Валюта болжамы: 24 тамыз – 28 тамыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
419,633

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.8.2020
417-420
ГК «ФИНАМ»
22.8.2020
418,30-421,80
Forex Club
22.8.2020
417,5-419
Астана-Инвест
22.8.2020
420-430
SoftLink
22.8.2020
417-425
DAMU Capital Management
22.8.2020
413-417
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,719

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.8.2020
5,50-5,85
ГК «ФИНАМ»
22.8.2020
5,65-5,95
Forex Club
22.8.2020
5,5-6,5
Астана-Инвест
22.8.2020
5,55-5,70
SoftLink
22.8.2020
5,4-5,63
DAMU Capital Management
22.8.2020
5,65-5,75
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
497,817

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.8.2020
485-525
ГК «ФИНАМ»
22.8.2020
495-498,30
Forex Club
22.8.2020
496,5-499
Астана-Инвест
22.8.2020
490-510
SoftLink
22.8.2020
485-500
DAMU Capital Management
22.8.2020
485-505
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
60,925

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.8.2020
60-61
ГК «ФИНАМ»
22.8.2020
59-61
Forex Club
22.8.2020
60,5-63
Астана-Инвест
22.8.2020
60,5-62,0
SoftLink
22.8.2020
60,3-60,8
DAMU Capital Management
22.8.2020
60-63

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (24 тамыз – 28 тамыз).

 

24 тамыз – 28 тамыз

 

 

17 тамыз – 21 тамызға арналған валюта болжамы

 

 


Сарапшылар бұл жолы да валюта бағамына әсер ететін геосаяси факторларды сөз етті. Олар ОПЕК+ елдерінің өндірісті қысқартуы, Беларусьтағы жағдай, Қытайдың пайыздық мөлшерлмені өзгертпеуі сынды триггерлерге тоқталды. Сондай-ақ америкалық экономиканың көрсеткіштерін, Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленісті, Құрама Штаттардағы президенттік сайлауды да талқылады.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

24 тамыз – 28 тамыз Қазақстандық валютаға келесі аптада қазіргі факторлар әсер етеді. Яғни Brent сұрыпты мұнай бағасының 44-45,5 доллар көлемінде ауытқуы, нарықтың қатерлерге деген ұстанымы назарда болады. Мұнай нарығы тұрақты. Бірақ аталған екінші алаңдатып отыр. Біріншіден, жаһандық индекстерді төмендету керек. Бұл процесс ерте басталса, динамика тұрақты болады. Екіншіден, нарықта айтарлықтай негативті фактор жоқ, сондықтан индекстердің төмендету процесі жай басталады. Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 417-420 теңге, бір еуро 485-525 теңге, бір рубль 5,50-5,85 теңге, бір юань 60-61 теңге шамасында болады.

 

 


 

 

 

Сергей Дроздов, "ФИНАМ" компаниялар тобының аналитигі:

24 тамыз – 28 тамыз Өткен сауда қорытындысы бойынша америкалық биржа алаңдары жоғары көрсеткіштерге ие болды. S&P 500 индексі 0,32%-ға өсіп, 3385,51 пункт болды. Dow Jones индексі 0,17%-ға артып , NASDAQ индексі 1,06%-ға өсті. АҚШ-тың он жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі үш базистік пунктке төмендеп, 0,65%-ға дейін кеміді. Германияның он жылдық облигацияларының кірістілігі екі базистік пунктке төмендеді. 

Brent сұрыпты мұнай бағасы 1,08%-ға төмендеп, 44,87 доллар болды. Бұған әлемдік қор нарығындағы құбылмалылық әсер етті. 

Біздің ойымызша, алдағы аптада бір доллар 418,30-421,80 теңге, бір еуро 495-498,50 теңге, бір рубль 5,65-5,95 теңге, бір юань 59-61 теңге болады.

 

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

24 тамыз – 28 тамыз Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы тағы да әлсіреді. Әлемдік мұнай бағасының көтерілуі ұлттық валютаның нығаюына түрткі болмады. ОПЕК+ елдерінің өндірісті қысқартуы мұнайдың өсуіне оң әсерін берді. Альянс мүшелері тамыз және қыркүйек айларында шикізат өндірісін тағы 2,31 млн баррельге қысқартады. Пандемия нарықты алаңдатып отыр. Өйткені Германия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Бразилия елдерінде науқастар саны өсіп жатыр. Жақын арада мұнай бағасының динамикасы теңгеге ықпал етуі мүмкін. Біздің ойымызша, алдағы аптада бір доллар 417,5-419 теңге, бір еуро 496,5-499 теңге, бір рубль 5,5-6,5 теңге, бір юань 60,5-63 теңге болады.

 

 

 

 

 

Серік Қозыбаев, «Инвестиционный дом «Астана-Инвест» АҚ инвестициялық анализ бөлімінің басшысы:

24 тамыз – 28 тамыз Әлем назары қазір Беларусьта. Бұл елдегі жағдай рубль мен теңгеге әсер етіп отыр. Сондықтан алдағы уақытты ұлттық валюта біраз әлсіреуі мүмкін. Беларусьта Украинадағы сценарийдің қайталануы екіталай. Егер де Александр Лукашенко биліктен өз еркімен кетсе, жағдай тұрақталады. Жалпы, қазір теңгеге қауіп төндіріп отырған тек геосаяси факторлар. Менің келесі аптаға болжамым: бір доллар 420-430 теңге, бір еуро 490-510 теңге, бір рубль 5,55-5,70 теңге, бір юань 60,5-62,0 теңге болады.

 

 

 

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:

24 тамыз – 28 тамыз Теңгенің долларға қатысты бағамы екі апта бойы тұрақтылық танытып отыр. Мен бұны ҚР Ұлттық банкінің ұтымды саясаты деп білемін. Ал қалған валюталарға қатысты бағамы әркелкі өзгерді. Brent сұрыпты мұнай бағасы өткен аптада 3%-ға арзандады. Бұған АҚШ-тағы жұмыссыздыққа қатысты деректер әсер етті. Сондай-ақ Федералды қор жүйесі америкалық экономиканың қалпына келу қарқыны баяу болатынын мәлім етті. Мұнай нарығына сонымен қатар Испания және Франция елдерінде коронавирус жұқтырғандар санының артуы кері әсерін тигізді. Аталған факторлар сұраныстың азаюына әкеліп соғуы мүмкін. Келесі аптада бір доллар 417-425 теңге, бір еуро 485-500 теңге, бір рубль 5,4-5,63 теңге, бір рубль 60,3-60,8 теңге болады.

 

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
24 тамыз – 28 тамыз Сыртқы нарықтағы жағдай тұрақты. Инвесторларды пандемия, АҚШ пен Қытай қарым-қатынасы, Құрама Штаттардағы президенттік сайлау алаңдатып отыр. Сонымен Беларусь та қазір барлығының назарында. Ондағы жағдай осы аймақтағы геосаяси ахуалға қатты әсерін тигізеді. 
Салықтық аптаның басталуы теңгеге әсер ете қоймады. Әдетте ұлттық валюта 1%-ға нығаятын еді. Экспорттаушылардың салықтық төлемдері келесі аптада жүзеге асады, бірақ оның әсері айтарлықтай сезілмейді деп ойлаймын. Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 413-417 теңге, бір еуро 485-505 теңге, бір рубль 5,65-6,75 теңге, бір юань 60-63 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу