Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
22.11.2021 |
429-432 |
ГК «ФИНАМ»
22.11.2021 |
428-434 |
Forex Club
22.11.2021 |
428-430 |
SoftLink
22.11.2021 |
429-435 |
DAMU Capital Management
22.11.2021 |
427-429 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
22.11.2021 |
5,90-6,00 |
ГК «ФИНАМ»
22.11.2021 |
5,90-6,00 |
Forex Club
22.11.2021 |
5,7-6 |
SoftLink
22.11.2021 |
5,83-6,03 |
DAMU Capital Management
22.11.2021 |
5,90-5,95 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
22.11.2021 |
490-500 |
ГК «ФИНАМ»
22.11.2021 |
485-495 |
Forex Club
22.11.2021 |
487-489 |
SoftLink
22.11.2021 |
485-497 |
DAMU Capital Management
22.11.2021 |
490-495 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
22.11.2021 |
67-68 |
ГК «ФИНАМ»
22.11.2021 |
67,25-68,00 |
Forex Club
22.11.2021 |
67,2-67,5 |
SoftLink
22.11.2021 |
67,4-68,1 |
DAMU Capital Management
22.11.2021 |
67-67,5 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (22-26 қараша).
15-19 қараша арналған валюта болжамы
Мұнай бағасына бірнеше фактор әсер етеді. Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарын жариялаған сарапшылар осындай пікірде. Біріншіден, АҚШ негізгі импорттаушы елдермен бірлесе бағаны тұрақтандыру үшін стратегиялық қорларды босатпақ. Ауа-райы суытуы да маңызды. Бұл фактор сұраныстың артуына әкеліп соғуы мүмкін.
Сонымен қатар сарапшылар АҚШ ФРЖ-ның ДКП-ны қалыпқа келтіруді ертерек бастау мүмкіндігіне, сондай-ақ АҚШ долларының өзгеруіне және Конгресстің төменгі палатасының инфрақұрылымды дамытуға жұмсалатын шығындар туралы заңның қабылдануын атап өтті.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
Теңгенің бағамы үшін мұнай нарығындағы үрдістер мен инвесторлардың тәуекелге қатынасы маңызды болып қала береді. АҚШ долларының да ықпалы бар.Доллардың нығаю теңгенің нығаюына жол бермейді.
Brent баррелі $ 80,50-83,00 аралығында болады,бұл теңге бағамы үшін ешқандай әсер етпейді. Алайда күрт өзгеріс теңге бағамына бірден әсер етеді.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 429-432 теңге, бір еуро 490-500 теңге, бір рубль 5,90-6,00 теңге, бір юань 67-68 теңге болады.
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
19 қарашада аяқталған аптада қазақстандық валютаның долларға және юаньға қатысты бағамы әлсіреді және еуро мен рубльға қатысты бағамы өзгермеді. ХВҚ болжамдары бойынша 2021 жылдың қазан айында 8,9%-ды құраған Қазақстандағы инфляция ішкі сұраныстың артуы мен әлемдік нарықтардағы жеткізілімдердің іркілуіне байланысты жоғары болып қалуы мүмкін. ХВҚ сарапшылары инфляцияны төмендету үшін ҚР ҰБ тарапынан АНК-ны іске асыру жөніндегі шараларды, сондай-ақ Үкіметтің жеткізу тізбегіндегі іркілістердің салдарын азайту жөніндегі шараларын үйлестіруді керек деп санайды. Бұл ретте 2022 жылы инфляция Ұлттық Банктің нысаналы дәлізіне оралып, 6%-ға дейін төмендеуі мүмкін деп күтілуде.
Келесі аптада бір доллар 428-434 теңге, бір еуро 485-495 теңге, бір рубль 5,90-6,00 теңге, бір юань 67,25-68,00 теңге шамасында болуы ықтимал.
Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
Өткен аптада теңге бағамы доллары мен юаньға қатысты әлсіреді, сондай-ақ рубль мен еуроға қатысты нығайды. Бір апта бұрынғыдай, мұның басты себебі мұнайдың әлемдік бағасы және АҚШ доллары индексінің өсуі болды.
Brent бағасы 80 доллардан түсіп кетті. Бұған Еуропаның бірқатар елінде шектеу шараларының енгізілуі түрткі болды. Австрия карантин енгізді. Сонымен қатар, Германияда, Ұлыбританияда және басқа да елдерде COVID-19 науқастарының саны артты. Карантиннің жариялануы өткен жылдағыдай отынға деген сұранысты төмендетуі мүмкін. Менің болжамым бойынша, бір доллар 429-435 теңге, бір еуро 485-497 теңге, бір рубль 5,83-6,03 теңге, бір юань 67,4-68,1 теңге болады.
Айдар Калиаскар, Forex Club қаржы скауты:
Қазақстан қор биржасындағы теңге бағамы жұма күні мұнай бағасының өсуі аясында негізгі валюталарға қатысты қымбаттады. Ұлттық валютаға мұнай бағасының көтерілуі оң ықпалын тигізді.Температураның төмен болуы табиғи газдың жетіспеушілігіне және балама жылу көздеріне қызығушылық тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, Қытай мен АҚШ өз қорларынан қосымша шикізат шығаруы мүмкін деген жаңалықтардан кейін мұнай бағасы қалпына келе бастады.