Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
24.10.2021 |
425-427 |
ГК «ФИНАМ»
24.10.2021 |
424-429 |
Forex Club
24.10.2021 |
427-429 |
SoftLink
24.10.2021 |
423-430 |
DAMU Capital Management
24.10.2021 |
423-425 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
24.10.2021 |
5,96-6,02 |
ГК «ФИНАМ»
24.10.2021 |
5,90-6,10 |
Forex Club
24.10.2021 |
6,03-6,07 |
SoftLink
24.10.2021 |
6-6,1 |
DAMU Capital Management
24.10.2021 |
6,00-6,10 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
24.10.2021 |
492-502 |
ГК «ФИНАМ»
24.10.2021 |
490-500 |
Forex Club
24.10.2021 |
497-499 |
SoftLink
24.10.2021 |
489-501 |
DAMU Capital Management
24.10.2021 |
495-500 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
24.10.2021 |
66-67 |
ГК «ФИНАМ»
24.10.2021 |
66,00-67,00 |
Forex Club
24.10.2021 |
66,9-77,2 |
SoftLink
24.10.2021 |
66-66,9 |
DAMU Capital Management
24.10.2021 |
66-66,5 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (25 қазан-29 қазан).
18 қазан-22 қазанға арналған валюта болжамы
Сыртқы факторлар әдеттегідей теңге бағамының қалыптасуына елеулі ықпал етеді. Inbusiness.kz сайтында өз болжамын жариялаған сарапшылар мұнай бағасының өзгеруін, АҚШ-тағы шикізат қорының төмендеуін, газдың қымбаттауын атап өтті.
Сонымен қатар сарапшылар жаһандық инвесторлардың тәуекелге деген көзқарасын, АҚШ, ЕО және Ресейдегі қаржы-несие саясатының күшеюін күтуін, сондай-ақ Қытайдың үшінші тоқсандағы ЖІӨ өсу қарқыны туралы мәліметтерге де тоқталды.
Олар S&P халықаралық рейтингтік агенттігінің Қазақстандағы инфляцияның өсуі бойынша болжамды арттыруына, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің ЖІӨ өсу болжамын жаңартуына назар аударды.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
Қазақстандық теңгенің бағамы жаһандық инвесторлардың тәуекелге деген көзқарасы мен шикізат бағасының өзгеруіне тәуелді. Америкалық қор нарығына 2021 жылдың үшінші тоқсанындағы компаниялардың жарияланған есептеріне оң ықпалын тигізді. Мұнайға келетін болсақ, Brent бағасы жеті жылдық максимумнан алшақтап барады. Brent баррелі жақын арада $83-85 аралығында өзгереді. Теңге үшін бұл қалыпты деңгей. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 425-427 теңге, бір еуро 492-502 теңге, бір рубль 5,96-6,02 теңге, бір юань 66-67 теңге болады.
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Осы аптада доллардың көптеген әлемдік валюталарға қатысты бағамы төмендеді. Қазақстандағы макроэкономикалық деректерге келетін болсақ, S&P халықаралық рейтингтік агенттігі 2021 жылға арналған Қазақстандағы инфляцияның өсуі жөніндегі болжамды 8,5%-дан 8,7%-ға дейін көтерді. Агенттіктің болжамы бойынша, 2021 жылы инфляция 8,7%-ды, 2022 жылы 7%-ды, 2023 жылы 5,5%-ды құрайды.
Сонымен қатар, 2022 жылы Қазақстан экономикасы 3,6%, 2023 жылы 3,9% және 2024 жылы 3,5%-ға өседі. Келесі аптада бір доллар 424-429 теңге, бір еуро 490-500 теңге, бір рубль 5,90-6,10 теңге, бір юань 66,0-67,00 теңге шамасында болуы ықтимал.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі аясында Қазақстан қор биржасындағы теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Жұма күні мұнайдың бағасы төмендеді. Сонымен қатар нарық қатысушылары қыс мезгілі мен мұнай жеткізілімінің жетіспеушілігінен қорқуда. Бірақ қазіргі бағаның төмендеуі ұзақ уақытқа созылуы екіталай. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 427-429 теңге, бір еуро 497-499 теңге, бір юань 66,9-67,2 теңге, бір рубль 6,03-6,07 теңге болады.
Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы өзгерген жоқ, ал басқа валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Алты ай бойы USD/KZT 424-430 теңге диапазонында саудалануда. Оның тұрақтылығын Ұлттық Банк қамтамасыз етіп отырған болу керек.
Теңгеге Қазақстан Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің Ұлттық қордың валюталық активтерін 2021 жылғы қыркүйектегі $55 млрд-тан 2024 жылы $61,6 млрд-қа дейін ұлғайту туралы болжамы оң әсер етті. Ресейдегі мөлшерлеме алтыншы рет көтерілгеннен кейін, рубль нығайды. Қазір ол 7,5%-ға жетті.
Қазақстанның Ұлттық Банкі де 25 қазандағы отырыста өз мөлшерлемесін 9,5% деңгейінен сәл көтеретін сияқты. Менің болжамым бойынша, бір доллар 423-430 теңге, бір еуро 489-501 теңге, бір рубль 6-6,1 теңге, бір юань 66-66,9 теңге болады.