Валюта болжамы: 15-19 қараша

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
429,750

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
15.11.2021
427-430
ГК «ФИНАМ»
15.11.2021
428-433
Forex Club
15.11.2021
429-431
SoftLink
15.11.2021
427-433
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
6,053

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
15.11.2021
6,00-6,10
ГК «ФИНАМ»
15.11.2021
5,90-6,00
Forex Club
15.11.2021
6,1-6,4
SoftLink
15.11.2021
5,86-6,06
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
494,750

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
15.11.2021
490-500
ГК «ФИНАМ»
15.11.2021
493-498
Forex Club
15.11.2021
493-495
SoftLink
15.11.2021
490-499
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
67,425

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
15.11.2021
67-68
ГК «ФИНАМ»
15.11.2021
67,10-67,60
Forex Club
15.11.2021
67,3-67,6
SoftLink
15.11.2021
67-67,8

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (15-19 қараша).

15-19 қараша

 

8-12 қараша арналған валюта болжамы 

 

 

 

Өткен аптағыдай теңгеге шикізат бағасы мен америкалық валюта бағамы әсер етеді. Inbusiness.kz сайтында өз болжамын жариялаған сарапшылар АҚШ-тағы инфляция туралы мәліметке назар аударды. Нарық қатысушылары келесі жылы ФРЖ мөлшерлемені екі есе өсіреді деген пікірде. Бұл фактор мұнай бағасына әсер етеді. Макроэкономикалық факторларға келетін болсақ, сарапшылар Қазақстандағы инфляция, ҚР Ұлттық Банкінің 2023 жылдың соңына қарай экономиканы қолдаудың негізгі Мемлекеттік бағдарламаларынан шығу перспективасы, сондай-ақ елдегі электр, бензин және дизель отынының тапшылығы туралы сөз қозғады.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

15-19 қараша

Теңгеге шикізат бағасының өзгеруі әсер ететінін ескере отырып, жаңа аптада мұнай нарығындағы жағдай қазақстандық валюта үшін негізгі катализаторлардың бірі болып қалады. Brent баррелі $82-ге дейін арзандауы мүмкін, тіпті бағасы одан да төмен болуы мүмкін.Жаһандық капитал нарықтарындағы тәуекелге деген көзқарас әбден тұрақты. Бұл теңге үшін жақсы жаңалық.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 427-430 теңге, бір еуро 490-500 теңге, бір рубль 6,00-6,10 теңге, бір юань 67-68 теңге болады.

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

15-19 қараша Өткен аптада қазақстандық валютаның доллар мен юаньға қатысты бағамы әлсіреп, еуро мен рубльге қатысты бағамы нығайды.

Теңгенің долларға қатысты әлсіреуіне АҚШ-та инфляция бойынша деректер жарияланғаннан кейін америкалық валютаның күрт өсуі әсер етіп отыр. Соңғы мәлімет бойынша, инфляция қазан айында 6,2%-ға жетті. Инвесторлар мен сарапшылар ФРЖ пайыздық мөлшерлемені ертерек көтере бастайды деп топшылауда. Сондай-ақ бір апта ішінде мұнай бағасы барреліне $85-тен жоғары болып, $82-ден төмен болды, бұл айтарлықтай құбылмалылыққа ие болған теңгеге де әсер етті.

Келесі аптада бір доллар 428-433 теңге, бір еуро 493-498 теңге, бір рубль 5,90-6,00 теңге, бір юань 67,10-67,60 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

15-19 қараша

Өткен аптада теңге бағамы АҚШ доллары мен Қытай юаніне қатысты әлсіреп, рубль мен еуроға қатысты бағамы нығайды. Бұған мұнай, мыс және басқа да минералды шикізат бағасының өзгеруі ықпал етті.

Сонымен қатар АҚШ долларының индексі айтарлықтай өсті және өткен жылдың шілдесінен бастап жаңартылды. 2021 жылғы қазанда АҚШ-тағы инфляция 31 жылдық максимумға жетті және жылдық мәнде 6,2%-ды құрады. Енді инвесторлар келесі жылдың шілде мен қараша айларында ФРЖ мөлшерлемені (0,25%) екі есе арттыруын күтіп отыр.

Теңге үшін электр қуатының тапшылығы кері әсер еткен болуы мүмкін. Өйткені майнерлер криптовалютаны көптеп қолдана бастады. Қазақстанның Энергетика министрлігінің пікірінше, бұл мәселені шешу үшін Ресейден электр энергиясын жеткізу қажет болады.

Менің болжамым бойынша, бір доллар 427-433 теңге, бір еуро 490-499 теңге, бір рубль 5,86-6,06 теңге, бір юань 67-67,8 теңге болады.

 

 

Айдар Калиаскар, Forex Club қаржы скауты:

15-19 қараша

Қазақстан қор биржасындағы теңге бағамы жұма күні мұнайдың әлемдік бағасының құлдырауы аясында негізгі валюталарға қатысты төмендеді.

ОПЕК өзінің баяндамасында 2021 жылы мұнайға деген әлемдік сұраныс болжамын төмендетті. Осыдан кейін мұнай бағасы төмендеді. Енді одаққа мүше елдер бір ай бұрын 5,8 миллион баррельдің орнына тәулігіне 5,7 миллион баррельге өсуін күтуде. Мұнай бағасына доллардың біршама нығаюы да әсер етіп отыр. Қазір нарық қатысушылары АҚШ-тағы қолданыстағы мұнай бұрғылау қондырғыларының апта сайынғы статистикасын жариялайтын Baker Hughes Company деп аталатын мұнай-газ сервистік компаниясынан деректерді күтуде.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 429-431 теңге, бір еуро 493-495 теңге, бір рубль 6,1-6,4 теңге, бір юань 67,3-67,6 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу