RU KZ
TV
RU KZ
FTSE 100 7 299,19 РТС 1 213,35 KASE 2 397,52 DOW J 25 919,38 Hang Seng 29 336,29 Өнеркәсібі 1 928,50
$ 375.9 € 426.65 ₽ 5.82
Ауа райы:
1Астана
12Алматы
FTSE 100 7 299,19 РТС 1 213,35
KASE 2 397,52 DOW J 25 919,38
Hang Seng 29 336,29 Өнеркәсібі 1 928,50
$ 375.9 € 426.65 ₽ 5.82

Валюта болжамы

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

14 қаңтар – 18 қаңтар

мұрағат

Atameken Business теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (14 қаңтар – 18 қаңтар).

Теңгенің алдағы аптадағы жағдайына сыртқы факторлар негіз болады. Оның ішінен abctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар екінші апта қатарынан АҚШ пен Қытай арасындағы сауда байланысының бірқалыпқа келу әлеуетін атап отыр (ARUM Capital, Wall Street Invest Partners). Сондай-ақ АҚШ ФРЖ-сының пайыздық мөлшерлемені арттыру мәселесі бойынша позицияны  жұмсарту туралы мәлімдемесі де («ФИНАМ» КТ, ARUM Capital) бар.

Сонымен қатар барлық сарапшы энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайға тоқталды. Сарапшылар алдағы уақытта Саудияның АҚШ пен Азия елдеріне экспортталатын мұнай бағасын көтеретініне (ARUM Capital) және ОПЕК елдері мен Саудияда мұнай өндіру қысқаратынына («Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ) ерекше тоқталды.

Сондай-ақ сарапшылар америкалық валютаның әлсіреуі мен Ресей қаржы министрлігінің бюджеттік ереже аясында валюталарды сатып алатынына («Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, Wall Street Invest Partners, ARUM Capital) және Ұлыбритания парламентінде Brexit бойынша дауыс беру мен Францияның ІЖӨ бойынша жаңа мәліметтеріне, қазақстандық және ресейлік реттеушілердің ақша-несие саясатына, Бүкіләлемдік банктің Қазақстан ІЖӨ-сінің өсуі туралы жағымсыз болжамына (IFC Markets) мән берді.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:

Бейсенбі күні америкалық биржа алаңдары өсім көрсетті. Оған ФРЖ басшысының Вашингтондағы экономикалық клубта сөйлеген сөзі себеп болды.

S&P 500 индексінің фьючерсі 0,45%-ға өсіп, сауданы 2596,94 көрсеткішімен жапты. Өндірістік Dow Jones индексі 0,5 %-ды қосып алды, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,42%-ға көтерілді. 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі екі базистік көрсеткішке 2,7314%-ға дейін өсті, ал дамушы нарықтардың MSCI индексі бес апта ішінде 0,4%-ға ең жоғарғы деңгейге дейін көтерілді.

Джером Пауэлл америкалық реттеушінің 2018 жылғы соңғы отысырындағы хаттамасында айтылғандардан үзінді келтірді. Оның бірі егер экономикадағы жағдай нашарлайтын болса, ФРЖ өзінің саясатын түзетуі мүмкін екендігі жайлы болды. Әуелі Пауэлл ФРЖ балансының мөлшері қазіргіге қарағанда біршама аз болатынын айтты. Бұл нарықтардан өтімділіктің бірте-бірте кетуінің жалғасатынын көрсетеді.   

S&P 500 индексі 2018 жылдың желтоқсанындағы ең төмен көрсеткіштен қазір шамамен 11%-ға өсті және оның одан әрі өсуі 2600 көрсеткіш деңгейінен асып түсуі мүмкін.

Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай котировкасы 0,28%-ға төмендеп, Brent эталондық маркасы бойынша 61,20 доллар болды.

Желтоқсандағы төмендеуден кейін, Brent және WTI мұнай фьючерстері 20%-ға көтерілді. Алайда америкалық биржадағы ойыншылардың көңіл-күйіне қарай мұнай бағасы қатты өзгеруі мүмкін.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,3-5,6 теңге, долларға қатысты бағамы 375--381 теңге және еуроға қатысты бағамы 431-436 теңге болады деп болжап отырмыз. 

Владислав Воробьёв, ARUM Capital компаниясының аға сарапшысы:

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда даулары шешіледі деген үміттің арқасында жаһандық нарықта оптимистік көңіл-күйдің болуы – дамушы елдердің валютасы мен қазақстандық теңгенің нығаюына басты себеп. Жанжалдың күшеюі әлемдік экономиканың өсу қарқынына жағымсыз әсер етеді, сондай-ақ шикізатқа деген сұранысқа да кері әсерін тигізіп, бұл мұнай бағасына қысым болады. Егер екі ел басшысының келіссөзі тағы бір шешімге келмей тығырыққа тірелер болса, онда ойыншыдардың көңілі су сепкендей басылып, активтердің жаппай сатылымы орын алуы мүмкін. Тап қазіргі уақытта бағамның тек қысқамерзімді уақытқа нығайғаны туралы айтуға болады.

Ал әзірге АҚШ ФРЖ-сының пайыздық мөлшерлемені арттыру мәселесіне қатысты позициясы жұмсаруы және оның артынша доллардың әлісеруі теңге үшін көмек болары анық. Бұл жағдай теңгеге кезекті жағымсыз жағдай орын алғанға дейін өзін ұстап тұруға күш болады. Теңгеге әсер етуші факторлар болмаса, бір доллар үшін 374-378 теңге бір еуро үшін 425-429 теңге ауқымында саудаланатын болады.

Brent маркалы мұнай бағасы ай басынан бері өсіп, соңғы сауда аптасында 7%-ға қымбаттаған. Дегенмен, сатып алу жалғасу үшін америкалық валютаның әлісеруімен және Саудияның АҚШ пен Азия елдеріне экспортталатын мұнай бағасын көтеруінен басқа қосымша катализаторлар қажет.

Қазақстандық теңгеге әсер еткен жағымды факторлар ресейлік валютаға да әсер етіп отыр. Алайда сейсенбі күні жағдай нашарлауы мүмкін. Ресей орталық банкі бюджеттік ереже аясында операцияларды қайта бастайды. Ал бұл рубль бағамына кері әсер етуі мүмкін. Бір руль 5,60-5,65 теңге болады деп болжанып отыр.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

Өткен аптада мұнай бағасының өсуі мен доллардың әлсіреуінен рубльдің долларға қатысты бағамы нығайды. ОПЕК елдерінің өндіруді қысқарту есебінен және Саудияның өндірісті қысқартуы туралы жаңалығының арқасында мұнай бағасы өсті.

Ресей қаржы министрлігінің келесі аптада валюталарды сатып алуы рубль үшін жағымсыз болады. Сондықтан рубль әлсірейді деп айта аламын, оның артынша теңгенің әлсірейтіні анық. Мұнай да өсу деңгейіне жеткен сияқты, сондықтан ол да қазіргі шамада саудаланатын болады. Яғни бір барелль 60 доллар немесе одан төмен болмақ.

Алдағы аптада бір АҚШ доллары 68,5-70,5 рубль, бір рубль 5,4-5,6 теңге, бір доллар 375-380 теңге, бір еуро 430-440 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 60-63 доллар, биткойн 3000-3300 доллар болады деген болжам жасап отырмын.

 

 

Данияр Жұмекенов, Wall Street Invest Partners сарапшысы:

Қытай мен АҚШ арасындағы үш күндік келіссөздің жақсы аяқталуынан өткен апта оптимизмге толы болды. Мұнай бағасы өсті. Brent маркалы мұнай бағасы жоғалтқан позициясын жылдам қалыпқа келтіріп, қазір бір баррелі 62 доллардан саудаланып жатыр. Нарық қатысушылары әлі де сақтық танытып отыр. Бұл алтын бағасының өсуінен байқалады. Сары металл бағасы бір троя унициясы үшін 1280-1295 доллар арасында тұр.

ФРЖ-ның жақында өткен отырысы хаттамасының жарық көруі де нарық қатысушылары үшін қысым болып отыр. ФРЖ-ның 2019 жылғы ақша-несие саясатына қатысты жаңа сұрақтар туындады. Әлемдік нарық АҚШ-тағы Shutdown қысымының астында отыр. Бұл АҚШ рейтингін төмендетуге әкелмес пе екен? Мұндай жағдайда доллар қозғалысында құбылмалық болады.

Өткен апта еуропалық валюталардың долларға қатысты бағамының нығайғанымен есте қалды. Алдағы сейсенбіде Ұлыбритания парламентінде Brexit бойынша дауыс беру жоспарланып отыр. Францияның 2018 жылдың 4 тоқсанындағы ІЖӨ-сіне қатысты жаңа мәліметтерінен кейін еуро бағамы өзгеруі мүмкін.

Мұнай бағасының өсуінен қазақстандық теңге мен ресейлік рубль өз позицияларын нығайтты. Алайда алдағы уақытта қара алтын бағасының қарқынды өсуі екіталай. Инфляцияның күшеюі мен валюталарды сатып алудың басталуынан рубль позициясын жоғалтады. Қазақстандық теңге бұрынғыша мұнай бағасы мен рубль қозғалысына тәуелді.

14 қаңтар мен 20 қаңтар аралығында бір доллар 375-380 теңге, бір еуро 430-435 теңге және ресейлік рубль 5,45-5,65 теңге болады деп отырмыз.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

Өткен аптада теңгенің доллар, рубль және еуроға қатысты бағамы шамалы әлсіреді. Нарық қатысушыларының басым бөлігі Ұлттық банк 14 қаңтар күнгі отырысында мөлшерлемені қазіргі 9,25% шамасында сақтап қалады деп отыр. Бұған өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда инфляцияның  2017 жылғы 7,1%-дан 5,3%-ға дейін төмендеуі көмек болады.

Ал Ресейдегі инфляция 2018 жылға болжанған болжамнан асып кетіп, 4,3% болды. 2019 жылы ол 5-5,5%-ға дейін көтерілуі мүмкін. Осының салдарынан нарық қатысушылары 8 ақпан күнгі отырыста Ресей орталық банкі негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеруі мүмкін дегенді айтып отыр. Қазір ол 7,75%. Ақша саясаты бағытындағы айырмашылық теңгенің рубльге қатысты бағамын әлсіретуі мүмкін.

Доллар мен еуро бағамы үшін Бүкіләлемдік банктің 2019 жылы Қазақстандағы ІЖӨ-ның өсуі туралы болжамы жағымсыз фактор болуы мүмкін.

Құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,55-5,67 теңге, бір доллар үшін 373-380 теңге, бір еуро 428-436 теңге болады деп болжап отырмыз.