Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
10.5.2019 |
380,55-382,50 |
IFC Markets
10.5.2019 |
376-383 |
Альпари
10.5.2019 |
379,50-381,00 |
Астана-Инвест
10.5.2019 |
380-385 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
10.5.2019 |
5,84-5,95 |
IFC Markets
10.5.2019 |
5,77-5,88 |
Альпари
10.5.2019 |
5,80-5,89 |
Астана-Инвест
10.5.2019 |
5,8-5,9 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
10.5.2019 |
425,55-427,50 |
IFC Markets
10.5.2019 |
421-430 |
Альпари
10.5.2019 |
425-427 |
Астана-Инвест
10.5.2019 |
422-430 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
10.5.2019 |
|
IFC Markets
10.5.2019 |
|
Альпари
10.5.2019 |
|
Астана-Инвест
10.5.2019 |
Өткен апта мерекелерге байланысты қысқа болды, биржада тек екі сауда күні өтті. Сондықтан inbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың пікірінше, алдағы аптада қазақстандық валюта әлемдік шикізат және қор нарықтарындағы жоғары құбылмалықтың орнын толтыра бастайды («ФИНАМ», IFC Markets). Сонымен қатар сарапшылар болжамдарында АҚШ-та Қытайдан келетін тауарларға кедендік баж салығы мен британдық Brexit («ФИНАМ» КТ), сондай-ақ Қазақстан үшін жағымды макроэкономикалық мәліметтердің өскенін (IFC Markets) және Ресей рублінің әлсіреуі мүмкін екенін («Астана-Инвест» АҚ инвестициялық үй») атап кетті.
Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz әзірлеген кезекті оқи аласыздар.
Алексей Коренев, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Соңғы күндердегі құбылмалықтың жоғары болуы және Ресей мен Қазақстандағы ұзақ демалыстар, сондай-ақ әлемдік шикізат және қор нарықтарында мамыр айының басында түзетулер болу қаупінен 17 мамырда қазақстандық теңгенің құбылмалық ауқымы долларға қатысты 380,55-382,50, еуроға 425,55-427,50, рубльге 5,84-5,95 теңге болуы мүмкін.
Әлемдік экономиканың даму қарқынының баяулау қаупі, мұнайға деген сұраныстың төмендеуі, АҚШ пен Қытай арасындағы кезекті келіссөздің сәтсіз аяқталуы, сондай-ақ британдық Brexit – теңге бағамына әсер етуші факторлар болып қала бермек.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Жеңіс күні мерекесін тойлауға байланысты өткен апта қысқа болды. Теңгенің доллар мен рубльге қатысты бағамы нығайды. Ал еуроға қатысты бағамында еш өзгеріс болмады. Осылайша, мұнайға қатысты әлемдік бағаның төмендеуі теңге үшін жағымсыз болған жоқ. Нарыққа қатысушылар макроэкономикалық мәліметтердің жақсы болуы мен елге келіп жатқан валюта ағынының артқанынан мән берген сыңайлы.
2019 жылдың I тоқсанында Қазақстанның сауда профициті өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 14,4%-ға өсіп, 7,1 млрд долларды құрады. Осының арқасында ағымдағы шоттың тоқсандық балансы 800 млн долларға артылып, өткен жылғы тапшылыққа қарағанда артық болып шықты. Мұның барлығы теңге бағамын ұстап тұруға негіз болуы мүмкін.
Алдағы аптада құбылмалық диапазоны бір рубль үшін 5,77-5,88 теңге, доллар үшін 376-383 теңге, еуро 421-430 теңге болады деп отырмыз.
Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық- сараптамалық орталығының бас сарапшысы:
Мамыр айының жаңа аптасы ұзақ демалыстардан кейінгі толық сауда аптасы болмақ. Теңге бағамына мұнай бағасының құбылмалығы, әлемдік инвесторлардың сыртқы тәуекелдерді бағалауы, жергілікті сайлау науқанының барысы және т.б әсер ететін болады.
АҚШ доллары 379,50-381,00 теңге шамасында, еуро 425-427 теңге, рубль 5,80-5,89 теңге шамасында саудаланады.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Мұнай бағасының төмендеуі тоқтап, бүгінде бір баррелі 70 долларға жуық шамада саудалануда. Бұл Ресей үшін де, Қазақстан үшін де тиімді баға. Алдағы уақытта мұнай осы шамада саудаланатын болады деп ойлаймын.
Доллар индексі (доллардың негізгі алты валютаға қатысты бағамы АҚШ статистикасына байланысты) шамалы төмендеді, бұл рубльге қолдау болды.
Ресей Орталық банкі дүйсенбі күні қаржы министрлігі үшін нарықтан доллар сатып алуды бастайды, бұл рубльді әлсірететіні анық, ал бұл теңгеге әсер етпей қоймайды. Алайда әлсіреу қатты болады деп ойламаймын. Қазақстан Ұлттық банкі құбылмалық шамадан тыс асып кетпес үшін саудаға араласа алады.
Алдағы аптада бір доллар 65-67 рубль, бір рубль 5,8-5,9 теңге, бір доллар 380-385 теңге, еуро 422-430 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 70-72 доллар, биткойн 6000-7000 доллар болады деп отырмыз.