Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
09.2.2019 |
378-382 |
ARUM Capital
09.2.2019 |
374-379 |
IFC Markets
09.2.2019 |
373-381 |
ГК «ФИНАМ»
09.2.2019 |
375-380 |
Gold Mining Capital
09.2.2019 |
378-383 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
09.2.2019 |
5,7-5,77 |
ARUM Capital
09.2.2019 |
5,70-5,75 |
IFC Markets
09.2.2019 |
5,65-5,8 |
ГК «ФИНАМ»
09.2.2019 |
5,5-5,8 |
Gold Mining Capital
09.2.2019 |
5,7-5,9 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
09.2.2019 |
428-434 |
ARUM Capital
09.2.2019 |
428-433 |
IFC Markets
09.2.2019 |
424-436 |
ГК «ФИНАМ»
09.2.2019 |
427-431 |
Gold Mining Capital
09.2.2019 |
427-432 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
09.2.2019 |
|
ARUM Capital
09.2.2019 |
|
IFC Markets
09.2.2019 |
|
ГК «ФИНАМ»
09.2.2019 |
|
Gold Mining Capital
09.2.2019 |
Atameken Business теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (11 ақпан – 15 ақпан).
Макроэкономикалық факторлар - осы аптада аbctv.kz сауалнамасын қатысқан сарапшылар болжамының негізгі арқауы болды. Сарапшылар шолуларында әлемдік экономиканың жағдайына көп мән берді («Альпари», ARUM Capital, «ФИНАМ», Gold Mining Capital). Атап айтсақ, ARUM Capital және Gold Mining Capital сарапшылары Еурокомиссияның еуроаймақтың экономикасының өсімі төмендейді деген болжамын атап кетті. Сондай-ақ ARUM Capital және «ФИНАМ» КТ сарапшылары АҚШ пен ҚХР басшыларының наурызға дейін кездесуі болмай қалуы мүмкін екенін айтты.
Басқа сыртқы факторлардан Венесуэладағы тұрақсыз жағдай мен Қытайда Жаңа жылды тойлау атап өтілді (Gold Mining Capital).
Сонымен қатар сарапшылар , әдеттегідей, энергиятасымалдаушылар нарығына да тоқталды.
Сарапшылар ішкі триггерлерден 2018 жылғы төлем балансына қатысты оптимистік мәліметтер («Альпари», IFC Markets) мен First Heartland Securities брокерлік компаниясының Цеснабанктің акцияларын сатып алуы туралы (IFC Markets) жаңалығын ерекше атап кетті.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық департаменті директорының орынбасары:
31 қаңтар мен 7 ақпан аралығында көптеген дамушы елдердің валюталары доллардың тегеурініне төтеп бере алмады. Мұнай бағасы бір апта ішінде өсті, алайда соншалықты өсіп кетті деуге келмейді. Венесуэладағы жағдай әзірге шешімін тапқан жоқ - елде қос өкімет. Латын Америкасы елдерінің валюталары жағдайға кері әсер етуде.
Жағымды макроэкономикалық жаңалықтарда апта ішінде теңгенің долларға шаққандағы бағамы жарты пайызға өскені айтылды.
Қазақстанда 2018 жылғы төлем балансы бойынша оптимистік мәліметтер шықты. Осы мәліметтерге сәйкес, былтырғы жылы елдің төлем балансының артылуы орын алып, ол 900 млн долларды құраған. Бұл жаңалық теңгенің долларға қатысты бағамына жақсы әсер етті.
Теңгенің долларға шаққандағы бағамы бойынша жаңа болжам ұсынып, бір доллар 378-382 теңге, еуро 428-434 теңге шамасында болады деп отырмыз. Ал теңгенің рубльге қатысты бағамы бір рубль үшін 5,7-5,77 теңгеге дейін жетеді.
Владислав Воробьёв, ARUM Capital компаниясының аға сарапшысы:
Теңгенің долларға қатысты бағамы жыл басынан бергі бір доллар үшін 376-384 теңге шамасында саудалануын жалғастыруда. Бұл жаһандық нарықтардағы және дамушы елдердің көптеген валютасына тән тұрақтылықтың жоқтығын көрсетеді.
Жақын күндері әлемдік экономиканың жағдайына қатысты теңге қауіпті кезеңді басынан өткереді. Орталық банктер, агенттіктер және басқа да ұйымдар макроэкономикаға қатысты болжамдарын қайта қарайды. Жақында Еурокомиссия Франция мен Германиядағы жағдайдың нашарлауынан еуроаймақты дамытуға қатысты болжамдарын қысқартты.
Сауда алаңында да жағдай бірқалыпты емес, тараптар даулы мәселелер бойынша келісімге қолжеткізуге тиіс соңғы мерзім - бірінші наурызға дейін Дональд Трамп ҚХР басшысымен кездеспеуі мүмкін деген ақпар пайда болды. Мұндай екіұдай жағдай инвесторлардың көңілін күпті етері анық. Яғни олар шикізат пен дамушы елдердің валютасына қатысты тәуекелді шешім қабылдамайды.
Шамадан тыс мазасыз жағдай салдарынан нарықтарда мұнай бағасы бір баррель үшін 62 доллар шамасынан аса алмады, бұл баға қаңтар айының ортасынан бері сынақтан өтуде. Сондай-ақ шикізат бағасына Саудияның Жерорта теңізі елдері үшін мұнай бағасын көтеру туралы ойларының бар екені де көмек болмады.
Теңге бағамы бір доллар үшін 374-379 теңге, бір еуро 428-433 және бір рубль 5,70-5,75 теңге ауқымында саудаланады деп отырмыз.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада теңге біршама нығайды. Үкіметтің экономика мен банк секторын ақшалай ынталандыруға қатысты жоспарлары валюта нарығының динамикасына еш әсер етпеді. Бұл ретте макроэкономикалық көрсеткіштер мен Қазақстанның жаңалықтары өткен аптада жағымды болғанын атап кету керек.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы шоттың профициті 0,9 млрд доллар көлемінде тіркелді. Бұл ең алғаш рет 2014 жылы мұнайдың әлемдік бағалары түсіп кеткен кезде болған еді. 2018 жылы экспорт 25,2%-ға өскені байқалды. Импортты арттыру аз болып тек 7,5%-ды ғана құрады.
Қазақстан экономикасы мұнай бағасының қазіргі деңгейіне бейімделді деуге болады. Бұған қоса, өндірушілердің бағасы 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2019 жылдың қаңтарында 1,2%-ға төмендеді. Теориялық тұрғыдан алып қарайтын болсақ, мұның артыншап инфляцияның төмендейтінін жоққа шығаруға болмайды.
Теңге үшін тағы бір жағымды фактор - First Heartland Securities брокерлік компаниясының Цеснабанкті сатып алуы болды. Бұл банк секторының тәуекелдерін төмендетеді.
Осы аптада бір рубль үшін 5,65-5,8 теңге, бір доллар үшін 373-381 теңге, бір еуро 424-436 теңге аралығында құбылады деп болжап отырмыз.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:
Еуропа биржа индекстері америка қор алаңдарының динамикасына сүйене отырып, жұма күні жағымсыз межеде саудаланды.
18.50 жағдайы бойынша немістің DAX индексі 1,18%-ға төмендеуде, француздың CAC40 индексі 0,58%-ды жоғалтты, британ FTSE-сі 0,21%-ға түсті.
Вашингтон мен Бейжің 1 наурызға дейін сауда келісіміне қол жеткізе алмауы мүмкін деген ақпарат бейсенбі күні инвесторлардың алаңдаушылығын тудырды. Сонымен қатар ФРЖ-ның бұрынғы басшысы Джанет Йелленнің CNBC-ке берген сұхбатында жаһандық өсудің баяулауы АҚШ экономикасына жаман әсер етеді деп айтқаны одан сайын отқа май құя түсті. Дегенмен, келесі аптада АҚШ қаржы министрі Бейжіңге аттанады және менің ойымша, осының нәтижесінде қандай да бір сауда келісімі жасалады.
Бүгін америка биржалары сауда сессиясын төмен көрсеткішпен бастады. Теңіздің арғы бетіндегі корпорациялардың есеп беру маусымының жалғасуы, нарықтың орташа-жағымды әсеріне қарамастан, шыны керек, еш көңіл көншітпейді. Тап қазіргі жағдайда төртінші тоқсандағы нәтижелері туралы S&P 500 құрамына кіретін компаниялардың жартысынан көбі мәлім етті. Refinitiv-тан шыққан IBES деректеріне сәйкес осы тоқсанда кірістердің өсуін бағалау жыл басындағы 5,3%-дан 0,1%-ға қысқарды.
Қазір S&P 500 индексі үшін маңызды техникалық деңгей 2690 болып табылады.
Brent маркалы мұнайдың бір баррелін 62 доллардан саудалап, жұма күні мұнай котировкалары шамамен 0,5%-ды қосып алады. Кеше ойыншылар Brent және WTI-ке арналған фьючерсті келісімшарттарды жаһандық экономикалық өсімнің баяулауына алаңдауынан бір мезетте 1,5%-дан астам жоғалтқан АҚШ биржа алаңдарының қозғалысына қарап сатты. Алайда теңіздің арғы бетіндегі алаңдардың жағдайы өзгерген кезде бір баррель үшін 63 доллар шамасын кезекті сынақтан өткізуге тырысатын қара алтын бағасының кері динамикасын көретін боламыз.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,5-5,9 теңге, долларға қатысты бағамы 375—380 теңге және еуроға қатысты бағамы 427--431 теңге болады деп болжап отырмыз.
Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital сарапшысы:
Нарықтардағы тыныштық Қытайда жаңа жыл мерекесін тойлаудың жалғасуымен байланысты. Сондай-ақ трейдерлердің алған бетінен қайтпауы соңғы төрт аптада доллардың еуроға қатысты бағамының нығаюына әкелді. Техникалық сараптамаға сәйкес, бағамның алдағы уақытта 1,1300 және одан төмен деңгейге дейін нығаюы ықтимал. Доллар индексі 0,06%-ға, 96,57 көрсеткішіне дейін өседі.
Кеше Еурокомиссия еуроаумақ экономикасының өсімі болжамын биылғы жылы күзде айтылған 1,9%-дан 1,3%-ға дейін төмендетті. Сонымен қатар бірыңғай еуропалық валюта қолданылатын өңірлердегі инфляцияны бағалау 2019 жылы 1,8%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді. Осыған байланысты еуроның біршама әлсіреуі күтілуде.
Ресей банкі директорлары кеңесі 2019 жылдың 8 ақпанында негізгі пайыздық мөлшерлемені жылдық 7,75% деңгейінде сақтауға шешім қабылдады, бірақ аталған шешім рубль бағамына айтарлықтай әсер ете қойған жоқ.
Алтын бағасы бір троя унциясы үшін 1300 доллар шамасында болды.
Алдағы аптада USD/KZT жұбының айырбас бағамы 378-383 теңге, еуро 427-432 теңге, рубль 5,7-5,9 тенге шамасында болады деп болжанып отыр.