Валюта болжамы: 13-17 желтоқсан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
435,500

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
10.12.2021
432-435
ГК «ФИНАМ»
10.12.2021
434-438
Forex Club
10.12.2021
435-437
SoftLink
10.12.2021
433-440
Swissquote Bank
10.12.2021
433-438
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,953

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
10.12.2021
5,87-5,95
ГК «ФИНАМ»
10.12.2021
5,85-6,10
Forex Club
10.12.2021
5,9-6,2
SoftLink
10.12.2021
5,76-6
Swissquote Bank
10.12.2021
5,7-6,2
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
493,600

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
10.12.2021
490-500
ГК «ФИНАМ»
10.12.2021
490-498
Forex Club
10.12.2021
490-492
SoftLink
10.12.2021
487-500
Swissquote Bank
10.12.2021
492-497
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
68,545

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
10.12.2021
68-69
ГК «ФИНАМ»
10.12.2021
68,25-69,00
Forex Club
10.12.2021
68,3-68,7
SoftLink
10.12.2021
68,2-69
Swissquote Bank
10.12.2021
68-69

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (13-17 желтоқсан).

13-17 желтоқсан

 

6-10 желтоқсанға арналған валюта болжамы

 

 

Inbusiness.kz порталында өз боңлжамын жариялаған сарапшылардың назары тағы да коронавирустың жаңа штамында. Омикрон штамының таралуынан бөлек, ОПЕК+ альянсының өндіріс көлемін 400 мың баррель деңгейінде сақтау туралы шешімі мұнай бағасына әсер етті.

Сарапшылар АҚШ-тың ауылшаруашылық емес секторындағы жұмыспен қамту статистикасын және ФРЖ басшысының елдегі жоғары инфляцияға қатысты мәлімдемесін сөз етті. Ішкі факторларға келетін болсақ, сарапшылар ҚР Ұлттық Банкінің валюталық интервенция жүргізу туралы хабарламаларын, сондай-ақ базалық мөлшерлемеге қатысты алдағы отырысын атап өтті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

13-17 желтоқсан

Желтоқсанның келесі аптасында теңге бағамы өзгеруі мүмкін. Бұған мұнай секторындағы тұрақсыз динамика әсер етеді. Сондай-ақ әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты капитал нарықтарының тәуекелге деген ұстанымы да ықпалын тигізеді.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 432-435 теңге, бір еуро 490-500 теңге, бір рубль 5,87-5,95 теңге, бір юань 68-69 теңге болады.

 

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

 

13-17 желтоқсан Қазақстандық валютаның рубльдан басқа барлық валюталарға қатысты бағамы нығайды. Мұнай бағасы көтеріле бастады. ҚР Ұлттық банкі мөлшерлемені 9,75% деңгейінде сақтағанына қарамастан теңге нығайды. Қазақстандағы макроэкономикалық жағдайға келетін болсақ, қараша айындағы іскерлік белсенділік индексі бойынша деректер белгілі болды, ол тағы да төмендеді.  Ұлттық Банк индекске қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің төмендеуі әсер еткенін мәлімдеді.

Келесі аптада бір доллар 434-438 теңге, бір еуро 490-498 теңге, бір рубль 5,85-6,10 теңге, бір юань 68,25-69,00 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

 

Айдар Қалиаскар, Forex Club қаржылық скауты:

13-17 желтоқсан

Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған мұнай нарығындағы ахуал әсер етті.  Қазір нарық қатысушылары Baker Hughes Company мұнай-газ сервистік компаниясынан деректерді күтуде, ол АҚШ-тағы қолданыстағы мұнай бұрғылау қондырғыларының саны бойынша апталық статистиканы жариялайды. Мұнайға әлемдік бағаларға осы деректер әсер ететін болады.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 435-437 теңге, бір еуро 490-492 теңге, бір рубль 5,9-6,2 теңге, бір юань 68,3-68,7 теңге болады.

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

13-17 желтоқсан

Өткен аптада теңгенің рубльдан басқа барлық негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Brent мұнай бағасы $76-ға дейін көтерілді. Мыс әлемдік нарықта шамамен 10%-ға қымбаттады. Теңге бағамының тұрақтылығының маңызды факторы – Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық интервенциялары. Оның ақпараты бойынша, 29 және 30 қарашада бұған $239 млн жұмсалған.  2021 жылғы 11 айда Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,8%-ға дейін жеделдеді. Қарашада инфляция жылдық мәнде 8,7%-ға дейін қысқарды.

Менің болжамым бойынша, бір доллар  433-440 теңге, бір еуро 487-500 теңге, бір рубль 5,76-6 теңге, бір юань 68,2-69 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу