Валюта болжамы: 1-5 қараша

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
427,375

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
31.10.2021
425-428
ГК «ФИНАМ»
31.10.2021
425-430
SoftLink
31.10.2021
424-431
Forex Club
31.10.2021
427-429
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
6,081

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
31.10.2021
6,01-6,09
ГК «ФИНАМ»
31.10.2021
5,95-6,15
SoftLink
31.10.2021
6-6,15
Forex Club
31.10.2021
6-6,3
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
497,625

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
31.10.2021
495-500
ГК «ФИНАМ»
31.10.2021
493-503
SoftLink
31.10.2021
494-502
Forex Club
31.10.2021
496-498
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
66,544

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
31.10.2021
66-67
ГК «ФИНАМ»
31.10.2021
66,00-66,75
SoftLink
31.10.2021
66-66,9
Forex Club
31.10.2021
66,7-67

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (1-5 қараша).

1-5 қараша

 

25-29 қазанға арналған валюта болжамы 

 

 

 

Қазан айының соңында қазақстандық валюта бұрынғысынша сыртқы факторларға тәуелді болды. Inbusiness.kz сайтында өз болжамдарын жариялаған сарапшылар АҚШ долларының өзгеруі мен энергия бағалары сияқты факторларды атап өтті. Олар өндірісті кеңейту мәселесіне байланысты ОПЕК+ отырысын, АҚШ-тың ФРЖ отырысын күтуде. Екі іс-шара да келесі аптада өтуі тиіс.Сарапшылар ҚР Ұлттық банкінің негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеруін, сондай-ақ Қазақстандағы инфляцияның өсуін сөз етті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

1-5 қараша

Теңгенің бағамын айқындайтын негізгі факторлар – жаһандық инвесторлардың тәуекелге деген ұстанымы, мұнай бағасы және доллар динамикасы. Алдағы аптада ОПЕК+ отырысы өтеді. Жиында сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндірісті кеңейту туралы хабарлама жарияланады. Доллар позицияны біртіндеп теңестіретін сияқты. 2-3 қарашада АҚШ-тың ФРЖ отырысы басты назарда болады, отырыста ынталандыру көлемінің қысқаруы жариялануы керек.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 425-428 теңге, бір еуро 495-500 теңге, бір рубль 6,01-6,09 теңге, бір юань 66-67 теңге болады.

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

1-5 қараша Өткен аптада теңгенің юаньнна басқа валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Қазақстанда негізгі пайыздық мөлшерлеменің көтерілуі, мұнай бағасының көтерілуі және жаһандық risk-on көтерілуі де бұл процесті тежей алмады. ҚР Ұлттық банкі негізгі пайыздық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін көтерді. Алайда нарық реакциясынан көріп отырғанымыздай, бұл Қазақстандағы инфляцияның үдеуін бәсеңдету және инвесторларға сенімділік беру үшін жеткіліксіз. Қазақстандағы макроэкономикалық деректерге келетін болсақ, Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов Ұлттық банктің барлық күш-жігері 2022 жылдың соңына қарай инфляцияның нысаналы дәлізге, яғни 4-6%-ға оралуына бағытталғанын, ал қазіргі кезде инфляция 2021 жылға арналған нысаналы дәлізден 7,5-8,5% - ға жоғары қалыптасатынын, сондықтан мөлшерлемені көтеру қажет екенін мәлім етті.

Келесі аптада бір доллар 425-430 теңге, бір еуро 493-503 теңге, бір рубль 5,95-6,15 теңге, бір юань 66,0-66,75 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

1-5 қараша

Қазақстан қор биржасындағы теңгенің долларға қатысты бағамы жұма күні біршама нығайып, бірақ басқа валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Теңгеге  мұнайдың қымбат болуы оң әсер етті.Қазір нарықтағылар Иран мұнайының нарыққа қайтарылуы перспективасын бақылап отыр. Америкалық Baker Hughes Company мұнай-газ сервистік компаниясы АҚШ-тағы қолданыстағы мұнай бұрғылау қондырғыларының апталық статистикасын жариялайды. Алдыңғы жұмыс аптасында олардың саны екі есе азайған еді.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар  426-428 теңге, бір еуро  495-497 теңге, бір юань  65,9-66,3 теңге, бір рубль 5,9-6,2 теңге болады.

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

1-5 қараша

Өткен аптада теңгенің юаньннан басқа валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Инвесторлар Ұлттық Банк мөлшерлемені 25 қазанда 9,5%-дан 9,75%-ға дейін көтеруін жеткіліксіз деп санап отырған болуы мүмкін. Қыркүйекте Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтерінің 4,8%-ға азаюы және Ұлттық қор активтерінің 6,3%-ға қысқаруы теңгеге кері әсер еткен. Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкіметтің "цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасын іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 1,4 трлн теңге жұмсалатынын мәлімдеді. Қалған ұлттық жобаларды іске асыру да қомақты қаражатты талап етеді.

Менің болжамым бойынша, бір доллар 424-431 теңге, бір еуро 494-502 теңге, бір рубль 6-6,15 теңге, бір юань 66-66,9 теңге болады.

 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу