Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.11.2021 |
430-432 |
ГК «ФИНАМ»
27.11.2021 |
432-438 |
Forex Club
27.11.2021 |
432-434 |
Swissquote Bank
27.11.2021 |
428-433 |
SoftLink
27.11.2021 |
430-438 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.11.2021 |
5,75-5,85 |
ГК «ФИНАМ»
27.11.2021 |
5,70-5,90 |
Forex Club
27.11.2021 |
5,8-6,1 |
Swissquote Bank
27.11.2021 |
5,7-5,8 |
SoftLink
27.11.2021 |
5,67-5,87 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.11.2021 |
490-495 |
ГК «ФИНАМ»
27.11.2021 |
485-495 |
Forex Club
27.11.2021 |
490-492 |
Swissquote Bank
27.11.2021 |
489-495 |
SoftLink
27.11.2021 |
483-500 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.11.2021 |
67,5-68,00 |
ГК «ФИНАМ»
27.11.2021 |
67,25-68,00 |
Forex Club
27.11.2021 |
67,5-67,9 |
Swissquote Bank
27.11.2021 |
66-68 |
SoftLink
27.11.2021 |
67,6-68,4 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (29 қараша – 3 желтоқсан).
22-26 қараша арналған валюта болжамы
Inbusiness.kz сайтында өз болжамын жариялаған сарапшылардың пікірінше, коронавирустың жаңа африкалық штамы өте маңызды факторға айналды және ол экономикалық жағдайға, сонымен бірге теңге бағамының қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді. Мұнай бағасына АҚШ доллары, сұраныс пен ұсыныстың нарықтық балансы бойынша болжамдар сияқты факторлар әсер етуде. Қазақстанның ЖІӨ бойынша ЕАДБ-ның соңғы болжамы мен ҚР Парламентінің 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды бекітуін атап өтуге болады
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
Теңге мен АҚШ доллары апта соңында төмендеді. Бүгінде нарықты Оңтүстік Африкада анықталған коронавирустың жаңа агрессивті штамы туралы ақпарат алаңдатып отыр. Ұлыбритания алты мемлекетпен арадағы әуе қатынасын тоқтату туралы шешім қабылдады.Шикізат бағасы өзгеруде. Brent баррелінің бағасы $79,84-ке дейін төмендеді. Мұнай бағасына АҚШ доллары да, сұраныс пен ұсыныстың нарықтық балансы бойынша теріс болжамдарда да ықпал етуде. Еуразиялық Даму Банкі 2021 жылы Қазақстанның ЖІӨ-ін 3,8%-ға, 2022 жылы 4,2%-ға, ал 2023 жылы экономикалық өсім 5%-ға жетеді деген пікірде.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 430-432 теңге, бір еуро 490-495 теңге, бір рубль 5,75-5,85 теңге, бір юань 67,5-68,0 теңге болады.
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
Өткен аптада Қазақстан валютасы доллар мен еуроға қатысты әлсіреп, Ресей рублі мен юаньға қатысты нығайды.
Джером Пауэлл ФРЖ басшысы лауазымына екінші рет ұсынылды деген жаңалықтан кейін доллар айтарлықтай нығайды. Сондай-ақ АҚШ валютасына АҚШ-тың макроэкономикалық деректерімен қатар 2-3 қарашада FOMC отырысының хаттамасының жариялануы да оң әсер етті. Африканың оңтүстігінде коронавирустың жаңа штамының табылуы нарықтарда жаһандық risk off-ке әкеліп соқты, бұл бірқатар валюталардың, оның ішінде теңгенің төмендеуіне түрткі болды. Инвесторлар ЕО-дағы пандемияның кезекті толқыны мен Африкадан келген жаңа штамға байланысты экономикалық белсенділіктің бәсеңдейді деп күдіктеніп отыр.
Келесі аптада бір доллар 432-438 теңге, бір еуро 485-495 теңге, бір рубль 5,70-5,90 теңге, бір юань 67,25-68,00 теңге шамасында болуы ықтимал.
Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
Өткен аптада теңге бағамы тек Ресей рубліне қатысты нығайып, басқа әлемдік валюталарға қатысты бағасы әлсіреді. Мұның басты себебі – B. 1. 1. 529 коронавирусының жаңа штамының пайда болуы. Brent мұнайының бағасы бір аптада 7%-ға төмендеді. Сондай-ақ мыс пен басқа да шикізат тауарларының әлемдік бағасы төмендей бастады. Қазақстан Парламенті 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды бекітті. Теориялық тұрғыдан алғанда, әлемдік мұнай бағасының төмендеуі қысқа мерзімді болуы мүмкін. Егер ОПЕК+ араласып, өндірісті қысқартса, өткен жылдағыдай орасан болмайды.