Валюта болжамы: 6-10 желтоқсан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
435,500

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
04.12.2021
430-440
ГК «ФИНАМ»
04.12.2021
436-440
Forex Club
04.12.2021
434-436
DAMU Capital Management
04.12.2021
430-432
Swissquote Bank
04.12.2021
433-439
SoftLink
04.12.2021
433-443
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,891

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
04.12.2021
5,90-6,10
ГК «ФИНАМ»
04.12.2021
5,85-6,10
Forex Club
04.12.2021
5,6-5,9
DAMU Capital Management
04.12.2021
5,80-5,90
Swissquote Bank
04.12.2021
5,8-6,0
SoftLink
04.12.2021
5,74-6
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
494,333

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
04.12.2021
490-500
ГК «ФИНАМ»
04.12.2021
490-500
Forex Club
04.12.2021
491-493
DAMU Capital Management
04.12.2021
495-500
Swissquote Bank
04.12.2021
490-495
SoftLink
04.12.2021
485-503
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
68,454

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
04.12.2021
68-69
ГК «ФИНАМ»
04.12.2021
68,50-69,25
Forex Club
04.12.2021
68,2-68,5
DAMU Capital Management
04.12.2021
68-68,5
Swissquote Bank
04.12.2021
68,5-69
SoftLink
04.12.2021
67,6-68,4

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (6-10 желтоқсан).

6-10 желтоқсан

 

29 қараша мен 3 желтоқсанға арналған валюта болжамы 

 

 

 

Inbusiness.kz порталында өз болжамын жариялаған сарапшылардың назары коронавирустың жаңа штамында. Олар «омикрон» штамынаның энергия нарығына қалай әсер ететінін бақылауда. ОПЕК+ өндірістің бір тәуліктегі көлемін 400 мың баррель деңгейінде сақтау туралы шешімі мұнай бағасына да әсер етті.

Сарапшылар АҚШ-тың ауылшаруашылық емес секторындағы жұмыспен қамту статистикасына және ФРЖ басшысының елдегі жоғары инфляцияға қатысты мәлімдемесін сөз етті.

Ішкі факторларға келетін болсақ, олар ҚР Ұлттық Банкінің валюталық интервенция жүргізу туралы мәлімдемесін, сондай-ақ базалық мөлшерлеме бойынша қабылдайтын шешімін атап өтті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

6-10 желтоқсан Шикізат нарығындағы құбылмалылық пен инвесторлардың тәуекелге деген ұстанымы – желтоқсанның жаңа аптасында теңге бағамының траекториясын қалыптастыратын негізгі факторлар. Алайда тағы екі жайтты ескере кету керек: Ұлттық Банк 2 желтоқсанда бағамдардың ауытқуын бәсеңдету үшін валюта секторына интервенция жүргізді. Теңге 2020 жылдың наурыз айынан бергі минимумдарға дейін құлдырады. Енді оның қалпына келуі ұзаққа созылады.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 430-440 теңге, бір еуро 490-500 теңге, бір рубль 5,90-6,10 теңге, бір юань 68-69 теңге болады.

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

6-10 желтоқсан 3 желтоқсанда аяқталған аптада қазақстандық валютаның негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған омикрон штамының таралуына байланысты мұнай бағасының күрт төмендеуі түрткі болды. Инвесторлардың экономикалық өсудің баяулауына және мұнайға деген сұраныстың төмендеуіне қатысты алаңдаушылығынан кейін мұнай бағасы 12%-ға  төмендеді. 2 желтоқсандағы отырыстың нәтижелері бойынша ОПЕК+ 2022 жылдың қаңтарында өндірісті 400 мың баррель деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.  Қазақстандағы макроэкономикалық жағдайға келетін болсақ, 6 желтоқсанда өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отырысында мөлшерлеме көтеріледі деген пікірде кей сарапшылар.

Келесі аптада бір доллар 436-440 теңге, бір еуро 490-500 теңге, бір рубль 5,85-6,10 теңге, бір юань 68,50-69,25 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

Айдар Қалиаскар, Forex Club қаржылық скауты:

6-10 желтоқсан

Қазақстан қор биржасындағы теңге бағамы жұма күні долларға қатысты төмендеді, бірақ басқа негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Қазақстанның Ұлттық Банкі хабарлағандай, бұған дейін ол елдегі валютаға сұраныстың өсуі аясында 64,6 млн долларға интервенция жүргізген болатын. Ұлттық Банктың айтуынша, "омикрон" штамының таралуы салдарынан мұнай бағасының жергілікті минимумға дейін төмендеуі компаниялар мен жеке тұлғалар тарапынан шетел валютасына деген қосымша ішкі сұраныс артты. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 434-436 теңге, бір еуро 491-493 теңге, бір рубль 5,6-5,9 теңге, бір юань 68,2-68,5 теңге болады.

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

6-10 желтоқсан

Өткен аптада теңге бағамы барлық негізгі валюталарға қатысты әлсіреді. Бұған мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі ықпал етті. Brent коронавирустың жаңа штамының пайда болуы аясында 3 айлық минимумға дейін төмендеді. Инвесторлар өткен жылдағыдай жаһандық карантин енгізілген жағдайда мұнайға әлемдік сұраныстың төмендеуі мүмкін деп күдіктеніп отыр. Аптаның соңында Brent қымбаттай бастады. ОПЕК + 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап бір күндік өндіріс көлемін 400 мың баррельге ұлғайтуды мақұлдады.  2 желтоқсанда Ұлттық Банк $64,6 млн-ға теңгені қолдау мақсатында валюталық интервенция жүргізді.Менің болжамым бойынша, бір доллар 433-443 теңге, бір еуро 485-503 теңге, бір рубль 5,74-6 теңге, бір юань 67,6-64,4 теңге болады.

 

 

 

 

Ерлан Айтек, Swissquote Bank серіктесі:

6-10 желтоқсан АҚШ-тың ауылшаруашылық емес секторындағы жұмыс орындарының саны қараша айында аз өскені жарияланғаннан кейін, доллар аздап төмендеді. Қараша айында жұмыс орындарының саны 210 000 болды. Жұмыссыздық деңгейі қараша айында 4,2%  ға, қазан айында 4,6%-дан 4,5% -ға дейін төмендеді. Қараша айында жұмыссыздық деңгейінің тағы да төмендеуі Федералды резервтік жүйеге осы айдың соңында активтерді сатып алу процесін тездетуге мүмкіндік береді.

Менің болжамым: келесі аптада бір доллар 433-439 теңге, бір еуро 490-495 теңге, бір юань 68,5-69 теңге, бір рубль 5,8-6 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу