Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.6.2020 |
400-405 |
ГК «ФИНАМ»
27.6.2020 |
399-406 |
Forex Club
27.6.2020 |
399-402 |
SoftLink
27.6.2020 |
398-408 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.6.2020 |
5,75-5,85 |
ГК «ФИНАМ»
27.6.2020 |
5,65-5,9 |
Forex Club
27.6.2020 |
5,6-5,8 |
SoftLink
27.6.2020 |
5,68-5,88 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.6.2020 |
450-456 |
ГК «ФИНАМ»
27.6.2020 |
448-456 |
Forex Club
27.6.2020 |
450-452 |
SoftLink
27.6.2020 |
447-463 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.6.2020 |
56-57 |
ГК «ФИНАМ»
27.6.2020 |
56-58 |
Forex Club
27.6.2020 |
56-57 |
SoftLink
27.6.2020 |
56,4-57,4 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (29 маусым – 3 шілде).
22 маусым - 26 маусымға арналған валюта болжамы
Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар осы жолы да мұнай нарығындағы өзгерістерге тоқталды. Олардың айтуынша, келесі аптада мұнай бағасына Қытай, АҚШ, Еуропадағы трафиктре туралы деректер әсер етеді. Бұдан бөлек олар коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда шектеу шараларының күшейтілуі және алдағы аптада инфляцияға қатысты мәліметтің жарияланатынына тоқталды.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
Теңгенің қазіргі жағдайы тұрақты. Мұнай нарығындағы құбылмалылыққа қарамастан, оның долларға қатысты бағамының динамикасы бір қалыпты. Келесі аптада да теңгеге мұнай нарығындағы ахуал мен нарықтың қатерлерге деген пікірі әсер етеді. Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 38,50-42 доллар аралығында өзгеруі мүмкін. Инвесторлардың назары қазір АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынас пен әлем бойынша коронавирус жұқтырғандарда.
Келесі аптада бір доллар 400-405 теңге болуы мүмкін. Ал бір еуро 450-456 теңге, бір рубль 5,75-5,85 теңге, ал бір юань 56-57 теңге болады.
Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:
Өткен сауда қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары әр түрлі нәтиже көрсетті. S&P 500 индексі 1,1%-ға көтеріліп, 3083,76 пунктке тірелді. Dow Jones индексі 1,18%-ға артып, NASDAQ индексі 1,09%-ға өсті. АҚШ-тың 2-жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі бір базистік пунктке төмендеп, 0,18% болды. 10-жылдық қазынашылық облигациялары бір базистік пунктке өсіп, 0,68% болды. Brent cұрыпты мұнай баррелінің бағасы 2,63%-ға көтеріліп, 41,47 долларға жетті. Шикізаттың қымбаттауына еуропалық және америкалық биржа алаңдарындағы жоғары көрсеткіштер түрткі болды. Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 399-406 теңге, бір рубль 5,65-5,9 теңге, бір еуро 448-456 теңге, бір юань 56-58 теңге болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы жұма күні нығайды. Бұған мұнай бағасының көтерілуі түрткі болды. Сонымен қатар шикізатқа деген сұраныс та қазір артып келеді. Дегенмен Қазақстандағы карантиндік шаралардың күшейтілуі теңгеге кері әсерін тигізуі мүмкін. 27-28 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында адам көп жиналатын орындардың жұмыс істеуіне тыйым салынды.
Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 399-402, EUR/KZT – 450-452, RUB/KZT – 5,6-5,8, CNY/KZT – 56-58.
Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:
Теңгенің доллар мен еуроға қатысты бағамы тұрақтылық танытып отыр. Өткен аптада рубль мен юаньға қатысты бағамы сәл нығайған болатын. Шикізаттың қымбаттауы теңгенің қымбаттауына оң әсерін тигізіп жатыр. ОПЕК+ келісімі бойынша Қазақстан мұнай өндірісін қысқартады. Бұл процесс 2022 жылға дейін жалғасады. Келесі аптада, яғни 1 шілдеде Қазақстанда инфляцияға қатысты жаңа деректер жарияланады. Бұл мәлімет теңгенің динамикасына әсер етуі мүмкін.
Алдағы аптада бір доллар 398-408 теңге, бір еуро 447-463 теңге, бір рубль 5,68-5,88 теңге, бір юань 56,4-57,5 теңге болады.