Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
13.12.2020 |
417-422 |
ГК «ФИНАМ»
13.12.2020 |
415-420 |
Forex Club
13.12.2020 |
417-419 |
SoftLink
13.12.2020 |
416-423 |
DAMU Capital Management
13.12.2020 |
418-422 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
13.12.2020 |
5,60-5,85 |
ГК «ФИНАМ»
13.12.2020 |
5,60-5,85 |
Forex Club
13.12.2020 |
5,6-5,8 |
SoftLink
13.12.2020 |
5,67-5,77 |
DAMU Capital Management
13.12.2020 |
5,65-5,70 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
13.12.2020 |
480-510 |
ГК «ФИНАМ»
13.12.2020 |
507-511 |
Forex Club
13.12.2020 |
508-510 |
SoftLink
13.12.2020 |
503-513 |
DAMU Capital Management
13.12.2020 |
500-505 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
13.12.2020 |
64-66 |
ГК «ФИНАМ»
13.12.2020 |
63,25-64,25 |
Forex Club
13.12.2020 |
64,1-64,3 |
SoftLink
13.12.2020 |
63,8-64,6 |
DAMU Capital Management
13.12.2020 |
64-64,5 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады.
Сарапшылар қазақстандық валюта алдағы уақытта нығаяды деген пікірде. Олардың айтуынша, мұнайдың қымбаттауы мен вакцинаға қатысты жаңалықтардың арқасында теңге оң көрсеткіштерге ие болады. Болжамда Қазақстан экономикасының қалпына келуіне қатысты деректер мен ҚР Ұлттық банкінің жуырда өтетін отырысын атап өтілді.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
Келесі аптада Қазақстанның валюта нарығында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Доллардың қазіргі индексі төмен, бұл теңге үшін тиімді фактор саналады. Brent мұнайының бір баррелі 50 долларға саудаланып жатыр. Бұл да ұлттық валютаны нығайтқаны анық.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 417-422 теңге, бір еуро 480-510 теңге, бір юань 64-66 теңге, бір рубль 5,60-5,85 теңге болады.
Андрей Маслов, «Финам» КТ сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің доллар мен юаньға қатысты бағамы нығайып, рубль мен еуроға қатысты бағамы әлсіреді. Дамушы елдер валюталарының нығаюына әлемдік нарықтағы қазіргі көрсеткіштер мен коронавирус пандемиясы аяқталады деген болжамдар әсер етті. Brent сұрыпты мұнай бағасы көтеріліп, Үндістанда мұнай өнімдеріне деген сұраныс біртіндеп қалпына келе бастады. S&P және Халықаралық валюта қоры 2021 жылы Қазақстан экономикасының қалпына келуі жоғары деңгейде болады деп отыр.
Келесі аптада бір доллар 415-420 теңге, бір еуро 507-511 теңге, бір рубль 5,60-5,85 теңге, бір юань 63,25-64,25 теңге шамасында болады деп ойлаймыз.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Өткен аптадағы сауда қорытындысы бойынша теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік компанияларды құру туралы мораторийді 2021 жылдың соңына дейін ұзартты. Бұл фактор теңгеге ықпал етті. Қазір эталон маркалы мұнай бағасы өсіп, коронавирусқа қарсы вакциналарды мақұлдау процесі жалғасып жатыр.
Алдағы аптада теңге нығаюы мүмкін. Біздің ойымызша, бір доллар 417-419 теңге, бір еуро 508-510 теңге, бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір юань 64,1-64,3 теңге болады.
Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:
Өткен аптадағы сауда қорытындысы бойынша теңгенің доллар, еуро және юаньға қатысты бағамы нығайып, рубльға қатысты бағамы әлсіреді. Апта соңында Brent баррелі 50 долларға саудаланды. Қараша айында Қазақстан экономикасы айтарлықтай қалпына келмеді. 2020 жылдың қаңтар және қараша айлары аралығында еліміздің ЖІӨ-і 2,8%-ға төмендеді. Қараша айындағы инфляция деңгейі – 7,3%. Дегенмен бұл факторлар теңгеге ықпал етпеді. Өйткені инвесторлардың болжамынша Қазақстан экономикасы 2021 жылдың көктемінде ғана қалпына келе бастайды.
Келесі аптада бір доллар 416-423 теңге, бір еуро 503-513 теңге, бір рубль 5,67-5,77 теңге, бір рубль 63,8-64,6 теңге болады деп ойлаймын.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» бас директоры:
Британия, АҚШ және Канада жаппай вакцинация өткізеді деген жаңалықтан кейін экономикалық белсенділік жанданатыны туралы айтыла бастады. Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 50 доллардан асты. Еуропаның орталық банкі активтерді сатып алу бағдарламасын созып, оның көлемін 1,85 трлн еуроға дейін өсірді. Сондай-ақ мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды. Еуроаймақ ЖІӨ-нің үшінші тоқсанда қалпына келуі бұған дейінгі болжамға қарағанда қарқынды болды. Қытай экспорты мен сауда балансының көрсеткіші де қарашада жоғарылады.
Келесі аптада ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдайды. Біздің болжам бойынша, қаржы реттеушісі бұл көрсеткішті сол күйі қалдырады. Алдағы аптадағы демалыс күндеріне байланысты долларға деген сұраныс артады.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 418-422 теңге, бір еуро 500-505 теңге, бір юань 64-64,5 теңге, бір рубль 5,65-5,70 теңге болады.