Валюта болжамы: 22 маусым - 26 маусым

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
403,500

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
20.6.2020
400-410
ГК «ФИНАМ»
20.6.2020
398-406
Forex Club
20.6.2020
401-403
DAMU Capital Management
20.6.2020
395-415
SoftLink
20.6.2020
397-410
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,761

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
20.6.2020
5,75-5,85
ГК «ФИНАМ»
20.6.2020
5,65-5,9
Forex Club
20.6.2020
5,5-5,8
DAMU Capital Management
20.6.2020
5,75-5,85
SoftLink
20.6.2020
5,68-5,88
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
453,200

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
20.6.2020
450-460
ГК «ФИНАМ»
20.6.2020
448-459
Forex Club
20.6.2020
450-453
DAMU Capital Management
20.6.2020
440-460
SoftLink
20.6.2020
447-465
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
57,160

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
20.6.2020
57-58
ГК «ФИНАМ»
20.6.2020
56-58
Forex Club
20.6.2020
56,7-57
DAMU Capital Management
20.6.2020
55-60
SoftLink
20.6.2020
56,4-57,5

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (22 маусым – 26 маусым).

22 маусым - 26 маусым

 

15 маусым - 19  маусымға арналған валюта болжамы

 

 

Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар осы жолы да мұнай нарығындағы өзгерістерге тоқталды. Шикізаттың өсуі теңге бағамына оң әсерін тигізді. Сондай-ақ ОПЕК+ елдерінің жиыны мен АҚШ-тағы мұнай қоры мен жанармайдың азаюы да нарыққа ықпал етті. Сарапшылар бұдан бөлек пандемияның екінші толқыны басталады деген болжамды, АҚШ пен Қытай арасындағы дауды, Қытай мен Үндістан шиеленісін, Ресейдегі пайыздық мөлшерлеменің төмендеуін сөз етті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

22 маусым - 26 маусымКелесі аптада да теңге бағамы шикізат бағасына тәуелді болады. Нарықтағы тұрақтылық қазақстандық валюта үшін қолайлы. Шекаралар ашылып, карантиндік шаралар біртіндеп қысқартылып жатқандықтан теңгенің тағы да нығаюы ықтимал. Brent сұрыпты мұнай баррелі 42 долларға саудаланып жатыр. Дегенмен мұнайға деген сұраныс аз, оның үстіне америкалық мұнай қоры көбейген.

Келесі аптада бір доллар 400-410 теңге болуы мүмкін. Ал бір еуро 450-460 теңге, бір рубль 5,75-5,85 теңге, ал бір юань 57-58 теңге болады.

 

 

 

 

Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:

22 маусым - 26 маусымӨткен сауда қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары әр түрлі нәтиже көрсетті. S&P 500 индексі 0,06%-ға көтеріліп, 3115,34 пунктке тірелді.  Dow Jones индексі 0,15%-ға кеміп, NASDAQ индексі 0,33%-ға өсті. АҚШ-тың 10-жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі төрт базистік пунктке төменеп, 0,70% болды. Германияның 10-жылдық қазынашылық облигациялары да екі базистік пунктке өсіп, -0,41% болды. Brent cұрыпты мұнай баррелінің бағасы 1,89%-ға көтеріліп, 41,48 долларға жетті.

Шикізаттың қымбаттауына ОПЕК+ жиыны себеп болды. Жиын барысында Қазақстан мен Ирак мамыр айында қысқартпаған өндіріс көлемін шілде және қыркүйек айларында азайту туралы жоспарын жариялады.

Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 398-406 теңге, бір рубль 5,65-5,9 теңге, бір еуро 448-459 теңге, бір юань 56-58 теңге болады.

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС-ның бас директоры:
22 маусым - 26 маусымОсы аптада нарықтағылардың алаңдаушылығын тудырған пандемияның екінші толқыны басталады деген болжамдар болды. Егер індет өршісе, сұраныс құлдырап, мұнай бағасы қайтадан түсіп кетеді.

ОПЕК+ елдерінің бірқатары келісімді толықтай орындай алмай отыр. Соған қарамастан мұнай бағасы өсуде. Демек алдағы уақытта да шикізат қымбаттауы мүмкін деген сөз.

Қазір геосаяси жағдай да тұрақты емес. АҚШ пен Қытай, Үндістан мен Қытай араларындағы шиеленіс өршіп барады. 

Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 395-415 теңге, бір еуро 440-460 теңге, бір рубль 5,75-5,85 теңге, бір юань 55-60 теңге болады. 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

22 маусым - 26 маусымТеңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған мұнай бағасының көтерілуі түрткі болды. ОПЕК+ жиыны өткеннен кейін, сұраныс артады деген белгілер пайда болды. Кездесу барысында өндірушілер келісімнің 87%-ын орындағаны жарияланды.

Қазақстан өндіріс көлемін қысқарту туралы жоспардың тек 71%-ын жүзеге асырған екен. Бірақ еліміз тамыз айында белгіленген талаптарды толықтай орындамақ.

Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 401-403, EUR/KZT – 450-453, RUB/KZT – 5,5-5,8, CNY/KZT – 56,7-57.

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:

22 маусым - 26 маусымӨткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы сәл өзгерді. Мұнай бағасының көтерілуі теңгенің нығаюына әсер етті. Сонымен қатар Қазақстандағы макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуі де валютамызға серпін берді. ЖІӨ қаңтар және мамыр аралығында төменеп, 1,7% болды. Бұған карантин кезінде қызметтердің 6,2%-ға қысқаруы әсер еткен. Ал тауар өндірісі 4,8%-ға өскен. 

Алдағы аптада бір доллар 397-410 теңге, бір еуро 447-465 теңге, бір рубль 5,68-5,88 теңге, бір юань 56,4-57,5 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу