Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
11.7.2020 |
405-420 |
Forex Club
11.7.2020 |
413-415 |
ГК «ФИНАМ»
11.7.2020 |
406-415 |
Gold Mining Capital
11.7.2020 |
412-422 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
11.7.2020 |
5,75-5,90 |
Forex Club
11.7.2020 |
5,8-6 |
ГК «ФИНАМ»
11.7.2020 |
5,65-5,85 |
Gold Mining Capital
11.7.2020 |
5,8-5,9 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
11.7.2020 |
460-670 |
Forex Club
11.7.2020 |
466-468 |
ГК «ФИНАМ»
11.7.2020 |
460-468 |
Gold Mining Capital
11.7.2020 |
464-474 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
11.7.2020 |
57-59 |
Forex Club
11.7.2020 |
59-60 |
ГК «ФИНАМ»
11.7.2020 |
58,0-59,2 |
Gold Mining Capital
11.7.2020 |
58,8-60 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (13 шілде – 17 шілде).
6 шілде-10 шілдеге арналған валюта болжамы
Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар осы жолы да коронавирус пандемиясына қатысты жағдайға тоқталды. Елімізде екі аптаға карантин жариялануы мұнай нарығындағы бағалардан да маңыздырыақ болып отыр. Сонымен қатар олар АҚШ-тағы мұнай қорының азаюына, Қазақстанның ОПЕК+ шарттарын межеден асырып орындауын да сөз етті.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
Әлемдік нарықтағы тәуекелге деген позиция тұрақты, осы фактор дамушы елдердің валюталарына әсер ететін болады. Мұнай бағасы реттеліп жатыр. АҚШ-тағы мұнай қоры өсуде, сонымен қатар коронавирус инфекциясының екінші толқыны басталады деген күдік бар. Олай болған жағдайда экономиканың қалыпқа келуі тежеледі.Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай нашар, инвесторларды осы жайт алаңдатып отыр.
Келесі аптада бір доллар 405-420 теңге болуы мүмкін. Ал бір еуро 460-470 теңге, бір рубль 5,75-5,90 теңге, ал бір юань 57-59 теңге болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы жұма күні төмендеді. Мұндай динамикаға еліміздің ЖІӨ бірінші жарты жылдықта өткен жылғымен салыстырғанда 1,8%-ға қысқаруы себеп болды. Коронавирус пандемиясына байланысты қызмет көрсету секторы 5,6%-ға кеміді. ҚР Ұлттық Банкі осы жылы елдің ЖІӨ 1,8%-ға азаяды деп отыр. Теңге бағамына бұдан бөлек мұнай бағасының төмендеуі әсер етіп отыр. Пандемия кесірінен шикізатқа деген сұраныс азайып кетті.
Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 413-415, EUR/KZT – 466-468, RUB/KZT – 5,8-6, CNY/KZT – 59-60.
Зарина Саидова, "ФИНАМ" компаниялар тобының аналитигі:
Осы аптада Қытайда қор нарығындағы көрсеткіштердің өсуі нарыққа оң әсерін тигізді. Осы орайда юань сәл нығайып, сонымен қатар теңгенің қытайлық валютаға қатысты бағамы да нығайды. Ал теңгенің доллларға қатысты бағамы тұрақсыз болды, өйткені елімізде коронавирустың таралу қарқынының күшейіп кетті.
Алдағы аптада бір доллар 406-415 теңге, бір еуро 460-468 теңге, бір рубль 5,65-5,85 теңге, бір юань 58,0-59,2 теңге болады.
Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital аналитигі:
АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі кеміп жатыр. Соңғы төрт айдағы жоғары нәтиже тіркелді. Осы аптада Құрама Штаттарда коронавирус жұқтырудың 60 мың жағдай тіркелді, тұтынушылардың қатары азайып кетті. Індеттің екінші толқыны басталады деген күдік долларға деген сұраныстың артуына түрткі болады. Доллар мен рубль бағамдары 2020 жылдың соңында 67,00-72,00 диапазонында саудаланады. Мәскеудегі несиелік банктің сарапшылары осылай деп отыр. Дегенмен үшінше тоқсанда бұл бағам бір рубльдің құны 76-80 долларға дейін өсуі мүмкін.
Келесі аптада бір доллар 412-422 теңге, бір еуро 464-474 теңге, бір юань 5,8-5,9 теңге, бір рубль 58,8-60 теңге болады.