Солтүстік Қазақстанда басына шеге атылған ер адам аман қалды

Оқыс оқиға Солтүстік Қазақстан облысында болған.  

Солтүстік Қазақстанда басына шеге атылған ер адам аман қалды Фото: Петропавл көпбейінді ауруханасы

Жөндеу жұмысын жүргізу барысында 51 жастағы ер адамның басынан қатты жарақат алғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Петропавл қалалық көпбейінді ауруханасы рентгендік зерттеуден кейін мынадай қорытынды шығарған. Пневматикалық пистолетпен атылған шеге ер адамның құлағы маңына кіріп, мойын омыртқасы жанын тесіп өткен. 

Ақ халаттылардың сөзінше, маңызды мүшелердің зақымдануына сәл ғана қалған. 

– Мойын тұсынан жарақат алу – аса қауіпті. Өйткені, мойын арқылы ірі қан тамырлары, жүйке жүйесі, тыныс алу жолы және жұлын өтеді. Саймандармен жұмыс істегенде қауіпсіздің ережесін сақтау керек. Қорғаныш заттарын пайдаланып, жарақат алған жағдайда бірден дәрігерге көрінген жөн, – дейді дәрігерлер. 

Қазіргі уақытта жақ-бет хирургтері шегені алып, тиісті ем-дом жасаған. Кейін жараны тігіп, науқасты бірқатар ұсыныммен үйге шығарған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу