Валюта болжамы: 9– 13 тамыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
424,250

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.8.2021
423-426
ГК «ФИНАМ»
08.8.2021
423-426
Forex Club
08.8.2021
423-425
SoftLink
08.8.2021
423-429
DAMU Capital Management
08.8.2021
420-423
Swissquote Bank
08.8.2021
422-428
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,773

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.8.2021
5,75-5,85
ГК «ФИНАМ»
08.8.2021
5,75-5,90
Forex Club
08.8.2021
5,5-5,9
SoftLink
08.8.2021
5,73-5,85
DAMU Capital Management
08.8.2021
5,70-5,75
Swissquote Bank
08.8.2021
5,7-5,9
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
510,750

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.8.2021
500-508
ГК «ФИНАМ»
08.8.2021
498-505
Forex Club
08.8.2021
502-504
SoftLink
08.8.2021
597-507
DAMU Capital Management
08.8.2021
495-505
Swissquote Bank
08.8.2021
500-508
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
65,608

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.8.2021
65-67
ГК «ФИНАМ»
08.8.2021
65,50-66,10
Forex Club
08.8.2021
65,2-65,6
SoftLink
08.8.2021
65,3-65,9
DAMU Capital Management
08.8.2021
65-65,5
Swissquote Bank
08.8.2021
65,4-65,8

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (9– 13 тамыз).

9– 13 тамыз

 

2 шілде – 6 шілдеге арналған валюта болжамы

 

 

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы мұнай бағасының қалыптасуына әдеттегідей әсер етеді деген пікірде inbusiness.kz сайтында өз болжамдарымен бөліске сарапшылар. Олар бірқатар елде жаңа шектеулердің енгізілуіне байланысты энергия көздеріне деген сұраныстың төмендегенін атап өтті. Сондай-ақ бағаның қалыптасуына ықпал ететін АҚШ-тағы мұнай қоры туралы мәлімет және Таяу Шығыстағы шиеленіс туралы сөз қозғады.

Сарапшылар Қазақстанда шілдедегі инфляцияның өсуіне назар аударды. Осы орайда ҚР Ұлттық Банкі мөлшерлемені тағы да көтеруі мүмкін. Еуроодақ көміртегі салығын енгізсе, қазақстандық мұнайдың экспортын Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияға қайта бағытталуы ықтимал.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

9– 13 тамыз

Тамыздың жаңа аптасында теңге бағамына шикізат бағалары және жаһандық нарықтың тәуекелге деген қатынасы әсер етеді. Екінші фактор қазір біршама ықпалға ие болып отыр. Бір қызығы, Ұлттық банк қазір теңге позициясының нығаюына кедергі келтірмейді. Бұл жақсы белгі деген сөз.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 423-426 теңге, бір еуро 500-508 теңге, бір рубль 5,75-5,85 теңге, бір юань 65-67 теңге болады.

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

9– 13 тамыз Өткен аптаның нәтижелері бойынша Қазақстан валютасының доллар мен еуроға қатысты бағамы біршама нығайып, рубль мен юаньға қатысты бағамы өзгеріссіз қалды. Теңге бағамы соңғы бірнеше күнде айтарлықтай төмендеген мұнай бағаларына тәуелді. Алайда аптаның соңына шикізат қымбаттай бастады.Бұл көбінесе инвесторлардың дельта штамының таралуына қатысты алаңдаушылығына байланысты. Азияның бірқатар елінде қосымша шектеу шаралары енгізілді. Науқастар саны АҚШ-та өсуде. Мұнай бағасына EIA агенттігінің апталық деректері де қысым көрсетті.Макроэкономикалық көрсеткіштерге келетін болсақ, ҚР Ұлттық статистика бюросының шілде айындағы инфляция бойынша жақында жарияланған деректері 0,7% м/м немесе 8,4% г/г өсімді көрсетті. Келесі аптада бір доллар 423-426 теңге, бір еуро 498-505 теңге, бір рубль 5,75-5,90 теңге, бір юань 65,50-66,10 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

9– 13 тамыз

Қазақстан қор биржасындағы теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған әсер еткен фактор – шикізат бағасының өсуі. Апта басынан бері эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы аясында мұнай бағасы 6%-ға төмендеген еді. Қытайдағы «дельта» штамын жұқтырғандар санының өсуінен кейін, қозғалысқа қосымша шектеулер енгізілді. Яғни артынан шикізатқа деген сұранысты азайды. Еуроодақ шикізат салығын енгізсе, Қазақстан ЕО-ға бағытталған экспортын қысқартып, оны Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жібере бастауы мүмкін. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар  423-425 теңге, бір еуро  502-504 теңге, бір юань  665,2-65,6 теңге, бір рубль 5,5-5,9  теңге болады.

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

9– 13 тамыз

Өткен аптада теңге бағамы барлық негізгі валюталарға қатысты нығайды. Brent баррелінің бағасы әлі де 70 доллардан жоғары.

Инвесторлар шілде айында инфляцияның өсуінен кейін Ұлттық Банк мөлшерлемені көтеретінінен үмітті. Тағы бір оң фактор – ресурстарды өндіру мен экспорттаудың ұлғаюы. 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында темір кенін өндіру көлемі бір жарым есе өсті. Қазақстанның Энергетика министрлігі 2025 жылға қарай газ өндіруді 2020 жылмен салыстырғанда шамамен 15% - ға ұлғайтуды көздеп отыр. 2021 жылғы қаңтар-мамырда қазақстандық бидайдың экспорты 2,3 млн тоннаға жетті. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 423-429 теңге, бір еуро 497-507 теңге, бір рубль 5,73-5,85 теңге, бір юань 65,3-65,9 теңге болады.

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

9– 13 тамыз

Мұнай бағаларына Қытайда дельта штамының кең етек жаюы кері әсерін тигізіп отыр. Салдарынан бір апта ішінде Brent бағасы 75 доллардан 71 долларға дейін түсіп кетті.АҚШ-та шілде айындағы еңбек нарығы туралы мәлімет бойынша, жұмыссыздық деңгейі төмендеді және билік жаңа шектеулер енгізбейтінін мәлім етті. ҚХР-да жаңа шектеулер енгізілді. Бұл қытайлық, ал одан кейін әлемдік экономиканың қалпына келуін баяулатуы және Қазақстанның экспорттық тауарларына деген сұранысты азайтуы мүмкін.

Келесі аптада бір доллар 420-423 теңге, бір еуро 495-505 теңге, бір рубль 5,70-5,75 теңге, бір юань 65-65,5 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

 

Ерлан Айтек, Swissquote Bank серіктесі:

9– 13 тамыз Доллар бағамы АҚШ-тың ауылшаруашылық секторынан тыс жаңа жұмыс орындарының саны шілде айында 943 мыңға өскені туралы мәлімет жарияланғаннан кейін өсуде. Жұмыссыздық деңгейі: 5,4% болды. Өткен аптада Бейжіңдегі жол қозғалысы 30%-ға төмендеді және мұндай жағдай Қытайдың басқа аймақтарында байқалды. Бұл – эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауының салдары. Энергияға деген сұраныстың қысқару  қаупін тудырып отыр. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар  422-428 теңге, бір еуро  500-508 теңге, бір юань  65,4-65,8 теңге, бір рубль 5,7-5,9  теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу