Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
17.10.2021 |
424,00-426,00 |
ГК «ФИНАМ»
17.10.2021 |
424-429 |
DAMU Capital Management
17.10.2021 |
425-427 |
Swissquote Bank
17.10.2021 |
423-430 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
17.10.2021 |
5,90-5,95 |
ГК «ФИНАМ»
17.10.2021 |
5,90-6,10 |
DAMU Capital Management
17.10.2021 |
5,8-5,9 |
Swissquote Bank
17.10.2021 |
5,92-6,05 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
17.10.2021 |
490-495 |
ГК «ФИНАМ»
17.10.2021 |
490-500 |
DAMU Capital Management
17.10.2021 |
488-492 |
Swissquote Bank
17.10.2021 |
490-502 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
17.10.2021 |
66-67 |
ГК «ФИНАМ»
17.10.2021 |
65,90-66,50 |
DAMU Capital Management
17.10.2021 |
66-66,5 |
Swissquote Bank
17.10.2021 |
65,7-66,3 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (18-22 қазан).
11-15 қазанға арналған валюта болжамы
Табиғи газ бен мұнай бағаларымен қатар теңге бағамына АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің монетарлық саясатқа қатысты шешімі әсер етеді. қатаңдатуын күту болады. Inbusiness.kz порталында өз болжамын жариялаған сарапшылар осыны атап өтті. Ішкі факторларға келетін болсақ, сарапшылар Қазақстандағы қыркүйек айындағы инфляцияның өсуіне, сондай-ақ Халықаралық валюта қорының алдағы жылы инфляция бойынша болжамының артуына және ЖІӨ-нің өсуі бойынша болжамның төмендеуіне ерекше назар аударды.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
Жаңа аптада шикізаттық ралли қазақстандық теңге бағамына әсер ететін негізгі факторы болып қала береді. Мұнай неғұрлым қымбат болса, Қазақстан экономикасы мен оның шикізат валютасы соғұрлым оңалады. Brent баррелінің бағасы 85 доллардан, тіпті 86,15 доллардан асуы үшін барлық мүмкіндік бар. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 424,00-426,00 теңге, бір еуро 490-495 теңге, бір рубль 5,90-5,95 теңге, бір юань 66-67 теңге болады.
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
Өткен аптаның нәтижелері бойынша теңгенің барлық валюталарға қатысты бағамы айтарлықтай дәрежеде әлсіреді. Теңгеге ХВҚ-ның болжамы әсер етті: Қазақстанда инфляцияның болжамды деңгейін арттырып, ЖІӨ-нің 2021 жылға өсімін төмендетті. Қазақстандағы макроэкономикалық деректерге келетін болсақ, Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстанның ЖІӨ қаңтар-қыркүйекте 3,4%-ға өскенін, бұл тамыз айындағы деректерден 3%-ға жоғары екенін мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ең жылдам дамып келе жатқан салалар – ақпараттық технологиялар, өңдеу өнеркәсібі және коммуналдық сектор.
Келесі аптада бір доллар 424-429 теңге, бір еуро 490-500 теңге, бір рубль 5,90-6,10 теңге, бір юань 65,90-66,50 теңге шамасында болуы ықтимал.
Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы біршама әлсіреді. Мұнай мен басқа да шикізаттың әлемдік бағасы жоғары болып қалуда.
Теңгенің әлсіреуіне қыркүйек айында инфляцияның (8,9%) ұлғаюы, сондай-ақ дамудың он ұлттық жобасының бекітілуі әсер еткен болуы мүмкін. Оларды қаржыландыруға 49 трлн теңге бөліну керек. Бұл соманың 33 трлн теңгесі бюджеттен тыс көздерден жұмсалуы тиіс.
Сонымен қатар Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан экономикасының көміртекті бейтараптығына қол жеткізу үшін 40 жыл ішінде $650 млрд қажет болады деп мәлімдеді. Бастапқы кезеңде Қазақстан Үкіметі энергия өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 2023 жылға қарай 3%-дан 6%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл үшін 2,5 миллиард доллар қажет болуы мүмкін.
Менің болжамым бойынша, бір доллар 423-430 теңге, бір еуро 490-502 теңге, бір рубль 5,92-6,05 теңге, бір юань 65,7-66,3 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Әлемдегі отын дағдарысы бәсеңдемей тұр.Табиғи газдың шарықтап барады, оның салдарынан мұнай да қымбаттай түсуде. Өйткені кейбір энергетикалық компаниялар табиғи газдан мұнай өнімдеріне көше бастады. Артынан шикізатқа деген қосымша сұраныс туды.Халықаралық Валюта Қоры жылына екі рет дайындалатын кезекті экономикалық болжамын жариялады. Қазақстанда қыркүйек айында инфляция 8,9%-ға дейін көтерілді. ҚР Ұлттық Банкінің мөлшерлемені көтеруі инфляцияға әсер етпеді.
Келесі аптада бір доллар 425-427 теңге, бір еуро 488-492 теңге, бір рубль 5,8-5,9 теңге, бір юань 66-66,5 теңге шамасында болуы ықтимал.