Валюта болжамы: 8-12 қараша

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
429,000

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.11.2021
426-430
ГК «ФИНАМ»
08.11.2021
427-432
SoftLink
08.11.2021
426-433
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
6,025

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.11.2021
5,90-6,00
ГК «ФИНАМ»
08.11.2021
5,95-6,15
SoftLink
08.11.2021
6-6,15
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
497,167

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.11.2021
495-500
ГК «ФИНАМ»
08.11.2021
492-500
SoftLink
08.11.2021
494-502
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
67,125

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.11.2021
67-68
ГК «ФИНАМ»
08.11.2021
66,50-67,25
SoftLink
08.11.2021
66,7-67,3

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (8-12 қараша).

8-12 қараша

 

1-5 қараша арналған валюта болжамы 

 

 

 

Қарашаның жаңа аптасында теңге бағамына мұнай бағасы мен АҚШ доллары индексі сияқты факторлар ықпал етеді. Inbusiness.kz сайтында өз болжамын жариялаған сарапшылар АҚШ-тағы қорлар статистикасының әсері мен ОПЕК+ альянсының өндірісті ұлғайтудың қазіргі қарқынын сақтау туралы шешімін атап өтті. АҚШ валютасының бағамына ФРЖ-нің мемлекеттік және ипотекалық облигацияларды сатып алуды ай сайын қысқарту туралы шешімі әсер етті.

Ішкі триггерлерге келер болсақ, олар инфляция, төлем балансы тапшылығының қысқаруы және Ұлттық қор активтерінің ұлғаюына қатысты деректерге назар аударды.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

8-12 қараша

Өткен аптада позициялары нашарлағаннан кейін 8 қарашада теңге сауда-саттық кезінде әлсіз болып көрінді. Бұған шикізат нарығындағы құбылмалылық пен АҚШ долларының нығаюы түрткі болып отыр.Жаңа аптаның басында мұнайдың бағасы қалпына келе бастады. Brent баррелі  83,49 долларға саудалануда, кейін 83-85 доллар аралығында өзгеруі мүмкін.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 426-430 теңге, бір еуро 495-500 теңге, бір рубль 5,90-6,00 теңге, бір юань 67-68 теңге болады.

 

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:​

8-12 қараша Өткен аптада теңгенің барлық валюталарға қатысты бағамы айтарлықтай әлсіреді. Мұнай нарығындағы жағдай теңгеге қысым көрсетті. АҚШ-тың ФРЖ активтерді сатып алу бағдарламасын қысқарту туралы шешімінен кейін доллардың әлемдік валюталарға қатысты бағамы нығайды.  Аптаның басында мұнай бағасы өсті. ОПЕК+ отырысы қарсаңында шикізат арзандаған еді. Инфляцияға келетін болсақ, қыркүйекте ол әлемдік экономиканың қалпына келуі аясында 8,9%-ды құрады. Қазақстандағы инфляция Ресейдегі инфляцияның өсуімен де байланысты. Қазақстанның импортындағы Ресейдің үлесі экспорттан едәуір асып, жалпы көлемнің 35,4%-ын құрады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны 8,5% деңгейінде сақтауды тапсырды.

Келесі аптада бір доллар 427-432 теңге, бір еуро 492-500 теңге, бір рубль 5,95-6,15 теңге, бір юань 66,50-67,25 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

8-12 қараша

Өткен аптада теңге барлық әлемдік валюталарға қатысты бағамы аздап әлсіреді. Бұған ФРЖ-ның мемлекеттік және ипотекалық облигацияларды сатып алу көлемін ай сайын $15 млрд-қа қысқарту туралы шешімі аясында АҚШ доллары индексінің өсуі ықпал етіп отыр. Екінші апта қатарынан АҚШ-та мұнай қорының артуы аясында оның бағасының өзгеруі, сондай-ақ басқа шикізат тауарлары бағасының төмендеуі теңгеге әсер еткені сөзсіз.Инфляция 2021 жылғы қазанда өзгерген жоқ және жылдық мәнде 8,9%-ды құрады. Төлем балансының тапшылығы қысқарды және Ұлттық қордың активтері артты. Тұтыну бағасының өсуі баяулауы мүмкін. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ұлттық Банкке жыл қорытындысы бойынша инфляцияны 8,5% деңгейінде сақтауды тапсырды.

Менің болжамым бойынша, бір доллар 426-433 теңге, бір еуро 490-503 теңге, бір рубль 6-6,15 теңге, бір юань 66,7-67,3 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу