Валюта болжамы: 1 маусым – 5 маусым

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
413,438

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
29.5.2020
405-415
ГК «ФИНАМ»
29.5.2020
412-423
Forex Club
29.5.2020
411-413
Астана-Инвест
29.5.2020
412-417
DAMU Capital Management
29.5.2020
410-425
Wall Street Invest Partners
29.5.2020
410-415
Gold Mining Capital
29.5.2020
408-415
SoftLink
29.5.2020
407-417
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,809

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
29.5.2020
5,70-5,90
ГК «ФИНАМ»
29.5.2020
5,65-5,9
Forex Club
29.5.2020
5,7-5,9
Астана-Инвест
29.5.2020
5,7-5,9
DAMU Capital Management
29.5.2020
5,85-5,95
Wall Street Invest Partners
29.5.2020
5,80-5,85
Gold Mining Capital
29.5.2020
5,6-5,9
SoftLink
29.5.2020
5,73-5,92
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
461,625

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
29.5.2020
448-460
ГК «ФИНАМ»
29.5.2020
453-461
Forex Club
29.5.2020
496-498
Астана-Инвест
29.5.2020
450-470
DAMU Capital Management
29.5.2020
450-460
Wall Street Invest Partners
29.5.2020
454-459
Gold Mining Capital
29.5.2020
454-460
SoftLink
29.5.2020
450-463
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
57,700

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
29.5.2020
57-58
ГК «ФИНАМ»
29.5.2020
57-59
Forex Club
29.5.2020
57,4-57,6
Астана-Инвест
29.5.2020
57-59
DAMU Capital Management
29.5.2020
55-60
Wall Street Invest Partners
29.5.2020
57,60-58,60
Gold Mining Capital
29.5.2020
56-58
SoftLink
29.5.2020
57-59

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (1 маусым – 5 маусым).

1 маусым – 5 маусым

 

25 мамыр - 29 мамырға арналған валюта болжамы

 

 

 

Осы аптада inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленісті тағы да сөз етті. Қос алпауыт тартысы теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамына кері әсерін тигізетін триггерлердің қатарында.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

1 маусым – 5 маусым Мамырда қазақстандық валютаның долларға қатысты бағамы нығайды. Алдағы уақытта да теңгеге мұнай бағасы әсер етпек. Пандемияға қатысты ақпарат толқыны бәсеңдегенімен, дегенмен оның салдары барлығын алаңдатып отырғаны сөзсіз.

Келесі аптада бір доллар 405-415 теңге болуы мүмкін. Ал бір еуро 448-460 теңге, бір рубль 5,70-5,90 теңге, ал бір юань 57-58 теңге болады.

 

 

 

 

 

Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:

1 маусым – 5 маусым

Өткен сауда қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары нашар нәтиже көрсетті. S&P 500 индексі 0,21%-ға төмендеп, 3029,73 пунктке тірелді.  Dow Jones индексі 0,58%-ға кеміп, NASDAQ индексі 0,46%-ға азайды. АҚШ-тың 10-жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі бір базистік пунктке көтеріліп, 0,69% болды. Германияның 10-жылдық қазынашылық облигациялары да бір базистік пунктке төмендеп, -0,42% болды. Brent cұрыпты мұнай баррелінің бағасы 1,9%-ға көтеріліп, 35,47 долларға жетті.

Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 412-423 теңге, бір рубль 5,65-5,9 теңге, бір еуро 453-461 теңге, бір юань 57-59 теңге болады.

 

 

 

 

Мурат Кастаев, генеральный директор ТОО «DAMU Capital Management»:

1 маусым – 5 маусым

Осы аптада теңге тұрақтылық танытты. Бұған салықтық апта мен мұнай бағасының тұрақтылығы әсер етіп отыр. Brent сұрыпты мұнай бағасы 34 және 36 доллар аралығында болды. Еске сала кетейін, еліміздің мемлекеттік бюджет жыл соңына дейін мұнайдың бағасы 20 доллар болады деген есеппен қарастырылған еді. Сондықтан шикізат нарығындағы қазіргі ахуал теңге үшін қолайлы.

Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 410-425 теңге, бір еуро 450-460 теңге, бір рубль 5,85-5,95 теңге, бір юань 55-60 теңге болады.

 

 

 

 

Данияр Жұмекенов, Wall Street Invest Partners аналитигі:

1 маусым – 5 маусым

Мамыр айында теңге бағамы 4 пайызға нығайды. Бұған Федералдық қор жүйесі мен Еуропалық орталық банкі қабылдаған ынталандыру шаралары түрткі болды. Енді теңгенің долларға қатысты бағамы 412-ге көтерілуі мүмкін. Егер де жаһандық нарықтағы жағдай ретке келсе, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 407-ге дейін нығаюы ықтимал.

Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 410-418, EUR/KZT – 454-459, RUB/KZT – 5,80-5,85, CNY/KZT – 57,60-58,60.

 

 

 

 

Ерлан Койшибаев, аналитик Gold Mining Capital:

1 маусым – 5 маусым

Мамыр айында мұнай бағасы пандемияға қатысты ахуалдың біртіндеп реттелуіне байланысты өсті. Бірақ Вашингтон мен Бейжің арасындағы дау нарыққа кері әсерін тигізуі мүмкін. Еліміздегі қор биржасының индексі айлық көрсеткіште 74,15 пунктке немесе 3,29%-ға көтеріліп, 2324,92 болды. Оның капитализациясы 5401,3 млрд теңге.

Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 408-415, EUR/KZT – 454-460, RUB/KZT – 5,6-5,9, CNY/KZT – 56-58 болады.

 

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

1 маусым – 5 маусым

Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған еліміздің шектеу режимінен ақырындап шығуы себеп болып отыр. 1 маусымнан бастап ауыл шаруашылығы экспортына салынған тыйым күшін жояды. Дегенмен америкалық мұнай қорының көлемі туралы соңғы мәлімет теңгеге кері әсерін тигізуде. Келесі аптада шикізат нарығындағы тұрақсыздыққа байланысты теңге де құбылуы мүмкін.

Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 411-413, EUR/KZT – 496-498, RUB/KZT – 5,7-5,9, CNY/KZT – 57,4-57,6.

 

 

 

 

Серік Қозыбаев, «Инвестиционный дом «Астана-Инвест» АҚ инвестициялық анализ бөлімінің басшысы:

1 маусым – 5 маусым

Теңге бағамына әдеттегідей мұнай әсер етуде. Тағы бір факторды ескере кету керек. Бұл – АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс. Дегенмен нарықтағы жағдай тұрақты. ОПЕК+ алдағы уақытта қысқарту туралы қабылданған құжат мерзімін ұзартуы мүмкін.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 412-417 теңге, бір еуро 450-470 теңге, бір юань 57-59 теңге, бір рубль 5,7-5,9 теңге болады.

 

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, Softlink сарапшысы:

1 маусым – 5 маусым

Өткен аптада теңгенің қытайлық юань мен долларға қатысты бағамы нығайып, еуро мен рубльге қатысты бағамы әлсіреді. Бұған сыртқы факторлар әсер етті. Осы аптада елімізде мамырдағы инфляция мен сәуірдегі ЖІӨ-ге қатысты мәлімет жарияланады. Бұл деректер теңге динамикасына ықпал етуі мүмкін.

Алдағы аптада бір доллар 407-417 теңге, бір еуро 450-463 теңге, бір рубль 5,73 теңге, бір юань 57-59 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу