Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
29.8.2020 |
419-422 |
ГК «ФИНАМ»
29.8.2020 |
419,80-421,80 |
Forex Club
29.8.2020 |
420-422 |
SoftLink
29.8.2020 |
417-423 |
DAMU Capital Management
29.8.2020 |
415-425 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
29.8.2020 |
5,50-5,85 |
ГК «ФИНАМ»
29.8.2020 |
5,55-5,95 |
Forex Club
29.8.2020 |
5,6-6 |
SoftLink
29.8.2020 |
5,5-5,8 |
DAMU Capital Management
29.8.2020 |
5,65-5,75 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
29.8.2020 |
490-515 |
ГК «ФИНАМ»
29.8.2020 |
497,50-501 |
Forex Club
29.8.2020 |
498-499 |
SoftLink
29.8.2020 |
490-505 |
DAMU Capital Management
29.8.2020 |
475-485 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
29.8.2020 |
60-62 |
ГК «ФИНАМ»
29.8.2020 |
59-61 |
Forex Club
29.8.2020 |
61,2-61,7 |
SoftLink
29.8.2020 |
60,5-61,5 |
DAMU Capital Management
29.8.2020 |
61-63 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (31 тамыз – 4 қыркүйек).
24 тамыз – 28 тамызға арналған валюта болжамы
Бірқатар сарапшының пікірінше, валюта бағамына сыртқы факторлар әсер етеді. Олар АҚШ-тың Федералды қор жүйесінің симпозиумын, Құрама Штаттардағы президент сайлауын, Вашингтон мен Бейжің қатынасын өз болжамдарында сөз етті. Сондай-ақ мұнай нарығындағы жағдайды, Қазақстандағы коронавирусқа қатысты ахуалды да талқылады.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитігі:
Тамыз айындағы жағдай бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы әлсіреді. Америкалық валюта 420 теңгеге сатылып жатыр. Бұл тенденция жалғасуы мүмкін. Ал мұнай нарығындағы құбылмалылық сейілді, қазір Brent сұрыпты мұнай құны 44-45,50 доллар тұрады. Әлемдік нарықтағы жағдай тұрақсыз. Дамушы елдердің экономикасы көптеген факторларға тәуелді екенін көрсетті. Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 419-422 теңге, бір еуро 490-515 теңге, бір юань 60-62 теңге, бір рубль 5,50-5,85 теңге болады.
Сергей Дроздов, "ФИНАМ" компаниялар тобының аналитигі:
Өткен сауда қорытындысы бойынша америкалық биржа алаңдары әр түрлі көрсеткіштерге ие болды. S&P 500 индексі 0,17%-ға кеміп, 3484,55 пункт болды. Dow Jones индексі 0,57%-ға артып , NASDAQ индексі 0,34%-ға кеміді. АҚШ-тың он жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі бес базистік пунктке көтеріліп, 0,74%-ға дейін өсті. Германияның он жылдық облигацияларының кірістілігі бір базистік пунктке көтеріліп, -0,41% болды.
АҚШ-тың қаржы реттеушісі монетарлық саясатын дәл қазіргі үлгіде жалғастыра беретінін мәлім етті.Brent сұрыпты мұнай бағасы 1,01%-ға төмендеп, 45,19 доллар болды. Мұндай динамикаға «Лаура» жойқын дауылының басылуы себеп болды. Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 419,80-421,80 теңге, бір еуро 497,50-501 теңге, бір юань 59-61 теңге, бір рубль 5,55-5,95 теңге деңгейінде құбылады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Қазақстанда 25 тамызда салықтық апта аяқталғаннан кейін жағымсыз динамика қалыптасты. Елімізде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталды деп айтуға келмейді. Басқа елдердегі ахуал мәз емес, кейбіреулері тіпті шектеу шараларын қайта енгізуге мәжбүр.
Дегенмен қазақстандық валютаға мұнай бағасы оң әсерін беріп отыр. АҚШ-тағы дауылдың кесірінен шикізат өндірісі қысқарып, мұнай бағасы көтерілді. Алдағы аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы құбылуы мүмкін. Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 420-422 теңге, бір еуро 498-499 теңге, бір рубль 5,6-6 теңге, бір юань 61,2-61,7 теңге болады деп ойлаймын.
Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:
Өткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы әлсіреді. АҚШ-тағы Федералды қор жүйесі жоғары инфляцияға төзетін қаржы саясатының жаңа стратегиясын ұсынды. Шілде айында АҚШ-та инфляция деңгейі 1% болды. Бұл қаржы реттеушісі бекіткен қазіргі мөлшерлемеден (0,25%) жоғары. Инвесторларға бұл жайт ұнап отырған жоқ, сондықтан доллар индексі төмендеді. Егер теңгенің долларға қатысты бағамы әлсіресе, алдағы уақытта юань, еуро, рубльге қатысты бағамдары нығаяды.
Келесі аптада бір доллар 417-423 теңге, бір еуро 490-505 теңге, бір рубль 5,5-5,8 теңге, бір юань 60,5-61,5 теңге болады деп ойлаймын.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Тамызда нарық құбылмалылық танытты. Brent сұрыпты мұнай баррелі 44-46 доллар шамасында саудаланды. Шикізат бағасының өсуіне «Лаура» жойқын дауылының әсерінен іркілген мұнай өндірісі әсер етті.Пандемия басылады деген белгі жоқ, нарықтағыларды коронавирус тақырыбы әбден мезі қылды. Сондықтан күзде басқа факторлар ескеріледі. АҚШ қазіргі монетарлық саясатын жалғастыратынын, пайыздық мөлшерелемені алдағы екі жылда көтермейтінін хабарлады. Осы мәлімдемеден кейін дамушы елдердің валюталары нығайып, доллар сәл әлсіреді. Келесі аптада бір доллар 415-425 теңге, бір еуро 475-485 теңге, бір юань 61-63 теңге, бір рубль 5,65-5,75 теңге болады деп ойлаймын.