Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
04.7.2020 |
400-410 |
ГК «ФИНАМ»
04.7.2020 |
401-407 |
Forex Club
04.7.2020 |
405-407 |
DAMU Capital Management
04.7.2020 |
405-410 |
IFC Markets
04.7.2020 |
402-412 |
Астана-Инвест
04.7.2020 |
403-408 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
04.7.2020 |
5,70-5,85 |
ГК «ФИНАМ»
04.7.2020 |
5,65-5,9 |
Forex Club
04.7.2020 |
5,8-5,9 |
DAMU Capital Management
04.7.2020 |
5,75-5,85 |
IFC Markets
04.7.2020 |
5,75-5,85 |
Астана-Инвест
04.7.2020 |
5,7-5,9 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
04.7.2020 |
450-465 |
ГК «ФИНАМ»
04.7.2020 |
451-460 |
Forex Club
04.7.2020 |
456-458 |
DAMU Capital Management
04.7.2020 |
445-455 |
IFC Markets
04.7.2020 |
452-460 |
Астана-Инвест
04.7.2020 |
450-460 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
04.7.2020 |
57-58 |
ГК «ФИНАМ»
04.7.2020 |
56,50-58,50 |
Forex Club
04.7.2020 |
57,5-57,8 |
DAMU Capital Management
04.7.2020 |
55-60 |
IFC Markets
04.7.2020 |
57-58 |
Астана-Инвест
04.7.2020 |
57-58 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (6 шілде – 10 шілде).
29 маусым - 3 шілдеге арналған валюта болжамы.
nbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар осы жолы да коронавирус пандемиясына қатысты жағдайға тоқталды. Олар осыған байланысты Қазақстанда шектеу шараларының енгізілуін сөз етті.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
Қазақстанда пандемияның екінші толқыны жарияланды. Бұл халықтың денсаулығына, сондай-ақ экономика мен ұлттық валютаға кері әсерін тигізетін фактор. Қазір мұнай бағасы тұрақтылық танытып отыр. Алдағы уақытта теңгенің өсу динамикасы тұрақсыз болуы мүмкін. Келесі аптада бір доллар 400-410 теңге болуы мүмкін. Ал бір еуро 450-465 теңге, бір рубль 5,70-5,85 теңге, ал бір юань 57-58 теңге болады.
Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:
Өткен сауда қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары әр түрлі нәтиже көрсетті. S&P 500 индексі 0,45%-ға көтеріліп, 3130,01 пунктке тірелді. Dow Jones индексі 0,36%-ға артып, NASDAQ индексі 0,52%-ға өсті. АҚШ-тың 10-жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі бір базистік пунктке төмендеп, 0,67% болды. Германияның 10-жылдық қазынашылық облигациялары үш базистік пунктке кеміп, -0,43% болды. Brent cұрыпты мұнай баррелінің бағасы 1,81%-ға көтеріліп, 42,75 долларға жетті. Шикізаттың қымбаттауына америкалық биржа алаңдарындағы жоғары көрсеткіштер түрткі болды. Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 401-407 теңге, бір рубль 5,65-5,9 теңге, бір еуро 451-460 теңге, бір юань 56,50-58,50 теңге болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы жұма күні әр түрлі көрсеткішке ие болды. Мұндай динамикаға еліміздің ОПЕК+ келісімінің шарттарын 5%-ға артық орындауы себеп болды. 5 шілдеден бастап елімізде карантин шаралары күшейтіледі. Осыған байланысты теңгенің басқа валюталарға қатысты бағамы әлсіреуі мүмкін.
Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 405-407, EUR/KZT – 456-458, RUB/KZT – 5,8-5,9, CNY/KZT – 57,5-57,8.
Мұрат Қастаев, "DAMU Capital Management" ЖШС бас директоры:
Қазір нарықтағылардың назары коронавирус пандемиясында. Індет екінші тоқсанның аяғында басылады деген болжам жасалған еді. Бірақ әзірге дерт бәсеңсімей тұр. Эталон маркалы мұнай бағасы осы аптада сәл қымбаттап, америкалық мұнай қоры азайды. Айта кететін жайт, 5 шілдеден бастап Қазақстанда екі аптаға карантин жарияланады.
Алдағы аптада бір доллар 405-410 теңге, бір еуро 445-455 теңге, бір рубль 5,75-5,85 теңге, бір юань 55-60 теңге болады.
Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital аналитигі:
АҚШ пен Қытай қарым-қатынасы қазір нарықтың назарында. Құрама Штаттар Қытайға қарсы бірнеше шаралар қабылдады. Індеттің өршуіне байланысты рубль бағамы арзандап жатыр. Бұған Ақ үйдің Кремльге қарсы санкциялары түрткі болды. Келесі аптада бір доллар 402-412 теңге, бір еуро 452-560 теңге, бір юань 5,75-5,85 теңге, бір рубль 57-58 теңге болады.
Серік Қозыбаев, "Инвестиционный дом "Астана-Инвест" АҚ инвестициялық анализ бөлімінің сарапшысы:
Эталон сұрыпты мұнай құны 40 доллардан асып кетті. Бірақ бұл динамика осылай сақталады деген сөз емес. ОПЕК+ келісімі бітпейінше және пандемия басылмайынша нарықтағы бағалар осылай болады. Алдағы уақытты осы тенденция сақталады. Келесі аптаға болжамым: бір доллар 403-408 теңге, бір еуро 450-460 теңге, бір юань 57-58 теңге, бір рубль 5,7-5,9 теңге болады.