Валюта болжамы: 12 наурыз – 16 наурыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (12 наурыз – 16 наурыз).

Нарықтар әлемдік сауда «соғысына» дайындық үстінде. Оның бастамашысы – Америка Құрама Штаттары. Аbctv.kz-тің осы аптадағы сауалнамасына негізінен аталған тақырып арқау болды.  

Дональд Трамптың болат пен алюминий импортына баж салығын салатындығы туралы жаңалық осы аптада қызу талқыланды. Сондай-ақ, Ақ үй қытай өнімдеріне кедендік тарифтер пакетін енгізуді жоспарлап отырғаны тағы бар. Аталған жаңалықтарға «Телетрейд Групп» және Wall Street Invest Partners компаниясының сарапшылары өз пікірлерінде тоқталып өтті. Сондай-ақ, «Телетрейд Групп» және «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ өкілдері Дональд Трамптың экономикалық кеңесшісі Гэри Конның кедендік алымдарға қатысты қайшылықтар салдарынан қызметтен босатылғанын тілге тиек етіпті. «Телетрейд Групп», Wall Street Invest Partners және Forex Optimum сарапшыларының пікірінше, сауда «соғысының» шын мәнінде орын алуы мүмкін. Ал «ФИНАМ» компаниялар тобының өкілі болат пен алюминий импортына баж салығын енгізу туралы толқулар біртіндеп басылып келе жатыр деп есептейді.

Сондай-ақ, Forex Optimum және Wall Street Invest Partners компанияларының сарапшылары АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу ықтималдылығы жоғары екенін тағы бір мәрте еске салды. Өз кезегінде бұл жағдай рубльдің нығаюына кедергі келтірмек.

Ал энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайға қатысты пікір айтқан сарапшылар («ФИНАМ» компаниялар тобы, Forex Optimum, Wall Street Invest Partners) валюта бағамына негізінен статистикалық деректердің әсері болуы мүмкін дейді.

Сарапшылар валюта бағамына әсер ететін ішкі факторлар ретінде ҚР Ұлттық банкінің базалық пайыздық мөлшерлемені 9,5%-ға дейін төмендетуін және жылдық инфляция қарқынының бәсеңдеуі мүмкін екендігін атады («Альпари», Wall Street Invest Partners, IFC Markets).

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

Наталья Мильчакова, «Альпари» компаниясы сараптамалық департамент директорының орынбасары:

12 наурыз – 16 наурыз

5 наруыз күні Қазақстанның Ұлттық банкі базалық пайыздық мөлшерлемені 9,75%-дан 9,5%-ға дейін төмендетті. Баспасөз хабарламасындағы ақпаратқа сүйенсек, Ұлттық банк елдегі жылдық инфляция қарқынын бәсеңдету үшін дәл осындай шешімге барған. Ұлттық банк 2018 жылы тұтыну бағаларының инфляциясының мақсатты дәлізін 4-6% деңгейінде бекітті. Базалық мөлшерлеменің төмендеуіне қарамастан, теңге долларға қатысты бағамын нығайта түсті. Соған қарағанда, валюта нарығы елдегі макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсаруын күтетін секілді.     

Алдағы аптада теңгенің долларға қатысты бағамы бір долларға 318-321 теңге деңгейінде, ал рубльге қатысты бағам 5,63-5,68 теңге деңгейінде қалыптасады деген ойдамыз.

12 наурыз – 16 наурыз Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

Өткен сауда-саттық сессиясының қорытындысы бойынша S&P500 нарығының америкалық индексі 0,26%-ға өсіп, 2728,12 деңгейінде жабылды. Ал Dow Jones нөлдік динамика көрсетті. 10 жылдық қазынашылық облигациялары кірістілігі өзгерген жоқ, 2,88% деңгейінде қалды.    

Сейсенбі күні Дональд Трамптың болат пен алюминий импортына баж салығын енгізу туралы мәлімдемесі біртіндеп басылып, бәсеңдей бастады. Себебі, іскерлік топтардың өкілдері мен АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеушіктері президентті бұл бағытта әлдеқайда ойластырылған қадам жасауға шақырды. Себебі, кез келген теріс қадам америкалық компанияларға және елдегі жалпы экономикалық жағдайға кері әсерін тигізуі мүмкін.

Бейсенбі күні Еуропа орталық банкінің кезекті отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша негізгі пайыздық мөлшерлеме бұған дейінгі деңгейде (0%) өзгеріссіз қалды. Өз кезегінде реттеушінің активтерді сатып алу бағдарламасының көлемін ұлғайтудан бас тарту туралы шешімі еуропалық валютаның долларға қатысты бағамын нығайтуға көп көмек болуы мүмкін. Еске сала кетейік, қазіргі таңда активтерді сатып алу бағдарламасының көлемі айына 30 млрд еуроның құрайды.  

Өткен сауда-саттық сессиясының қорытындысы бойынша мұнай бағасы нөлдік динамика көрсетті. Яғни, америкалық доллардың әлсіреуі жағдайында және АРІ ұсынған деректерден кейін 65,58 доллар деңгейінде жабылды. АРІ деректеріне сүйенсек, АҚШ-тағы шикі мұнай қорының 5,6 млн баррельге өскені және бензин қорының 4,5 млн баррельге азайғаны байқалған.

Ағымдағы жағдайда Brent үшін жергілікті қолдау мәні 65 долларды және 64,50 долларды құрады. Ал қарсы мән тиісінше 66,10 доллар және 67,20 доллар болып қалыптасты.

Біздің болжамға сәйкес, келер аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы мынадай болмақ: рубль – 5,6-5,8 теңге, доллар – 320-322 теңге, еуро – 394-396 теңге.

12 наурыз – 16 наурыз

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

Өткен аптада валюта бағамында анау айтқандай елеулі өзгерістер болған жоқ. Доллар төмендеуін тоқтатты. Егер АҚШ-тың федералды қор жүйесі (ФҚЖ) мөлшерлеменің өсу қарқынын жеделдету туралы шешім қабылдаса, бұл жағдай долларға қолдау болмақ. Доллардың нығаюы, рубльді әлсірете түсері анық. Оның үстіне Ресей мен АҚШ арасындағы геосаяси шиеленістер рубльге жеңілдік әкелмейді. Сондықтан келер аптада ресей рублі шамалы әлсірейді деген ойдамыз.

Сонымен қатар, Дональд Трамптың экономикалық кеңесшісінің кедендік алымдарға қатысты қайшылықтар салдарынан қызметтен босатылуы долларға қосымша қолдау болары даусыз. АҚШ президенті импорттаушылар үшін кедендік баж салығын енгізбек. Сол себепті инвесторлар қорғалған активтердегі өз позицияларын жақсартуға тырысады (мәселен, доллар мен алтын).    

Битонинмен жасалатын күнделікті операциялардың саны екі жыл бұрынғы деңгейден де төмендеп кетті. Демек, бұл аталған криптовалютаға деген қызығушылық азая түсті деген сөз.  

Келесі аптаға арналған болжам мынадай: АҚШ доллары – 56,5-58,0 рубль, АҚШ доллары – 319-324 теңге, ресей рублі – 5,6-5,75 теңге, Brent сұрыпты мұнайдың баррелі – 61,5-65 АҚШ доллары, биткоин – 5000-9000 АҚШ доллары.

12 наурыз – 16 наурыз

 Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:

Әлемдік қаржы нарығындағы және шикізат нарығындағы қазіргі жағдайды қолайлы деп санауға болмайды. Жайсыздықтардың орталығы – Америка Құрама Штаттары. Қазір инвесторларды екі мәселе алаңдатып отыр. Біріншіден, АҚШ-тың қазынашылық облигациялар нарығындағы кірістіліктің өсуі. Екіншіден, АҚШ президенті Дональд Трамп бастамасы боп отырған сауда «соғысы».

Бірінші проблема нарықтық сипатқа ие. АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларының кірістілігі инфляцияның өсуі, ФРЖ мөлшерлемелерін көтеру, сондай-ақ инвесторларды аталған борыштық нарық сегментінен шығарылуы есебінен көтеріліп отыр. Кірістіліктің өсуі мезгіл сайын акциялар нарығындағы сәтсіздіктерге алып келеді. Бұл өз кезегінде инвесторларды барлық активтерден іргесін аулақ салуға мәжбүрлейді.

Екінші проблема – сауда «соғысы» шын мәнінде орын алуы мүмкін. Әсіресе, Дональд Трамптың экономикалық кеңесшісі Гэри Конның отставкаға кетуінен соң бұл жаңалық шындыққа жақындай түсті. АҚШ болат пен алюминийге баж салығын енгізбек және қытай өнімдеріне кедендік алым пакеттерін әзірлеуде. Бұған жауап ретінде Еуропа америка тауарларына салық салуы мүмкін. Бұл жағдай Мексика, Канада және басқа да елдерге қауіп төндіруі мүмкін. Осының барлығы ғаламдық экономикаға айтарлықтай соққы болуы ықтимал. Еске сала кетейік, Ұлы депрессия АҚШ-тың түрлі алымдарды енгізуінен кейін басталған болатын. Сондықтан әлемдік нарық турбуленттілікке дайындалу қажет. Қауіп арта түседі. Демек, инвесторлар emerging markets-тен – дамушы нарықтардың  активтерінен шыға бастайды. Осыған байланысты қазақстандық теңге қысым астында қалуы мүмкін. Доллар бағамы 325 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Еуро 410 теңгеге дейін көтеріледі. Рубль бағамы 5,5-5,8 теңге дәлізінде қалыптаспақ. 

12 наурыз – 16 наурыз  Иван Капустянский, Forex Optimum сарапшысы:

АҚШ-тың қаржы министрі Мнучин сескендіргендей, соңғы уақытта рубльдің нығаюына әлеуетті санкциялар кедергі келтіруде. Сондай санкциялардың тағы бір легі келер аптада енгізілуі мүмкін. Бұл туралы АҚШ ұлттық барлау қызметінің директоры Дэн Коутс мәлімдеді. Сондай-ақ, әлемдік сауда «соғысының» қауіпті әлі де болса сақталып отыр. Сондықтан инвесторлар мұндай шуды тыныш айлақтарда, қорғалған активтерде, ең алдымен JPY-де күтіп алғанды құп көреді. Ал бұдан рубль, сондай-ақ теңге зардап шегеді.

Осыған байланысты алдағы аптада рубль/теңге жұбының бағамы 5,57 деңгейін құрауы мүмкін. Сондай-ақ, бұл деңгейді «бұзып өтсе», онда бағам құлдырауы мүмкін. Онда да 5,5 деңгейінде.

Ал теңгенің америкалық долларға қатысты динамикасы ең алдымен мұнайға байланысты. Әзірше мұнай бағасы жоғары. Орта мерзімді техникалық жағдай өсімнің пайдасы жағында. Яғни, барреліне 67,65 долларға дейін және одан да жоғары өсуі мүмкін. Демек, анау айтқандай құлдырау болмайды деген сөз. Сондықтан келер аптада теңгенің долларға қатысты бағамы 318,4 деңгейінде, ал егер құлдырау күшейе түссе, 318 деңгейінде қалыптасуы ықтимал.

Ал мұнай үшін маңызды факторлардың бірі – келер аптадағы АҚШ энергетика министрлігінің мұнай қорлары туралы статистикасының жариялануы. Сондай-ақ, ОПЕК-тің бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо осы айда конференция аясында тақтатас мұнайын өндіретін америклықтармен арнайы кездесу өткізіп, олармен мұнай нарығының әлеуетін талқылайды деп күтілуде. Дәл осы кездесу мұнай бағасына айтарлықтай өзгеріс енгізуі мүмкін.

12 наурыз – 16 наурыз Ілияс Басшығұл, WallStreetInvestPartners» компаниясының жетекші сарапшысы:

Өткен аптада теңге тұрақты болды. Бірақ, наурыз айы өзгерістерге толы болмақ. Сондықтан, америкалық валютаны айырықша назарда ұстау керек. Сондай-ақ, Еуроодақта саяси тұрақсыздық орын алуы мүмкін. Сондықтан, қаржы нарығында айтарлықтай қызықты «ауытқуларды» көреміз деген ойдамын. Бұл жағдайлар доллар бағамына да, еуро бағамына да айтарлықтай алаңдаушылық тудырмақ.       

Өткен аптада нарықтардағы тұрлаусыздық 2018 жылдың 6 наурызындағы Италия парламентіне сайлаудан кейін пайда болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша еуроскептиктер жеңіске жетті. Бұл Брюссельді таңдай қақтырды. «Бес жұлдыз қозғалысы» популистік партиясы айтарлықтай басымдықпен жеңіске жетті. Бұл партияға сайлаушылардың 32%-дан астамы дауыс берген. Екінші орында – Демократиялық партия. Бұл партия 19% дауыс жинаған. Еуроодақ басшылығы Италияда популистік және антиимигранттық сипат күшейіп, тарала бастайды деп қауіптеніп отыр. Соңғы уақыттағы Италия экономикасының жағдайы мәз емес. Соңғы он жылда кедейшілікте өмір сүріп жатқан италияндықтардың саны үш есе өсті. 1,7 млн адамнан 4,7 млн адамға дейін артты. Бұл халықтың – 7,9%-ы. Тұтыну шығыстарының деңгейі бойынша есептелген салыстырмалы кедейлік те өсіп отыр. Бүгінде бұл көрсеткіш 8,5 млн адамға жетті (халықтың 13%-ы).               

Сайлауда жеңіске жеткендер еуродан бас тартуы мүмкін екенін қазірден бастап мәлімдей бастады. Бұл қаншалықты шындыққа жанасымды? Бұл жағдай еуро бағамына қалай әсер етпек? Италия – Греция емес. Сондықтан, сұрақ өте маңызды. Еске сала кетейік, шамамен бір жыл бұрын бүгінде барлығы ұмыта бастаған Марин Ле Пен еуро аймақтан шығып, франциялық франкке оралу тілегі барын мәлімдеген болатын. Еуродан бас тартудың Италияның экономикасы мен қаржысына жағымсыз салдары көп болары анық. Италияның мемлекеттік қарызы шамамен 2,3 триллион евроны құрайды. Міндеттемелерді жаңа туған итальяндық лираға аудару сөзсіз дефолтқа алып келуі мүмкін. Осының салдарынан алтын мен долларға сұраныстың өсуіне, әсіресе ФРЖ пайыздық мөлшерлемесінің артуына байланысты Еуропада ауқымды банктік дағдарыс басталуы ықтимал. Дәл осы сценарий бойынша Италияны құлдырау мен жұмыссыздықтің өсуі күтіп тұрмақ. Ал әлем қауіпті активтерді сата бастамақ. Оның ресей рублі мен ресейлік компаниялардың акциялары да бар.       

Бұл жолы жағымды жаңалық Азиядан шықты. Солтүстік Корея Америка Құрама Штаттармен ядролық қарусыздандыру туралы диалогқа баруға және келіссөздер барысында ядролық сынақтардың тоқтатылуына дайын екендігін мәлімдеді. Бұл жаңалық тәуекелге деген «тәбетті» жақсартты және Австралия доллары сияқты валюталарға қолдау боп тиді. Дегенмен, АҚШ-та жалғасып келе жатқан сауда «соғысына» қатысты алаңдаушылық қайтадан оларға қысым көрсетті.

Дональд Трамптың экономикалық саясат жөніндегі бас кеңесшісі Гэри кон отставкаға кетті. Оның өз орнын босатуына болат пен алюминий импортына баж салығын енгізуге қатысты келіспеушілік себеп болды. Өз кезегінде Ақ үй президенттің Қытайға қарсы қорғаныс кедендік тарифтердің кең ауқымын енгізуді және Қытайдан АҚШ-қа инвестиция көлемін шектеуді ойластырып жатқанын мәлімдеді. Инвесторлар Трамптың протекционизмі доллардың әлсіреуіне алып келуі мүмкін деп күдіктеніп отыр. Бұл экспортты ынталандыруды бәсеңдетеді. Кедендік алымдарды арттыру импортты қысқартады. Конның қызметтен кетуі сауда соғысының жаңа раунды басталғанын байқатқандай. Доллар Дональд Трамптың қатаң тарифтік жоспарларының салдарынан төмен сырғыған болатын. Ал Оңтүстік Корея 10 жылдан астам уақыттан кейін КХДР-мен алғаш рет келіссөздер жүргізетінін мәлімдегеннен кейін дереу қолдауға ие болды.    

Трамптың сөзінше, елдегі сауда тапшылығының мөлшерін ескерсек, АҚШ бірде-бір жекпе-жекте жеңілмейді. АҚШ әкімшілігі баж салығын енгізу өнеркәсіпті және жұмыс орындарын жосықсыз бәсекелестіктен қорғайды деген сенімде. Бір жағынан бұл қажетті шара. Себебі, Қытай секілді мемлекеттер үшінші елдерге АҚШ-тың болат жеткізу арналарын пайдаланады. Ал тауардың шыққан жері көрсетілмейді.

Бұл бастамаға қарсылардың пікірінше, кедендік алымдар жұмысшылар санын арттыруға емес, қысқартуға алып келуі мүмкін. Сондай-ақ, одақтастарды АҚШ-қа қарсы қоюы да ықтимал. Ал американдық тұтынушылар сырадан бастап автокөліктерге дейінгі бірқатар өнімдер үшін көп ақша төлеуге мәжбүр болады.

Дүйсенбі күні Халықаралық энергетикалық агенттік алдағы бес жылда мұнайға деген сұраныстың артуына қатысты болжамын жариялады. Бұл жағдай мұнай бағасына қолдау болды. Бұл ретте, ОПЕК елдерінде мұнай өндірудің өсуі сұраныстың өсу қарқынынан артта қалып келеді. Америкалық мұнай институты (API) өз кезегінде АҚШ-тағы шикі мұнайдың қоры 2 наурыз күні аяқталған аптада 5,66 млн баррельге дейін өскенін хабарлады. Ал бұған дейін қордың өсімі 2,7 млн баррель болады деп болжанған еді. Энергетикалық ақпарат басқармасы (EIA) тақтатас мұнай өндірісінің артуына байланысты 2018 жылға арналған мұнай өндіру болжамын жақсартты. EIA-ның ай сайынғы шолуына сәйкес, АҚШ-тағы орташатәуліктің мұнай өндірісінің көлемі тәулігіне 120 мыңнан астам баррельге дейін өсірмек. Осы жылдың төртінші тоқсанында тәулігіне 11,17 миллион баррельге дейін жеткізбек. Бұған дейінгі болжамда тәулігіне 11,04 млн баррель болады делінген еді. 2019 жылға қарай АҚШ-тағы мұнай өндірісінің көлемі тәулігіне 570 мың баррельге дейін – тәулігіне 11,27 млн баррелге дейін жетеді деген болжам бар.

Өткен апта ұлттық валюта бағамы үшін де жаңалықтарға толы болды. Қазақстанның Ұлттық банкі 5 наурыз күні базалық мөлшерлемені +/-1% семметриялы дәлізімен 9,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев атап өткендей, банктерге өтімділікті қамтамасыз ету операциялары бойынша мөлшерлемелер 10,5%-ға дейін, өтімділікті жою операциялары бойынша 8,5%-ға дейін төмендеді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі де 9,5%-ға дейін төмендеді.     

Данияр Ақышев атап өткендей, базалық мөлшерлеме биыл осымен екінші рет төмендеп отыр. Оның сөзінше, базалық мөлшерлемені төмендету біріншіден, өткен жылдың желтоқсанынан бастап байқалып отырған инфляциялық жағдайды жақсартуға, екіншіден, орта мерзімді болашақта инфляциялық үдерістерді одан əрі баяулатуға сенімділік береді. Қаржылық реттеуші басшысының айтуынша, бұл жағдайдағы ақша-несие шарты бейтарап деп сипатталады. Ұлттық банк инфляцияны төмендету шараларын қабылдауға мәжбүрлемейді, бірақ инфляциялық күтулерді біртіндеп шоғырландыруға ықпал етеді. Данияр Ақышев атап өткендей, Ұлттық банк 2018 жылы базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендету саясатын жалғастырады. Бұған алғышарттар да жеткілікті. Оның сөзінше, базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешім 2018 жылдың 16 сәуірінде жарияланатын болады.

Алдағы аптада әлемдік валюта бағамына айтарлықтай өзгеріс әкелерлік деректер күтіліп отырған жоқ. Таяудағы маңызды оқиғаның бірі – 21 наурызда АҚШ-тың федералды қор жүйесінің пайыздық мөлшерлеме туралы шешім қабылдауы. Келер аптада америкалық валютаның бағамы долларына 318-325 теңге болмақ.    

Рубльдің тұрлаусыздығы осы аптада АҚШ қаржы министрлігінің Ресейге қарсы жаңа санкциялардың қабылдануы мүмкін екендігі туралы хабарландырумен байланысты. АҚШ ұлттық барлау қызметінің директоры Дэн Коутстың айтуынша, әлі күшін жоймаған санкциялар аздық етеді. Сондықтан, жаңа санкциялар қарастырылу үстінде. Бұл – АҚШ-тың америкалық сайлауға араласқан Ресейге берген жауабы. Алдағы аптада рубльдің бағамы 5,63-5,70 теңге дәлізінде болады.     

12 наурыз – 16 наурыз Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

Өткен аптада теңгенің америкалық долларға қатысты бағамында шамалы ғана өзгеріс болды. Бұған әлемдік нарықтағы мұнай бағаларының тұрақтылығы әсер етті. Дүйсенбі күні Қазақстанның Ұлттық банкі мөлшерлеменің 0,25%-ға, яғни 9,5%-ға дейін төмендетті. Бұл жағдай жақсы макроэкономикалық болжамдардың нәтижесінде теңгенің динамикасына кері әсерін тигізбеді. Ұлттық банк ағымдағы жылы инфляция 5-7%-ға дейін, ал 2019 жылы 4-6%-ға дейін төмендейді деп болжам жасап отыр. Бұл ретте, ІЖӨ-нің өсімі жылына 2,8-2,9%-ды құрауы мүмкін. Мұндай сценарий Brent маркалы мұнайдың орташа жылдық бағасы бір баррель үшін 60 долларға дейін болғанда ғана мүмкін екенін еске сала кетейік. Атап өтерлігі, қазір оның орташа бағасы барреліне шамамен 67 долларды құрап отыр. Егер бұл мән сақталатын болса, онда Қазақстан экономикасы қарқынды дамитын болады. Дәл осындай жақсы әлеуеттің нәтижесінде қазақстандық валютаның ресей рубліне қатысты бағамы едәуір жақсарған болатын. Бұл тенденция қайталануы да ықтимал.  Біздің болжам мынадай: рубль – 5,57-5,67 теңге, доллар – 315-325 теңге.

12 наурыз – 16 наурыз

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу