Валюта болжамы: 14 қыркүйек – 19 қыркүйек

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
428,358

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
12.9.2020
430-430
Forex Club
12.9.2020
427-429
ГК «ФИНАМ»
12.9.2020
425,85-428,30
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,733

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
12.9.2020
5,55-5,75
Forex Club
12.9.2020
5,7-5,9
ГК «ФИНАМ»
12.9.2020
5,55-5,95
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
504,250

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
12.9.2020
490-515
Forex Club
12.9.2020
504-506
ГК «ФИНАМ»
12.9.2020
503-507,50
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
62,400

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
12.9.2020
61-63
Forex Club
12.9.2020
62,3-62,6
ГК «ФИНАМ»
12.9.2020
62-63,50

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады. 

14 қыркүйек – 19 қыркүйек

 

7 қыркүйек – 11 қыркүйек 

 

 

Мұнайдың арзандауы  – қазақстандық валютаның әлсіреуіне әсер етіп отырған негізгі фактор. Inbusiness.kz басылымына өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар осыны атап өтті. Олардың ойынша, америкалық мұнай қорының көбеюі шикізат нарығын тұрақсыздандырып отыр. Сонымен қатар олар жаһандық нарықтағы құбылмалылық, АҚШ-тағы президент сайлауы мен коронавирус пандемиясына да тоқталды.  

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитігі: 

14 қыркүйек – 19 қыркүйек

Осы айдың ортасына қарай теңгенің бағамы әлсіреді. Бұған әлемдік нарқтағы ахуал мен мұнайдың арзандауы ықпал етіп отыр. Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы қазір 40 доллар шамасында. Бұл теңге үшін жақсы көрсеткіш емес. Шикізатқа тәуелді экономика мен оның валютасына мұнайдың қымбат болуы тиімді екені белгілі. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 430 теңге, бір еуро 490-515 теңге, бір юань 61-63 теңге, бір рубль 5,55-5,75 теңге болады. 

 

 

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

14 қыркүйек – 19 қыркүйек

Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы тағы да әлсіреді. Әлемдік мұнай бағасының төмендеуі қазақстандық валютаның осындай күйге ұшырауына әкеліп соқты. Қазір Brent бағасы 40 доллар. АҚШ-та мұнайдың коммерциялық қоры көбейді деген ақпарат жарияланған соң, инвесторлардың күдігі өрши түсті.Күзде індеттің басылмауы мен АҚШ-тағы сайлауға байланысты нарықта тұрақсыздық орнайды. Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 427-429 теңге, бір еуро 504-506 теңге, бір рубль 5,7-5,9 теңге, бір юань 62,3-62,6 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

Серік Қозыбаев, «Инвестиционный дом» Астана-Инвест» АҚ инвестициялық анализ бөлімінің басшысы: 

14 қыркүйек – 19 қыркүйек

11 қыркүйекте мұнай бағасы төмендеді. Негативті динамиканың себебі – қаржы нарығындағы құбылмалылық, АҚШ-тың энергетика министрлігінің соңғы деректері. Өткен аптада бұл елдегі мұнайдың коммерциялық қоры 2,03 млн баррельге өсті, ал дистиллят қоры 1,68 млн баррельге артқан. Қордың көбеюіне америкалық мұнай өңдеуші зауыттардың сұрапыл дауылға байланысты өндірісті  толықтай жандандырмауы себеп болды. Біздің болжам бойынша,алдағы аптада бір доллар 425,85-428,30 теңге, бір еуро 503-507,50 теңге,бір юань 62-63,50 теңге, бір рубль 5,55-5,95 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу