Валюта болжамы: 7 қыркүйек – 11 қыркүйек

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
421,000

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
05.9.2020
418-422
Forex Club
05.9.2020
421-423
Астана-Инвест
05.9.2020
420-425
SoftLink
05.9.2020
418-423
DAMU Capital Management
05.9.2020
415-425
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,670

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
05.9.2020
5,50-5,85
Forex Club
05.9.2020
5,7-6
Астана-Инвест
05.9.2020
5,55-5,65
SoftLink
05.9.2020
5,5-5,7
DAMU Capital Management
05.9.2020
5,6-5,65
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
499,000

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
05.9.2020
490-515
Forex Club
05.9.2020
497-499
Астана-Инвест
05.9.2020
493-503
SoftLink
05.9.2020
491-502
DAMU Capital Management
05.9.2020
495-505
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
61,640

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
05.9.2020
61-63
Forex Club
05.9.2020
61,5-61,9
Астана-Инвест
05.9.2020
61-62
SoftLink
05.9.2020
60,5-61,5
DAMU Capital Management
05.9.2020
61-63

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (7 қыркүйек – 11 қыркүйек).

7 қыркүйек – 11 қыркүйек

 

31 тамыз – 4 қыркүйекке арналған валюта болжамы

 

 

Бірқатар сарапшы  теңге бағамына сыртқы факторлар әсер етеді деген пікірде. ОПЕК елдерінің өндіріс көлемін бұрынғы қалыпқа келтіруінен арзандап жатқан мұнай құны мен сұраныстың азаюы валютаға  әсер етіп отыр. Сонымен қатар олар өз болжамдарында доллардың басқа валюталарға қатысты индексінің өсімін атап өтті. Және қазақстандық экономиканың көрсеткіштері мен ҚР Ұлттық банкінің пайыздық мөлшерлемеге қатысты отырысына тоқталды.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитігі:

7 қыркүйек – 11 қыркүйек

Қыркүйек айының басы теңгенің доллар мен еуроға қатысты бағамдары үшін ауыр кезең болады. Мұнай нарығындағы жағдай мәз емес. Brent сұрыпты мұнай баррелі 43,80 долларға саудаланып жатыр, әлі нарық оңала қоймады. Бұл факторлар теңгеге кері әсер ететіні сөзсіз. Бірақ айтарлықтай жағымсыз ықпал болмайды. Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 418-422 теңге, бір еуро 490-515 теңге, бір юань 61-63 теңге, бір рубль 5,50-5,85 теңге болады.

 

 

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

7 қыркүйек – 11 қыркүйек

Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. ҚР Ұлттық банкінің пікірінше, ұлттық валютаның әлсіреуіне бірнеше фактор түрткі болып отыр. Мысалы, әлемдік нарықта доллардың нығаюы, күзде америкалық мұнай өңдеуші зауыттардың уақытша жабылуы, ОПЕК елдерінің өндірісті жандандыруы сияқты факторлар бар. Навальныйдың улануы мен Беларусьтағы ереуілдер рубльдың әлсіреуіне әкеліп соқты, артынан теңге де құнын жоғалтып жатыр.

Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 421-423 теңге, бір еуро 497-499 теңге, бір рубль 5,7-6 теңге, бір юань 61,5-61,9 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

Серік Қозыбаев, «Инвестицияонный дом» Астана-Инвест» АҚ инвестициялық анализ бөлімінің басшысы:

7 қыркүйек – 11 қыркүйек Теңге бағамы рубльға сәл де болса тәуелді екені белгілі. Қазір рубльға тұрақты мұнай бағасы мен әлсіз доллар қолдау болып отыр. Ал Навальныйға байланысты санкциялар, пандемияның өршуі мен Беларусьтағы жағдайдың ушығуы рубльға кері әсерін тигізуі мүмкін. Теңге мен рубль бағамы 5,8-ден 5,6-ға төмендеді. Ұлттық Банк осы орайда интервенция жасаған болуы мүмкін. Келесі аптада теңге сәл әлсіреуі ықтимал.

Менің болжамым бойынша, бір доллар 420-425 теңге, бір еуро 493-503 теңге,бір юань 61-62 теңге, бір рубль 5,55-5,65 теңге болады.

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:

7 қыркүйек – 11 қыркүйек

Өткен аптада теңгенің доллар мен юаньға қатысты бағамы әлсіреп, рубль мен еуроға қатысты бағамы нығайды. Бұған доллардың әлемдік валюталарға қатысты индексінің өсуі мен шикізат бағасының төмендеуі себеп болды. АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейінің өзгермеуі кесірінен жаһандық сұраныс азайып, Brent өткен аптада 2%-ға арзандады.  Қазақстандық экономиканың көрсеткіштері тұрақты. Қаңтар және тамыз айлары аралығындағы инфляция 4,6% болды. Тамызда көрсеткіш 7% деңгейінде тіркелді. Бұған дейін Ұлттық банкі 8-8,5% болады деп болжаған еді. Қазіргі инфляция деңгейі пайыздық мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік бермейді.

Келесі аптада бір доллар 418-423 теңге, бір еуро 491-502 теңге, бір рубль 5,5-5,7 теңге, бір юань 60,5-61,5 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

7 қыркүйек – 11 қыркүйек Америкалық қор нарығындағы көрсеткіштер өткен аптада құбылды. Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны арзандап, 40 доллардан түсіп кетті. Егер де осылай жалғасса, теңге кері әсерін сезуі мүмкін. Бірақ инвесторлар бұл жай ғана реттеу шаралары деген пікірде. 7  қыркүйекте ҚР Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдайды. Біздің ойымызша көрсеткіш еш өзгермейді.

Келесі аптада бір доллар 415-425 теңге, бір еуро 495-505 теңге, бір юань 61-63 теңге, бір рубль 5,6-5,65 теңге болады деп ойлаймын.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу