңге, бір рубль 5,75-5,90 теңге, бір юань 65,30-65,80 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

16-20 тамыз

Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Халықаралық энергетикалық агенттігі 2021 жылғы әлемдік сұраныс туралы болжамын жариялағаннан кейін, шикізат арзандады. Агенттік биылғы сұраныс көлемі 5,4 млн баррельге емес, 5,3 млн баррельге артады деп отыр. Сонымен қатар олар індеттің таралуына байланысты Қытайдағы сұраныс төмендейді деген болжам жасады. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар  425-427 теңге, бір еуро  499-501 теңге, бір юань  65,7-66 теңге, бір рубль 5,8-6 теңге болады.

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

16-20 тамыз

Өткен аптада теңгенің юаньға қатысты бағамы күшейіп, рубльге қатыстысы аздап әлсіреді. АҚШ доллары мен еуроға қатысты бағамы өзгермеді деуге болады. Мұндай динамикаға сыртқы факторлар әсер еткен болу керек. Өйткені еуроның долларға шаққандағы бағамы да өзгерген жоқ. Brent бағасы тұрақты, қазір оның бір баррелінің бағасы 70 доллардан жоғары.

ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Ерболат Досаев Қазақстандағы инфляция соңғы төрт жылда ең жоғары деңгейге жеткенін,яғни шілдеде 8,4% болғанын мәлім етті. Дегенмен Ұлттық Банк 2021 жылдың соңына қарай тұтыну бағаларының өсу қарқыны 6-7%-ға дейін баяулайды деген пікірде. Бұл мәлімдеме теңгенің тұрақтылығына оң әсер етті.Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 422-428 теңге, бір еуро 496-507 теңге, бір рубль 5,73-5,85 теңге, бір юань 65,4-65,9 теңге болады.

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

16-20 тамыз

Өткен аптада мұнай бағасы біршама төмендеді. Коронавирустың жаңа штамдарының таралуы шикізатқа деген сұраныс көлеміне кері әсерін тигізіп отыр. Пандемияның жаңа толқыны бәсеңдемей тұр. АҚШ ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді арттыруы керек деген мәлімдеме жасады. Салдарынан Brent мұнайы арзандады. Moody ' s халықаралық агенттігі Қазақстанның рейтингін Baa2-ге дейін көтерді, ал Fitch агенттігі «тұрақты» деген болжам жасап, рейтингті ВВВ деңгейінде растады. Агенттіктердің сарапшылары пандемиядан кейін Қазақстан экономикасының қалпына келуіне оң бағасын берді.

Келесі аптада бір доллар 424-427 теңге, бір еуро 495-500 теңге, бір рубль 5,8-5,85 теңге, бір юань 65,7-66 теңге шамасында болуы ықтимал.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу