Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
02.8.2021 |
423-426 |
Forex Club
02.8.2021 |
425-427 |
SoftLink
02.8.2021 |
423-430 |
DAMU Capital Management
02.8.2021 |
420-423 |
Swissquote Bank
02.8.2021 |
422-428 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
02.8.2021 |
5,75-5,90 |
Forex Club
02.8.2021 |
5,8-6,1 |
SoftLink
02.8.2021 |
5,74-5,9 |
DAMU Capital Management
02.8.2021 |
5,75-5,85 |
Swissquote Bank
02.8.2021 |
5,77-5,85 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
02.8.2021 |
502-508 |
Forex Club
02.8.2021 |
504-506 |
SoftLink
02.8.2021 |
598-512 |
DAMU Capital Management
02.8.2021 |
495-510 |
Swissquote Bank
02.8.2021 |
502-510 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
02.8.2021 |
65,50-66,20 |
Forex Club
02.8.2021 |
65,7-66 |
SoftLink
02.8.2021 |
65,4-66 |
DAMU Capital Management
02.8.2021 |
65,8-66 |
Swissquote Bank
02.8.2021 |
65,6-66,1 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (2-6 тамыз).
26 шілде – 30 шілдеге арналған валюта болжамы
Тамыздың бірінші аптасында теңгеге әдеттегідей мұнай бағасы, АҚШ долларының өзгеруі және экономикалық көрсеткіштер әсер етеді. Inbusiness.kz порталында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар АҚШ-тағы мұнайға деген сұранысты, қор статистикасын, сондай-ақ Қытай мен Үндістан импортының төмендеуін сөз етті.
Олар АҚШ-тың Федералды қор жүйесінің өткен отырысын, яғни реттеушінің мөлшерлемені өзгертпеу туралы шешім қабылдады. Содан кейін доллар индексі төмендеді. Ресей мен Қазақстан да базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім қабылдады.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Зайцева, «ФИНАМ» сарапшысы:
Шілде айының соңғы аптасының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы нығайып, қалған негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. 26 шілде Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Реттеуші егер проинфляциялық факторлардың әсері күшейетін болса, келесі отырыста базалық мөлшерлемені көтеруге дайын екенін мәлім етті. Мұнай нарығындағы жағдай теңге үшін қолайлы болды. Қара алтынның бағасы қалпына келе бастады. Шикізаттың қымбаттауына АҚШ-тағы сұраныстың артуы түрткі болып отыр. Қытай мен Үндістан мұнайды тұтыну көлемі бойынша әлемде екінші және үшінші орында, сондықтан олардың тарапынан мұнай импортының төмендеуі қара алтын бағасының өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін.
Келесі аптада бір доллар 423-426 теңге, бір еуро 502-508 теңге, бір рубль 5,75-5,90 теңге, бір юань 65,50-66,20 теңге шамасында болуы ықтимал.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Қазақстан қор биржасындағы теңге бағамы жұма күні долларға қатысты нығайып, басқа негізгі валюталарға қарағанда біршама арзандады.
Коронавирусқа қатысты жағдай және мұнай бағасының төмендеуі теңгеге әсер етіп. Аптаның соңында Қазақстанда коронавирустық инфекциямен сырқаттанғандардың тәуліктік өсімі бойынша рекорд қайта жаңарды, жұма күні 7,7 мыңнан астам науқас анықталды. Сонымен қатар, мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді, бұл да қазақстандық валюта үшін жағымсыз белгі болып табылады. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 425-427 теңге, бір еуро 504-506 теңге, бір юань 65,7-66 теңге, бір рубль 5,8-6,1 теңге болады.
Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің бағамы америкалық долларға қатысты біршама нығайып, басқа валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Федералды қор жүйесінің кезекті отырысынан кейін АҚШ доллары индексінің айтарлықтай төмендеді. Америкалық реттеуші мөлшерлемені 0,25%-ға көтермеді, айына 120 млрд доллар құрайтын облигацияларды сатып алу көлемін қысқартпады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешімі валюта нарығына әзірге айтарлықтай әсер етпегенін атап өтуге болады. 2021 жылғы маусымда Қазақстанда тұтыну бағаларының өсуі 7,9%-ды құрады, ал мамырда 7,2% болды. Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтерінің маусым айында 3,9%-ға және жыл басынан 1,7%-ға қысқаруы негативті фактор болуы мүмкін.
Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 423-430 теңге, бір еуро 498-512 теңге, бір рубль 5,74-5,9 теңге, бір юань 65,4-66 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Шілде айының соңғы аптасында мұнай бағасы көтеріле бастады және Brent сұрыпты мұнай баррелінінің бағасы 76 доллардан асты. Пандемияның жаңа толқыны күшейе түскеніне қарамастан, нарықта оптимистік көзқарас басым. АҚШ-тағы шикізат қоры азайып жатыр. АҚШ-тың қаржы реттеушісі жоғары инфляцияға қарамастан мөлшерлемені 0,25% деңгейінде сақтап қалды. Федералды қор жүйесінің пікірінше, инфляция уақытша сипатқа ие және алдағы уақытта төмендейді.
ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтерді. Реттеуші инфляцияның өсуі ұзақ мерзімді болмайды деген пікірде. Шілде және тамыз айларындағы инфляцияның қорытындысы бойынша Ұлттық Банк қыркүйек айында мөлшерлемені сақтау немесе қосымша көтеру туралы шешім қабылдайды. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 420-423 теңге, бір еуро 495-510 теңге, бір юань 65,8-66 теңге, бір рубль 5,75-5,85 теңге болады.
Ерлан Айтек, Swissquote Bank серіктесі:
Brent мұнайы 0,1%-ға қымбаттап, бір баррелінің 76,11 доллар болды.
Еуроның долларға қатысты бағамы бір айлық максимумға дейін көтерілді. Доллар жұма күні бір айлық минимумға дейін төмендеді. Доллардың басқа алты валюта қоржынына қатысты бағамын өлшейтін доллар индексі бейсенбіде 91,96 болды. Бір апта ішінде индекс 1%-ға төмендеді, бұл мамыр айының басынан бергі ең нашар апталық көрсеткіш. Қытай юаны сейсенбіде қалпына келтіріп, бір доллар – 6,4645 болды.
26 шілдеде Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің кезекті отырысында базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін арттыру туралы шешім қабылданды. Базалық мөлшерлеме деңгейінің артуы өткен жылғы шілдеден бергі алғашқы өзгеріс болып табылады, бұл жайт инфляцияның жеделдеуіне негізделген. Менің болжамым: алдағы аптада бір доллар 422-428 теңге, бір еуро 502-510 теңге, бір рубль 5,77-5,85 теңге, бір юань 65,6-66,1 теңге болады.